Реферат тақырыбы: «Сүт өндірісінде қолданылатын стабилизаторлар мен стабилизациялық жүйелер»



бет5/6
Дата18.05.2022
өлшемі110,47 Kb.
#34873
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Эталон бойынша сүттің тазалығы Сүттiң тазалығының үш тобы бар:
1-шi топ сүзгiште лас түйiршiктердiң болмауы.
2-шi топ сүзгiште лас түйiршiктердiң аз ғана iздерi болады.
3-шi топ сүзгiште сарғыш түстi нүктелер сияқты лас түйiршiктер кездеседi.
Егер өлшейтiн болсақ, 1 литр сүтте, 1-шi топта 3мг, ал 2-ші топта 46мг, 3-шi топта 7-10мг лас туйiршiктер кездеседi. Анықтау тәсiлi. Сүттің тазалығын түбі жоқ «Рекорд» пробиркасымен анықтайды. Ең алдымен аспапты столдың шетіне бекітеді, сонан соң түбінде торы бар арнайы тетікті төмен қарай басып, дөңгелек пішінді мақта сүзгіні салады да, қақпағын жабады. Сүзгі арқылы жақсы араластырылған 35-40 градус жылылықтағы сүтті өткізеді. Сүзіп болғаннан кейін сүзгіні алып, елегiнiң үстiне дәкеден немесе фанель, лавсан матасынан дөнгелек сүзгiш жасап саламыз. Сауған сүттi жақсылап араластырып (шелекте, сауу аппаратында, цистернада) ыдыс түбiне жақындата 250мл сүт аламыз. Сүттi прибор аркылы өткiзiп, сүзгiштегi механикалық ластарды эталонмен салыстырамыз.

Сүт сапасының баллдық бағалауы
Сүттің сапасын бағалау органолептикалық және физика - химиялық әдіспен жүргізіледі. Тағамдық мақсатқа қабылданатын сүттің органолептикалық көрсеткіштері 5 баллдық жүйемен бағаланады (кесте - 3). Кесте бойынша 5 және 4 баллмен бағаланған сүтті МЕМСТ 13264 - 88 мен бекітілген стандарт және басқа көрсеткіштері бойынша жоғары, бірінші немесе екінші сортқа жатқызады. 3 баллмен бағаланған сүтті қысқы - көктем мезгілінде екінші сортқа жатқызады, жылдың қалған мезгілінде - сортталмаған болады. Сыртқы түрі, дәмі, иісі, температурасы, тығыздығы, қышқылдығы, массалық бөлігі, жылумен өңдеу әсерлігі сүттің әр партиясынан анықталады. Белоктың массалық бөлігін, соматикалық клеткалардың мөлшерін, бактериалдық тұқымдануын, ингибиторлық заттардың болуын он күнде бір рет анықтайды. Стерилденген және балалар сүт өнімдерін шығаратын өндіріске белгіленген сүттің әр партиясының термотұрақтылығы және нейтралданған заттардың бар екендігіне күмән туса, ол анықталады. Сүттің сыртқы түрін анықтағанда консистенциясының біртектігіне және тұнба болуына көңіл бөледі. Консистенцияның біртектілігін араластыру арқылы, ал тұнба болуын ыдыстың түбін қарап анықтайды. Түсін, дәмін және иісін сүтті стаканға
құйып күн жарығымен, қарайды. Егер сүтте бөтен түс болмаса дәмін ішіп қарайды. Ауру малдың сүтінің дәмін байқамайды.
3 - кесте Өнімнің органолептикалық көрсеткіші

Иісі мен дәмі

Сүтті бағалау

Балл

Таза, жағымды, сәл тәттірек

өте жақсы

5

Жеткіліксіз көрсетілген, бос

жақсы

4

Әлсіз, азықтық, әлсіз қышқылды, сәл нан дәмді, әлсіз липолизді, аздап таза емес

қанағаттанарлық

3

Азықтық көрсетілімі, сүтке ащы нан дәмі, тұзды, қышқыл, липолизді, борсыған дәм беретін, соның ішінде пияз, сарымсақ, жусан т.б шөптер

нашар

2

Ащы, ашыған, өңезденген, шіріген: мұнай өнімдерінің, дәрі, жуушы заттар мен дезинфикциялық заттар және басқа да химикаттардың исі мен дәмі

нашар

1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет