Байланысты: Реферат Та ырыбы Та амды майларды ветеринариялы санитариялы
1.Буаздық кезіндегі остеодистрофия, профилактикасы Остеодистрофия сүйек ұлпасында остеомаляция, остеопороз, остеофиброз түрін дистрофиялық өзгерістермен жүретін созылмалы ауру. Ірі қара малда жиі кездеседі. Қазақстанда сиырлар остеодистрофиясының клиникалық белгілерін, балауын және емін Ермаханов, Қамбарбеков зерттеген. Себептері. Алиментарлы остеодистрофияның негізгі себебі азықпен бірге кальций және фосфордың жеткіліксіз келіп түсуі, рационда көмірсулардың, протеннің, Д витаминнің тапшылығы. Ал бұл сүрлемді жомды азықтандыру түрінде, рационда пішен және құрама жемдердің жоқтығында немесе тапшылығында байқалады. Алиментарлы дистрофия малға қымыздық қышқылы көп батпақты жердің шөбін бергеннен рационда кальций мен фосфор қатынасын бұзғандықтан пайда болады. Мұндай жағдай рационда салыстырмалы фосфор көбейгенде байқалады. Буаз малды көп көлемде азықтандырудан туындайтын ацетонемия екінші себепті остеожистрофияға шалдығушылықтан сақтандыру үшін салқын қорада ұстап, мезгілімен серуендетіп тұрған дұрыс. Нәтижелі ұрықтанып, буаз болған сиыр организмінің жүйке гуморальдық жүйесінінң қызметі жаңа бағытта қалыптаса бастайды да, біртіндеп сүт түзілуін реттейтін орталық қызметі әлсіреп қуықтың жетіліп өсіп дамуын реттейтін орталықтың қызметі күшейеді. Сиырларда туындаған остеодистрофияның себептері кетоздың себептеріндей. Рационда пішен және тамыртүйнектілер тапшы жоғары концентратты бірыңға типті азықтандыру, малға сапасыз сүрлем, пішен және басқа да азық бергеннен, малдарды лактациның өтуінде және суалуында шектен тыс азықтандыру, қимылдың азаю және күн сәулесінің жеткіліксіздігі. Туындаған остеодистрофияның пайда болуы рационда кальций, фосфор және басқа да минералды заттардың және белок пен көмірсулардың тапшылығына байлныссыз болады [1,2]. Малдарда энзоотикалық остеодистрофия топырақта және азықтарда марганец, кобальт тапшылығынан никель, магний, стронций және барий шектен тыс болғаннан болады. Кейбір аймақтарда аурудың негізгі себебіне йод, кобальт, мырыш, мыс, молибден тапшылығы хром, никель, ваннадий шектен тыс болуы жатады. Дамуы. Организмге кальций, фосфор, көмірсулар мен протеин келіп түспеуінен және олардың шығысы бұзылғандықтан сүйек ұлпасында ассимиляциялық және диссимиляциялық процестер бұзылып, остеомаляция, остеопороз, остеофиброз дамиды. Организмде қанның электролитті құрамы деңгейін белгілі дәрежеде ұстау үшін сүйек депосынан минералды заттарды пайдалана бастайды. Ал бірақ физиологиялық реттеу ұзаққа созылмайды, оның ұзақтығы азықтарда бұл элементтердің тапшылығына және олардың сіңу дәрежесіне байланысты болады. Егерде жағымсыз факторлар жайлап, қысқа әсер етсе, онда организм кальций мен фосфор тапшылығының орнын сүйек депосынан толтырады, сол себепті ауру сырттай әлсіз байқалады немесе симптомдары жоқ. Остеодистрофияда рахитқа қарама қарсы сүйектің майысуынан сыну басым болады. Д витаминнің және оның белсенді метаболиттерінің жетіспеуі кальций байланыстыратын белоктардың пайда болуын төмендетеді, азықтан кальций мен фосфордың сіңуін азайтады, бұл элементтерді сүйекке тасымалдау және гидроксилапатиттің пайда болуы бұзылады. А витамині жетіспесе сүйекте мукополисахаридтердің және белокты көмірсулы компоненттердің түзілуі төмендейді. С витаминнің тапшылығынан коллаген түзілуі және оның ядросының кристалдануы бұзылады Марганец, мырыш, кобальт және басқа да микроэлементтер жетіспесе, сүйекке кері әсерін тигізеді, ферменттік жүйе бұзылғандықтан остеодистрофия дамиды. Сүйек минералды заттарын жоғалғандықтан, оның деминерализациясы өзінен соң сүйектің буферлі жүйесін, кальций, фосфордың, магний, натрий гомеостазын, қышқылды сілті тепе - теңдігін бұзады. Бұл қанда айналып жүретін йонданған кальций, бейорганикалық фосфор, магний, сілті қорын асатады. Қанда кальций мен магний төмендегендіктен бірыңғай салалы еттердің тонусын бәсеңдетеді, ұлтабар алды қарындардың гипотониясы мен атониясы пайда болады. Ауру ауыр өткенде айналымдағы кальций 1,875 ммолл және оданда төмендегенде жүйке ет қозуы бұзылады, бұлшықеттер салдана бастайды, туындаған остеодистрофияда қарбалас қалқанша, қалқанша және басқада ішкі секреция бездерінің қызметі кетоз және басқада аурулардан бұзылады [2,4]. Қарбалас қалқанша безінің гипофункциясынан паратгормонының бөінуі төмендейді, ал ол Д витаминінің белсенді түрімен қандағы кальцийді реттейді, асқазан ішек жолдарында минералды заттардың сіңуіне қатысады. Паратгормонының тапшылығының салдарынан минералды заттардың сіңуі төмендейді, қанда кальцийдің концентрациясы түседі, бұл элементті сүйектен босатып ала бастауы күшейеді. Мұндай құбылыс бүйрек үсті гликокортикоидты қызметін бұзады, ал бұл малдардың кетозында байқалады. Кетозда трикарбон қышқылдар циклінде ацетил тотығу процесі тежеледі, цитрат түзілуі азаяды, ал бұл кальци иондарын тасымалдайды. Цитрат тапшылығынан сүйекте гидроксилапатит түзуге кальцийді пайдалану процесі әлсірейді. Симптомдары. Шартты түрде аурудың үш кезеңі болады. Бірінші кезеңге мал түгінің, тұяқ, мүйізінің жылтырамауы, азыққа тәбеті болмауы, кез келген затты жеуі, мал өнімінің төмендеуі жатады. Малды жебірлік пайда болады, олар дәстүрлі азықты нашар жейді, бірін - бірі, азық ыдыстарын, қабырғаны жалайды, төсенішті жейді. Бұл сатыда қозу күшейеді, еттердің ширақтылығы артады. Көздің ауыз қуысының кілегейлі қабықтары алиментарлы және энзоотикалық остеодистрофияда бозғылт, ал туындаған остеодистрофияда сарғыш тартады. Күйіс қайыру әлсіз, сирек, мес қарының гипотониясы қатпаршақ бітелуі мүмкін, бүлінген азық жегендіктен әк жалағанан, жемге жарамсыз азықтарды жұтқаннан іш өтеді. Дене қызуы қалыпты. Аурудың бұл сатысында қанның клиникалық және лабороториялық көрсеткіштері аса өзгере қоймайды. Аздап гемоглобин мөлшері эритроциттер саны, анорганикалық фосфор төмендейді, ал сілтілі фосфотаза көбейеді. Екінші кезеңінде сүйек байланыс аппаратттары, еттер зақымдалады. Мал орнынан тұрғанда, жүргенде ауырсынады, ақсайды, бүкірейеді. Сүйектердің деминерализациясынан омыртқа қисаяды, соңғы қабырға түсіп кетеді, жұқарады, бел омыртқалардың көлденең қанаттары қисаяды, соңғы құйрық омыртқалар жұқарады, сіңіп кетеді. Жауырын жұқарады, күрек тістер босайды, буындар жуандайды. Жебірлік қатты байқалады, әсіресе алиментарлы остеодистрофияда. Малдар таяқты ағаш бұтағын, резеңкені, кірпішті тістейді, былғаныш төсенішті жейді. Қоңдылығы төмендейді, өнімділігі күрт төмендейді, сынықтар байқалады, қабырғаларының қабырға шеміршегімен байланысқан басы, сербекте, шоңданай төмпешігі, жіліншік сүйектердің метаэфифизарлы бастары жуандайды. Кеуде деформацияланады, төмен созылады. Еттер ширақталады, клоникалық және тетаникалық тырыспа салдану болуы мүмкін. Тамыр соғуы минутына 60-80 рет, тыныс алуы минутына қырық рет және оданда жоғары, мес қарынның жиырылуы 32. Үшінші кезеңде сүйектер айқын өзгерістермен сипатталады, дене төмпешікті, аяқтар қисайған, бел бүкірейген немесе төмен түскен, қоңдылығы күрт төмендеген. Мал ұзақ мерзім жатады, орнынан зорға тұрады, белсенді қимылы бәсеңдейді. Малды орнынан тұрғызса немесе жүргізсе тетаникалық тырыспа және салданады. Азыққа тәбеті өзгереді, қоңдылығы және өнімділігі күрт төмендейді. Остеосклероз дамыса омыртқа қимылы азаяды.
2. Сиыр мен қой остеодистрофиясы
Этиология. Аурудың пайда болуының негізгі себебі малды кальций тұзымен, фосфор және Д витаминімен толық қамтамасыз етпеу. Көбінесе бұл аурумен буаз малдар және емізулі сиырлар ауырады. Фосфор - кальций малға Д витамині жеткілікті мөлшерде болғанда ғана сіңеді.
Патогенез. Фосфор мен кальций жануардың сүйегінің структурасын құрап қана қоймай физиологиялық зат алмасу процесіне қатысады. Организмде тұз жеткіліксіз болған жағдайда кальций мен фосфор жұмсалады да бұл минералды заттардың азаюына әкеледі. Бұл пройесс ұзаққа созылса малдың остеодистрофияға ұшырауы мүмкін.
Клиникалық белгілері. Остеодистрофия жай өрбиді. Аурудың 3 стадиясын ажыратамыз. Бірінші стадияда малдың тәбеті нашарлап, асқорыту жүйесі нашарлайды. Екінші стадияда ауру малдың ақсауы, тізе буындарының жуандауы қабырға мен омыртқада ауырсыну байқалады. Мал арықтап сүйектің майысуын ажыратамыз. Буаз мал түсік тастайды. Үшінші стадиясында ауру малдың сүйектері жұмсарып, майысып жүрек қызметі нашарлайды, мал әлсізденеді.
Дистрофия (dys - бұзылу, trophe - қоректену) - клеткалардың тканьдердің құрылымының зат алмасуы бұзылуы салдарынан өзгеруі сондықтан дистрофияны зақымданудың бір түрі ретінде қарастырады. Дистрофия кезінде клеткаларда, ткандерде қалыпты жағдайда кездесетін заттардың жойылып кетуімен сипатталатын потологиялық процесс, дистрофиялық өзгерістерге ұшыраған мүшелердің тканьдердің қызметі бұзылады. Этиология. Клеткаларда және тоқымаларда қүрылымдық өзгеріс әкеліп соқтыратын зат алмасуының бұзылуы ішкі және сыртқы факторладың әсерінен болады. Дистрофия даму механизмдерінің ішінде инфильтрациямен декомпозиция ерекше орын алады, олар қомақты көбінесе бір ізді процестің бір сатысы. Саңқилы әсерлерге аса сезімтал келетін торша органеллалары митохондриялар және эндоплазмалық тор - зардапты факторлардың ерекшеліктеріне қарамастан көбінесе біртектес өзгереді. Дистрофия түрлерінң морфологиялық ерекшеліктері әдетте торша мен тоқыма деңгейінде анықталады, оларды гистохимиялық әдістер мен де анықтауға болады. дистрофиялық өзгерістер өте айқын болса дистрофия түрін мүшенің сыртқы көрінісі қарап ажырату қиын емес. Дистрофия түрі өте көп мүше паренхимасы мен стромасының зақымдану дәрежесіне қарай ол паренхималық, мезенхималық және аралас дистрофиялар болып ал бұзылған зат алмасуының түріне қарай протейндік, майлан, көмірсулық және минерадық дистрофиялар болып бөлінеді. Паренхималық дистрофия зат алмасуы бұзылуы салдарынан арнайы паренхималық клеткалар өзгеруін айтады. Мезенхималық дистрофия дегеніміз дәнекер тоқымадағы зат алмасуының бұзылуы салдарынан мүше стромасы мен ондағы қан тамырлар қабырғасы құрылымының өзгеруі. Паренхималық дистрофия зат алмасуы бұзылуы салдарынан арнайы паренхималық клеткалар өзгеруін айтады. Мезенхималық дистрофия дегеніміз дәнекер тоқымадағы зат алмасуының бұзылуы салдарынан мүше стромасы мен ондағы қан тамырлар қабырғасы құрылымының