Спортшының жеке басы-спорт іс-әрекетінің субьектісі
Жеке бас деген сөзбен адамды түсінеміз, әлеуметтік шарттасқан, табиғат жағынан қоғамдық байланыстар мен қатынастарда көрінетін өзі және қоршағандар үшін мәнді маңызы бар жеке бас.
Жеке бас құрылымын мыналар құрайды: қабілеттер, темперамент, мінез, ерік сапалары, эмоция, мотивация, әлеуметтік бағдарлар.
Қабілеттер - адамның тұрақты жеке қасиеттері, оның жетістігін іс -әрекеттің әр түрлерінде аныкталады.
Темперамент - адамның басқа адамдардың реакцияларына жауабы және әлеуметтік жағдайлармен анықталатын сапалар.
Мінез - басқа адамдармен қарым-қатынаста адамның қылыктарын анықтайтын сапалар.
Ерік сапалары - адамның алдына койған мақсатына жетуге ұмтылуына әсер ететін жеке бастың арнаулы қасиеттері.
Эмоциялар мен мотивация - іс-әрекетке деген көңіл-күй және ұмтылыс.
Әлеуметтік бағдар - адамдарға деген қатынас және сенім.
Жеке бас әлеуметтік тарихи дамудың жемісі және адамның өзінің іс-әрекетінің жемісі. Ол саналы меңгерген әлеуметтік сапалардан тұрады, қоғамда белгілі бір функңияларды орындайды. Спортта, адамның іс -әрекетінің басқа түрлеріндегі сияқты маңызды орынды даралық алады. Жетістікке жету спортшының жеке бас ерекшеліктерін дұрыс есепке алумен және оның іс-әрекетінің техникалық - тактикалық стильдерін қалыптастыру негізінде мүмкін болады. Спортшының жеке басының дара ерекшеліктерін білу оның мүмкіндіктерін дамытуға және тиімді қолдануға жол ашады -
К.К. Платонов жеке бастың жалпы жүйесіне анализ жасай отырып, оның ерекшеліктері мен бітістіктерін төрт топқа бөліп көрсетеді:
1.Әлеуметтік-шарттаскан ерекшеліктер (бағыттылық моральдық сапалары);
37
1. Биологиялық - шарттаскан ерекшеліктер (темперамент, нышан, инстинкт, карапайым кажеттіліктер);
2. Тәжірибе (білім, дағдылар, іскерліктер және әдеттердің көлемі мен сапасы);
3. Әртүрлі психикалық процестердің даралык ерекшеліктері;
Позиция, статус және элеуметтік бағдарлар, бағалы бағыттылықтар, катынас динамикасы, мінез-құлық мотивациясы - бұның бәрі оның дүниетанымын, қоғамдык мінез-кұлқын, әлеуметтік бағыттылығы мен дамудың негізгі тенденцияларын анықтайтын, сипаттайтын жеке бас сапалары. Адам мінез- кұлкының кұрылымында мыналарды бөліп көрсетуге болады.
A). Бағыттылық;
B) Қоршаған ортамен өзара әрекет ерекшеліктері;
C) Іс-әрекеттің әр түрлерін орындаған кезде белсенділік деңгейі және тұрақтылығы;
Д) Эмоцияналды - еріктік динамикасы;
Е) Жеке бастың әртүрлі касиеттерінің интеграңияларының деңгейі.
Спорт жеке бас сапаларын тәрбиелеу үшін маңызды құрал. Мінезді қалыптастыруда спорт іс-эрекетінің ролі потенциалды негізгі әрекет, яғни онда адамның жеке ерекшеліктері, еркі айқындалады.
Дене тәрбиесінің әдістері мен кұралдары жеке бастың калыптасуында адамгершілік, еріктік, эстетикалык және ақыл-ой міндеттерін шешуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |