Қорытындылай келе, Трансплантация дегеніміз – бір организмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және мүшелерді алмастыру. Түрлі трансплантациялардың хирургиялық әдістері біздің дәуірде жетілдірілген. Ғалымдар мүшелер мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауап тапқан.
Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиент арасындағы генетикалық айырмашылықтармен себептеледі. Әр түрлі салынған трансплантатқа қарсы иммундық жауаптың дәрежесі де әр түрлі болады. Әрбір трансплантат түрін белгілеу үшін бірнеше терминдер қолданады:
Изотрансплантат – ол генетикалық ұқсас индивидумдар арасындағы салынған тіндер мен мүшелер. Изотрансплантациялау таза линияға жататын тышқандар арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас егіздерде өткізіледі.
Аллотрансплантат – ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері. Тышқандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышқандардан екінші таза линиялы тышқандарына тіндерін немесе мүшелерін алмастырғанда орындалады. Адамдарда көбінесе бір индивуумнан екінші индивидумга мүшелерін алмастырғанда өтеді, мысалы донор орнында реципиентке ұқсас емес егізі болса.
Ксенотрансплантат деп, әр түрге жататын организмдер арасында салынған тіндер немесе мүшелерін айтады. Мысалы, адамға маймылдан алынып салынған жүректі ксенотрансплантат деп атайды. Ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессіздік білдіретіндіктен, ол салынған тіндер тұрақтамауының өте тез жүруіне себеп болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Ә.Ә. Шортанбаев «Жалпы иммунология»