Реферат тақырыбы: Спортшының жеке басының психологиясы


Мінез құлықтың идеялық негізін, эстетикалық нормалар мен дагдыларды қалыптастыру. Бұл міндеттер мыналарды қарастырады



бет3/4
Дата05.12.2022
өлшемі28,39 Kb.
#54890
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Document copy

Мінез құлықтың идеялық негізін, эстетикалық нормалар мен дагдыларды қалыптастыру. Бұл міндеттер мыналарды қарастырады:
1 Жоғарғы моральдық идеалдармен сабақтасқан адамгершілік сана, идеялық сенім және іс-әрекет мотивтеріи қалыптастыру;
2. Әлемдік кауымдастық және қоғамның алдыңғы қатардағыларына тән моральдык сезімді тәрбиелеу;
3. Адамгершілік тәжірибені, эстетикалык нормаларды сақтаудың берік дағдыларын қалыптастыру;
4. Спорттык этиканың нақты нормалары мен қоғамдық мінез- кұлык дағдыларын қалыптастыру.


Спорттағы жеке бас және ұжым психологиясы
Спортшылардың жеке адамдық касиеттерін зерттеу екі себеппен маңызды: біріншіден, жеке бас ерекшеліктері спорттық іс- әрекеттің сәттіліғіне әсер етеді; екіншіден, спорт жеке адамның калыптасуы мен тәрбиесінде маңызды болып табылады. Мұндай байланыс жаттыктырушының спортшының жеке бас психологиясы жайындағы біліміне жоғарғы талаптар кояды.
Жалпы психология курсы бойынша жеке басты зерттеу үш бөлімнен тұрады: жеке бастың мотивациясы, қабілеттіліктері және касиеттері.
Спорттык іс-әрекеттің мотивтері тек адамды спортпен айналысуға бағыттап кана қоймай жаттығуларға субьективті мағына береді. Спортшылардың мотивтері динамикалық болатындығын ескеру керек. Олар спорттық даму процесінде өзгеріп, басқа спортшылардың ықпалымен, өз әрекетін бағалауда, мақсатқа бағытталған тәрбиелік жұмыс әсерінде жаңарады.
А.Ц. Пуни арнайы зерттеулерге сүйене отырып, келесі спорттық іс-әрекет мотивтерінің динамикасын жасады:
1. Спортпен шұғылдану мотивінің алғашкы кезеңі спорттык әрекетке қосылуға итермелейді. Оларға: а) адамның дене белсенділігіне, табиғи кажеттілігіне негізделген дене жаттығуларының эмоционалдық тартымдылық мотиві; в) мотив міндеті, ол дене мәдениеті мен спортпен шүғылдануға деген кажеттілікпен анықталады.
2. Мотивтің әрі карай дамуы таңдалған спорт түрінің тұрактылығымен, белгілі бір жетістікке жетуімен, арнайы білімдер мен дағдылардың өсуімен байланысты.
Кеңестік спорт психологы Ю.Ю. Палайма зерттеулерінде 13 топ мотивтері көрсетілді. Олар мамандану кезеңіндегі спортшыларға тән: моральдық мотивтер (борыш, ұжымшылдык, патриоттык), өзін-өзі бекіту мотиві, қарсыласына катынасына байланысты мотивтер, жаттықтырушы, көрермен қатынасына байланысты мотивтер, жарыстык мотивтер (құмарлық, бақталастык мотиві), эстетикалык мотивтер, жетістікке жету мотиві және т.б.
Спорттык іс-әрекет мотивтері мотивациялық жиынды кұрып, байланысып жүзеге асады. Осылайша, I разрядтағы спортшылар
мотиві екі мотивациялық кешенге топтастырылады: біріншіде қоғамдык және моральдік мотивтер басым, ал бағыныштыққа өзін- өзі бекіту және спортқа кұмарлык мотивтері жатады; екіншіде өзін-өзі бекіту мен көрсете білу басым да, ұжымшылдық мотивтер екінші орында. Даралық мотивация кейде командалық жарыстардағы сәттілікке кері әсер етеді.
Спортшының жоғарғы кезеңге жетуінде алғашқы мотивтер екінші орында қалады. Бұнда жетістікке жету мотиві басым болады. Спортшы карсыласты, снарядты, салмакты, уақытты, өзін-өзі жеңуге деген кажеттілікті, жоғарғы спорттық нәтижелерге жетуге деген қажеттілікті басынан өткереді.
Жоғары спорттық әрекет кезеңіндегі жетістікке жету мотивінің басым болуы спортшылардың жеке жетістікке жетуге талпынуында, карсыласты жеңіп шығуда ғана емес, сонымен катар қоғамдағы маңызды максаттарды жүзге асыру үшін де маңызды болып табылады. Қазіргі спортта жоғарғы спорттық жетістіктер әлеуметтік мотивациясыз мүмкін емес. Оған шет елдік спортшылардың және капиталистік мемлекет спортшыларының нәтижелері дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет