2. Жанаспа жағдайда (жанаспа сүзгіштердің түйіршікті қабатында).
Судағы қоспаларды коагуляциялау деп бөлшектердің молекулярлық тартылу күштерінің әсерінен олардың бір-біріне жабысу нәтижесінде өтетін, коллоидты және дисперлирленген бөлшектерінің ірілену процессін айтады.
Табиғи судың лайлығын және түс беретін көптеген заттар коллоидты түрде болып келеді. Коагуляциялауда судың мөлдірленуі және түссізденуі тез жүреді де, оның тиімділігі жоғарылайды. Коагуляциялау процессінің өзі екі кезеңде жүреді:
- екінші кезеңде коагулянттың үлпектері түзіліп, олардың беттерінде қоспалардың дисперсті және коллоидты бөлшектері сорбцияланады.
Коагулянттар ретінде мынадай химиялық реагенттер қолданылады: адюминий тұздары – AL2(SO4)3 немесе хлорлы темір- FeCL4, темір купоросы - FeSO (4) және күкірт қышқылды үшвалентті темір - Fe(SO4)3.
Мөлдірлендірілетін суға күкірт қышқылды алюминийді қосуда ол диссоцияланады: AL2 (SO4)3 ―─—→ 2AL(3+) + 3SO4 (2-)
Содан кейін алюминий катиондары мен судағы бөлшектердің катиондарының арасында иондық алмасуы өтеді. Артық қалған алюминий катиондарының гидролизі нәтижесінде алюминий гидототығы пайда болып судың түбіне шөгеді: