Суды мөлдірлендіру – деп оның құрамынан қалқымалы заттарды шығаруды түсіну керек.
Суды түссіздендіру- ол оның құрамындағы шынайы еріген заттарды және коллоидтарды шығару. Коагуляцияны өткен немесе өтпеген суды мөлдірлендірудің бірінші
кезеңі - тұндырғыштарда қалқымалы заттарды шөктіру болып табылады. Тұндырғыштардың жұмысының принципі - судың ағынның кесімін ұлғайтудың арқасында судың қозғалыс жылдамдығын баяулатуға негізделген. Тұндыру арқылы судан ірі дисперсті қоспаларды (бөлшектерінің өлшемі 100мкм жоғары) шығаруға болады. Судың қозғалу бағытына байланысты горизонтальді және вертикальді тұндырғыштарды ажыратады. Су құбырында суды мөлдірлендірудің келесі кезеңі - ол суды түйіршікті толтырғыштар салынған сүзгіштер арқылы сүзеді.Сүзгіштер былайша жіктеледі - сүзу жылдамдығы бойынша: