Пайда болған сутегі катиондары осы аталған процесстің өтуіне кері әсер береді. Олар судағы бикарбонаттармен әсерлеседі
Н + НСО (-) ―─—→СО2 + Н2О
Егер судың табиғи сілтілігі осы процесстің өтуіне жеткіліксіз болса, онда суды сілтілеу қажет. Ол үшін суға әк немесе сода қосу қажет. Сутегі иондарын байлау әкті қосқан жағдайда былай жүреді:
Н(+) + ОН (-)------- Н2О,
ал соданы қосқан жағдайда:
2Н(+) + СО3 ---------- СО2 + Н2О
Коагулянт ретінде хлорлы темірді қолданған жағдайда үлпек тәрізді әктің пайда болу реакциясы жоғарыда аталған реакцияға ұқсас жүреді:
Fe CL3 ------------ Fe3 + 3CL- ; Fe3 + 3Н2О ---------- Fe (НО)3 + 3Н
Судың түсін азайту үшін суды коагуляциялауда коагулянттың дозасын мына формула бойынша анықтайды: