2.1. Тістік имплантация.
Тістік имплантация - өте күрделі және аса тез қарқынмен дамып келе жатқан стоматологиялық пән болып саналады. Бұған куә есебінде мысал келтірсек, тістік имплантаттар біздің эрамызға дейінгі кезеңдерде де қолданғанын археологиялық қазбалар нақ дәлелдеп есебінде көрсетіп отыр. Олардың мәліметтеріне сүйене отырып, тістік имплантаттарды Мысырда, Грецияда, Этрустар, Қытай, Индия және Араб елдерінде тістік трансплантация, ал Орталық және Оңтістік Америкада тәжірибе ретінде бос қалған тіс ұяшықтарын әртүлі имплантаттар мен толтырып отырған. Стоматологиялық (тістік) имплантология заманауи медицинаның ең жетік меңгерілген жобалардың өзектісі болып саналады. Бұл жоба ХХ ғасырдың ортасында кішігірім пән мамандығы есебінде дүниеге келді. Бірақ өзінің ғылыми тұрғыдан көп зерттелуі керек екендігін жәнеде оның көкейкесті мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеулер нәтижесінде қарқынды өсу дәуірінде екендігін аңғартуда. Имплантаттарды қолдану арқылы стоматологиялық ем жүргізу мамандар және науқастар жағынан үлкен қызығушылықтар туғызуда.
Алғаш рет имплантатты Россия Федерациясында қолданған ғалым атақты Н.В. Склифосовский клиникасының дәрігері, Мәскеу Университетінің тіс емдеу бойынша доценті, медицина докторы Н.Н. Знаменскийді атауға болады. Осы сала бойынша ол 18 жыл қызмет атқарады және көптеген жаңа жаңалықтар ашты. «Имплантат», «Имплантация» - деген медициналық атауларды Н.Н. Знаменскиий енгізді және қазіргі заман медицинасында кеңінен қолданылып келуде.
Достарыңызбен бөлісу: |