Реферат тақырыбы: Спортшының жеке басының психологиясы


Кішкентай әлеуметтік топ немесе ұжым ретінде спорттық команда туралы жалпы түсінік



бет4/4
Дата05.12.2022
өлшемі28,39 Kb.
#54890
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Document copy

Кішкентай әлеуметтік топ немесе ұжым ретінде спорттық команда туралы жалпы түсінік
Спорттық іс - әрекет ұжымдык сипатта, баска адамдардың катысуымен өтеді және дайындалады. Спорттык команда өз кезегінде психологиялық ерекшелігі бар ұжымды көрсетеді. Оны спорт әрекетіне катысушылар құрайды. Спорттык команда кішкентай әлеуметтік топтардың түрі болып табылады. Оған әлеуметтік психологиядағы кіші топтардың мінездемесінің барлық белгілері тән.Оған саны, автономдылык, жалпы топтык мақсат, ұжымшылдык, дифференциалдық және құрылымдык белгілері кіреді. Кішкентай топтың төменгі шегі болып екі адам табылады, ал жоғарғы шегі қырық адамнан аспауы керек. Кеңестік әлеуметтік психологтардың көрсетуінше аса тұрақты және эффективті болып алты - жеті адамнан кұралған топтар болып табылады. Оларды мақсаттық міндеттерді шешу үшін оптималды деп есептеуге болады. Осы талаптарға бүкіл спорттық командалар жауап береді.
Әрбір кіші әлеуметтік топтың алдындағы сияқты спорт командаларының алдында нақтылы және анықталған міндеттер болады. Бұлардың шешілуіне команданың барлық мүшелерінің күші бағытталады. Командалык мақсат - жеке және командалык жоғары спорттық нәтижелерге жету. Спорттық команданың жоғарғы даму формасы ұжымшылдық болып табылады. Ұжымдағы топтык іс - әрекет әлеументтік мәнді қоғамдқ кұндылықтармен анықталады. Команданың алдында тұрған міндеттерді шешу процесіндегі өзара әрекеттесу ұжым мүшелерінің арасында дифференңияны тудырады, яғни бір команданың ішінде формальды және формальды емес топтасулар пайда болады.
Спорттық команданың формальды құрылымын екіге бөліп көрсетуге болады. Оның біріншісінде: команданың ішінде рольдердің таратып, үйлестіруді бейнелейді. Ал, екіншісі команданың ішіндегі субардинациялык катынастың болуымен анықталады: команда баскарушысы - бас жаттықтырушы - жаттықтырушы - команда капитаны - негізгі ойншылар - қордағы ойншылар. Формальды құрылым деңгейінде спортшының іс - әрекеті мен жүріс - тұрысын басқаруды жаттықтырушы жүзеге асырады.


Әдебиеттер тізімі
Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006.
Агаджанян​Н.А.,​Шабатура​Н.Н.​Биоритмы,​спорт, здоровье.М.,1989.
Деркач​А.А.,​Исаев​А.А.​Педагогика​и​психология деятельности организатора детского спорта.М.,1985.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет