Реферат Тақырыбы: "Сүйек қосылыстарының жіктелуі."



бет4/8
Дата27.09.2023
өлшемі106,87 Kb.
#110375
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сүйек қосылыстарының жіктелуі

Буын қуысы, cavitas articularis, буындық беттер және синовиалды жарғақпен шектелген саңылаусыз (герметикалы), кеңістік болып табылады. Қалыпты жағдайда ол бос қуыс емес, буындық беттерін ылғалдандырып және майлап, олардың арасындағы үйкелісті азайтатын синовиалды сұйықтықпен толған. Сонымен қатар сұйықтықтардың алмасуында және буындық беттерін іліктестіру арқылы бекітуде рөл атқарады. Ол сондай-ақ беттерінің сығылуы және соғылуын жұмсартатын буфер қызметін атқарады, өйткені буындардағы қозғалыс - тек сырғанау емес, буындық беттерінің ажырасуы да болып табылады. Буындық беттерінің арасындағы қысым теріс (атмосфералық қысымнан төмен). Сондықтан олардың ажырасып кетуіне атмосфералық қысым кедергі жасайды (кейбір аурулар кезіндегі буындардың атмосфералық қысымды сезгіштігі осымен түсіндіріледі, ондай науқастар ауа райының өзгеруін болжап айта алады). Буын қапшығы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның себебінен буындық беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда буындық беттердің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа байламдар (буын ішіндегі және буын сыртындағы) мен сіңірлерінің қабатында орналасқан дәнтәрізді сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі жасайды. Байламдар мен бұлшықет сіңірлері буынды нығайтатын қосалқы аппарат болып табылады.

  • Буын сұйықтығы. Буын сүйықтығының құрамына су, белок, май, тұз, ферменттер кіреді. Буында буын сүйықытығының болуы буын беткейлеріндегі жылжуды ұлғайтады. Буынның көлеміне байланысты орташа есеппен 0,1 ден 4 мл-ға дейін сұйықтық болады.

    Синовиальді сұйықтықтың қызметтері:
    1. локомоторлық-буын шеміршегімен бірге буын беткейлеріндегі қимылды қамтамасыз ету.
    2. метаболиттік-организмдегі тамырлар арнасы мен буынның қүрамы арасындағы алмасу процестеріне қатысуы.
    3. трофикалық-шеміршекті буынның перифериялық қан-тамыры жоқ қабаттарын қоректендіру.
    4. барьерлік-сүйықтағы ферменттердің бөгде заттар мен клеткаларды ұстап, реітуіне қатысуы.
    Қазіргі уақытта кейбір ауруларды емдеу үшін (деформациялық остеоартроз, ревматоидты артрит) буынның ішіне жасанды сұйықтық енгізеді. (оның құрамына полимерлер кіреді).




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет