Құлақ маңы сілекей безі – үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 – ші азу тіс деңгейінде ашылады.
Сілекей безі құрылысы жағынан күрделі альвеолярлы без болып табылады. Ауыз қуысына бөлінетін серозды секреттің құрамы күрделі. Құлақ маңы сілекей бездерінің клеткалары шығару қызметін атқаратындықтан, организмнен дәрілік заттар мен токсиндерді бөліп шығарады.
Құлақ маңы сілекей безі ішкі секреция безі болып табылады (паротин минералды және белокты алмасуға әсер етеді). Құлақ маңы бездері жыныс, қалқанша, қалқанша маңы бездерімен, гипофизбен, бүйрек үсті бездерімен гистофункционалдық байланыста.
Төменгі жақ асты сілекей бездер – серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.
Тіл асты сілекей бездері – аралас болып табылады және серозды – кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.
Сілекейдің қызметі
Сілекейдің қызметі организмнің өмірге қажеттілігі үшін маңызды болып табылады. Гипосаливация басталғанда әсіресе, ксеростомия (сілекейдің болмауы) кезінде ауыз қуысы кілегей ауруларының тез арада дамитыны белгілі, ал 3 – 6 ай өткен соң, тістердің кариеспен зақымдануы басталады. Сонымен қатар тағамды шайнап, жұтқан кезде қиындықтар туады.
Қорғаныш қызметі – ылғалдануы мен кілегей қабатпен (муциннің) жабылуы оны кебуден, жарылулардың түзілуінен және механикалық тітіркендіргіщтердің әсерінен сақтайды. Сонымен бірге тіс беттері мен кілегей қабаттарды микроорганизмдер мен тағам қалдықтарынан тазарту қызметін атқарады. Сілекейдің қорғаныш қызметінде маңызды рольді оларды плазма ұйытқыш және фибринолитикалық бейімділігі атқарады. Сілекейде тромбопластин, антигрепаринді субстанция, проромбин және фибринолиздің активаторы мен ингибиторы бар. Осы заттар гемокоагуляциялайтын және фибринолитикалық белсенділікті меңгереді. Жергілікті гомеостазды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады және зақымданған тіндердің регенерация процесін жақсартады. Ауыз қуысы сұйықтығы тіс эмалі құрамын ұстап тұруда маңызды роль атқарады.