өзгеруі. Тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуде минералдың зор маңызы бар. Олар торшалар мен тоқымалар элементтерін құруға қатысатын ферментер мен гормондардың, витаминдер мен пигменттердің протеин кешендерінің құрамына кіреді, биокатализатор ретінде көптеген зат алмасу процестерін үдетеді. Мал денесіндегі сілті тепе-теңдігін сақтауда минералдардың рөлі зор. Тоқымадағы минерал заттарды анықтау микроөртеу, гистоспектрография әдістері мен гистохимиялық тәсілдер қолданылады. Минерал заттар мал денесіне азықпен не сумен бірге келіп түседі. Олардың кейбіреулері (натрий, кальций, калий, магний, фосфорхлор, күкірт, темір) тоқымада көп болса, екінші біреулері (микроэлементтер кобальт, мыс, марганец, мырыш, молибден, бор, йод, бром т.б) аз болады, морфологиялық тұрғыдан кальций алмасуы көбірек зерттелген. Азықпен, сумен ас қорыту мүшелеріне түскен Д витаминінің қатысуымен аш ішектің кілегейлі қабығы арқылы бойға сіңеді. Денеде кальций тұздары түгелдей дерлік сүйек құрамындағы протеинмен байланысқан ал қалғаны қан мен тоқыма сұйығына еріген. Әдетте сүйек құрамындағы кальций деңгейі біршама тұрақты. Тек эпифиз бен метафиз кемігінде оның мөлшері не кеміп не көбейіп отырады. Кальций денеден негізінен тоқ ішектің кілегейлі қабығы арқылы мөлшерде бүйрек бауыр кейбір бездер арқылы сыртқа шығарылып тасталады. Кальций алмасуы жүйке және ішкі секрециялы бездер қызметін реттеп отырады. Осы түрғыда алғанда қалқанша безбен қарбалас қалқанша без гормондарының маңызы зор кальцитонин шамадан тыс көп болса қанда кальций мөлшері азаяды, сүйекте көбейеді, ал жеткіліксіз болса керісінше сүйекте кальций азаяды да қанда көбейеді. Паратгормон әрекеті кальцитонин әрекетіне қарама -қарсы. Тоқымада кальций бар жоғын күмістеу тәсілдрімен анықтауға болады. Тоқыма кесіндісіне азот қышқылды күміс тамызылса кальций шөгінділері қараяды. Кесінді де кальций тұзының түйіршіктері үйінділері гемотоксилинмен көкшіл қара түске боялады. Кальций алмасуының бұзылуы сүйекте кальцийдің азаюына оның тұздарының әдетте кездеспейтіп жерлерде жұмсақ тоқымаларда шөгуіне әкеліп соғады. Сүйек тоқымасында кальций тұздарының азаюы остеомаляцияға фибриозды остеодистрофия мен рахитке тән қүбылыс. Мешел кезінде мал денесінде кальций алмасуы бұзылады да кальций тұздары азаяды, осыған орай сүйек қаңқасының өсіп жетілуінде ауытқулар туады. Негізінен аяқ, бас сүйектері, төс сүйегі зақымданады. Жілікте шеміршектің сүйекке айналу процесі бүзылып, шеміршек пен остеоид тоқымасы мол өседі. Қабырға мен шеміршек тоғысқан жерде тасбақ ұқсаған буынтықтар пайда болады. Түтікті сүйектер дене салмағының және және бұлшық еттер әсерінен майысып табиғи пішінінен айырылады, эндост торшалары көбейіп, жілік түтігі тарылады. Аурудың пайда болуының жыл мезгіліне тікелей қатысы бар екендігі байқалады. Әсіресе күздің, қыстың ақ кездерінде малдар ауа райының құбылысына байланысты жайылымға шықпай тұрып қалған кезде жиі байқалады. Бұл ауру төлдердің ішінде көп таралған аурулардың бірі болып табылады. Кальциферол ультракүлгін сәулесінің әсері арқылы ДЗ провитамин 7-дегидрохолестериннен түзіледі. Сондықтан да ультракүлгін сәулесін толық пайдаланбаған шаруашылықтарда бұл ауру жиі кездеседі. Егер төлдер жайылымға шығарылмай үнемі қамауда болса бұл ауруды жазда да кездестіруге болады. Жаз аяғында белоктың жетіспеушілігі, не қалыптан артық болуы, каротиннің жетіспеушілігі, сілтілердің қышқылдардың басым болуы, микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе керісінше стронций, барий т.б микроэлементтердің қалыпиан артық болуы аурудың қозуына өз себептерін тигізері сөзсіз. Торайлардың бұршақ белогімен қоректенгенде оның құрамында кальций мен фосфордың алмасуына өз әсерін тигізетін ыстыққа төзімді, мешел факторы болатындықтан ол рахит ауруын тудырады. Малдарды дұрыстап күтпеу, оларға таза санитарлық жағдай жасамау, бірыңғай тамақтандыру, олардың бүрын кейбір аурулармен ауыруы да рахитке әсер етеді. Дамуы. Кальциферол жетіспеген жағдайда организмде тотығу-тотықсыздану процесі. Бұл қан мен тіндерде толық тотығып үлгермеген қышқыл заттардың жинақталуын туғызады. Оның арқасында организмдегі маңызды жүйелердің жұмысы бұзылып, сілтілік қышқылдық тепе теңдік бұзылады да ацидоз құбылысы байқалады. Ацидоз қүбылысы қалқанша безі гормонының бөлінуін үдетеді. Қалқанша бездің гармоны орғанизмде лимон қышқылының түзілуіне бірден бір себепші болады. Ал лимон қышқылы сүйек құрамындағы кальцийді ерітеді де еріген кальций қанға араласады. Неғұрлым лимон қышқылы көп болса соғүрлым калыдийде қанға коп қүйылады. Онымен қоймай қалқанша бездің гармоны бүйректің түтікшелерінде жүректің фосфаттың реабсорбциясын азайтады да, фосфаттын организмнен көптеп бөлініп шығуына әсерін тигізеді. Осылайша қалқанша без сүйектің құрамындағы кальций мен фосфордың азаюына өз әсерін тигізеді. Рахиттің дамуында ең маңызды минералды заттардың алмасуынын бұзылуы осылайша болады. Қанның сары суында кальций мен фосфордын деңгейін азайып сілтілік фосфатаза ферментінің күші үдей түседі. Осының салдарынан сүйек клеткаларының кальцийдің фосфор қышкыл тұздарын сіңіруі бұзылады. Сүйектің тінінде кальций мен фосфор-қышқыл тұздарын сіңіруі бұзылады. Сүйектің тінінде кальций мен фосфор жеткіліксіз болады. Ол жалпы қаңқаның минералсыздануына апарып соғады да, олардағы сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгеріп өте ауыр бұзылу процесі жүреді. Жас төлдердің организмінде ауру басталғаннан кейін көп кешікпей ақ, мешелге тән аурудың белгілерін байқауға болады. Ол сүйектің шеміршектенуі сүйектің өсу зонасында көптеген қан тамырларының жаңадан пайда болуы, сүйек пен шеміршектің арасының бөлігінің білінбеуі сүектегі минералды тұздардың азаюы. Жаңадан құрылған сүйек тініне минералдық заттардың жетіспеуі оның буын жақ басының үлкейіп, физикалық қасиеттердің нашарлауына апарып соғады. Мешел торайлардың сүйегінде 65,4 пайызға дейін су 65,3 пайызға дейін органикалық заттар болады. Золада кальций мен фосфорда көп болмайды. Мұндай сүйектер жұмсақ, жеңіл оңай майыса салатын, сыңғыш келеді. Мұнымен қоса организмнің көп жүйелерінің жұмысы бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, темір жетіспейтін гипохромды қанның азаюы байқалады. Бұлшық ет тонусы әлсірейді, ішектің жиырылуы тоқтап, малдың ішінің кепкені байқалады малдарда кіндіктің, ұманың тұсынан жарық пайда болады, көтен ішек сыртқа шығып кетеді, тыныс алуы, ас қорыту нерв жүйелерінің жұмыстары нашарлайды. Ауру малдар өсіп-өнуден артта қалып шын мешел болады. Өлекседегі өзгерістер. Ауру малдың сүйектері жұмсақ, сынғыш келеді. Аурудың ауыр дамыған түрлерінде сүйекті пышақпен оңай кесуге, тесуге болады. Жілік сүйектерінің бастары үлкейген, қабырғалардың төстікке қосылатын жерлері жуандаған, кей кезде қабырғаның орта тұсында ойылған жерлер кездеседі. Түтікше сүйектерді ұзыннан тілгенде олардың эпифиз жақтарында шеміршекті көруге болады. Сүйек қабығы қалыңдап қызарып қалыңдай түседі. Сүйектің майы қанталаған. Сүйектің тығыз жерлері жіңішкерген, май орналасқан қуысы кеңіп, ұзара түскен. Ауру өкпе мен бронхылардың қабынуымен қаны азайғандықпен созылмалы қарын мен ішектің қабынуы мен сальмоноллезбен арықтаумен асқынған түрде де кездеседі.
Белгілері.Ауру бұзаулардың тәбеті нашарлайды. Тәбетінің бұзылғандығынан кір төсенішті, қасындағы малдардың жүнін, топырақты жейді, көңнің тұнбасын ішеді. Осыдан қарын мен ішектің асқорыту процесі бұзылады. Кейде іші өтеді кейде қатпа пайда болады. Жүннің түрі өзгеріп серпімділігі нашарлайды, уыз тістің түрақты тіске ауысуы ұзаққа созылады. Төлдің өсіп-жетілуі нашарлайды. Жақсы өсіп келе жатқан торайлардың бұлшық еттері тарылып селкілдеп тұншығулары мүмкін. Ауру малдардың аяқтары әлсіреп, олар зорлықпен орындарынана қозғалады, кейде ақсайды. Сүйек пен ет жүйесінің ауырғандығы байқалады. Торайлар орындарынан әрең тұрады. Ауру малдарда ентікпе жүрек соғысының жиілеуі, әлсірегендігі байқалады. Қан айналымы бүзылып веналық қанның жиынтықталғаны байқалады, ас қорыту процесі бұзылады. Қанның азайып, ақ қан түйіршіктерінің көбейгендігі байқалады. Ауру малдарға кең, жарық, құрғақ, жақсы желдеткіші бар, қалың қүрсак төсініші бар бөлме керек. Зат алмасуы жеңіл протеин, минералды заттар мен микроэлементтерге бай тамақтармен қоректендіру керек: ылғалды көк шөп, витаминге бай жоңышқа, шөптің ұны, көк сүт, қызыл сәбіз, сұлы мен арпа ұны, құрамажем ашытылған тамақтар минералды заттар, көп сұйектен жасалған ұн, тағамдық преципитат, үш кальций фосфат, кальцийді глицерофосфат, күйдірілген сүйек, бор ағаштың күлін т.б заттарды беру керек. Әдейілеп дайындалған макро және микроэлементтерден тұратын тамақтарды беру керек. Жаңадан витамин дайындалып қосылған балықтың майы 20,0-40,0 мл мөлшерінде тамақпен немесе басқа әдістермен беру керек. Көп тұрып қалған балық майында улы заттар түзілуі мүмкін. Ондай балық майы бауырға өзінің зиянын тигізеді.