Психикалық науқастар (шизофрения, паранойя, невротикалық белгілер) қалқанша безінің қызметінің бұзылуы, қан ауруларымен ауыратын науқастар, Кушинга белгісі, қатерлі ісіктер, пародонтоз ауруының жайылмалы түрі.
Салыстырмалы қарама-қарсы көрсеткіштер:
Ауыз қуысы тазалығының (гигиенасының) нашарлылығы, созылмалы пародонтоз ауруының жайылмалы түрінің асқынуы, қант диабетімен ауыратын науқастар сәулелі емнен кейін, ауыз қуысы шырышты қабатының рак алды аурулары, остеопароз, климакс кезеңі,маскүнемдік пен наркомания, екі қабат әйелдерге немесе туғаннан кейін (1 жылдан ішінде), гормонды дәрі-дәрмектерді пайдаланатын науқастарға, патологиялық тістесу, төменгі жақ самай буыны аурулары және де аурулардың соматикалық түрлері мен созылмалы түрлерінің өршу кезеңінде.
Сүйек ішілік тістік имплантация отасына науқастарды дайындау сатысы басқа оталарға қарағанда өзінің ерекшелігімен оқшауланып тұрады. Сол себептен ауыз қуысын толық тазарту қажеттілікті талап етеді. Тістік имплантация отасын жасау үшін науқасты мұқият дайындау керек. Ол үшін науқасқа жоспарланған тістік имплантация отасы туралы толық мәліметтер беру, отадан кейінгі жағдай және асқынуларды түсіндіру керек.
Егерде науқас тістік имплантация отасын жасауға келісім берсе, онда ол науқасты мұқият медициналық көріктен өткізу шарт. Ауыз қуысының, ауыз қуысында қалған тістердің жағдайын, тіс қатарындағы кемтіктің аумағын, ұяшық өсіндісінің қалыңдығын, тіс қатарындағы кемтік аумағындағы ұяшық аралық биіктікті, ауыз қуысының шырышты қабатының жағдайына, тістердің тістесу, төменгі жақ самай буыны жағдайына назар аудару керек. Сонымен қатар рентгенологиялық және гематологиялық зерттеулер өткізу қажет.
Клиникалық мәліметтерді зерттей отырып, тістік имплантация отасынан кейін болатын асқынуларды ескертуге қортынды жасадым. Олар мыналар: