«Астана медицина университеті» КеАҚ
Әубәкіров атындағы адам анатомиясы кафедрасы
Реферат Тақырыбы: "Сүйек қосылыстарының жіктелуі." Орындаған:
Убайдуллаева Бірғаным
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 121
Қабылдаған: Адайбаев Толеуғали
Артросиндесмология-байламдар және буындар туралы ілім (грек. Syndesmos-байлам) және (грек. Артрон-буын). Қазіргі халықаралық анатомиялық терминологияда - terminologia Anatomica (Нью-Йорк, 1998) бұл бөлім Juncturae немесе systema articulare, яғни қосылыстар немесе қосылыстар жүйесі деп аталады. Сүйектер мен олардың қосылыстары, Juncturae ossium, тірек-қимыл аппаратының пассивті бөлігін құрайды және кинематикалық тізбектерді жабады. Сүйек қосылыстары жүйесінде артросиндесмология жалпы және жеке болып жіктеледі. Жалпы артросиндесмологияда сүйек қосылыстарының әр түрлі түрлері және буындардың жіктелуі қарастырылады, жеке артросиндесмологияда қаңқаның әр бөлігінің жеке сүйектері арасындағы байланыстар сипатталады.
Негізгі бөлім
Сүйектердің алғашқы бітісіп-қосылу пішіні (қарапайым суда тіршілік ететін омыртқалыларда), олардың дәнекер немесе шеміршек тіндер арқылы бітісуі болады. Алайда сүйектердің мұндай бітісу тәсілі қозғалыс көлемін шектейді. Қозғалыстың сүйекті рычагтар арқылы пайда болуы сүйектер арасындағы тіндер таралыпжойылуымен саңылаулар мен қуыстар пайда бола бастайды да, соның нәтижесінде сүйектердің жаңа түрі-үзілмелі, буындасу пайда болады. Жануарлар үшін, әсіресе құрлықта тіршілік етуге қажетті, сүйекті рычагтарға қажетті кең ауқымды қимылдар жасауға мүмкіндік беретін буындар түзіледі. Сөйтіп, филогенез үрдісінде сүйектердің қосылуының 2 түрі дамиды: қозғалыс ауқымы шектеулі тұтас, үздіксіз (үзіліссіз) қосылу және кейінгі - үзілмелі (үздікті), кең ауқымды қозғалыстар жасауға мүмкіндіктер беретін қосылу. Жануарлардың қоршаған ортаға буындағы қозғалыстары арқылы бейімделуінің осы филогенездік үрдісін бейнелей отырып, адам эмбриогенезінде де сүйектердің қосылып-жалғасуы осы кезеңді қайталайды. Алғашқы кезде қаңқаның бастамалыры өзара мезенхима қабатшаларымен үздіксіз байланысқан. Мезенхима дәнекер тінге айналып, одан сүйектерді байланыстыратын аппараттар түзіледі. Егер сүйектер арасындағы дәнекер тіндік бөліктері тұтас үздіксіз байланысса синартроз пайда болады. Егер олардың ішінде дәнекер тіннің таралу жолымен қуыс пайда болса, онда сүйектердің қосылуының жаңа түрі - қуысты немесе үзілмелі түрі - диартроз пайда болады.
Сөйтіп, дамуы, құрылысы және қызметі бойынша сүйектердің
бір-бірімен қосылуларын екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Үздіксіз (үзіліссіз)қосылыстар - синатроздар (BNA) - дамуы ертелеу, қызметі жағынан қозғалмайды немесе аз қозғалады.
2. Үздікті (үзілісті) қозғалыстар, буындар - диартроздар (BNA) - кештеу дамиды және қызметі жағынан қозғалмалы.
Осы пішіндердің арасында ауыспалы - үздіксізден үздіктіге немесе керісінше пішіні болады. Ол нағыз буын құрылысы жоқ кішкене саңылаудың болуымен сипатталады, осыдан келіп мүндай пішінді жартылай буын - симфиз, symphysis (BNA) деп атайды.