Судың сапасын жақсарту әдістері екі үлкен топқа бөлінеді:
1. Жақсартудың негізгі әдістері.
2. Суды өңдеудің арнайы әдістері.
Жер беті су көздерінен алынатын суды тазартудың негізгі әдістеріне жататындары;
1. суды мөлдірлендіру
2. түссіздендіру
3. заласыздандыру.
Жер беті су көздерінен алынатын суды тазартудың негізгі міндеті - ол суды қалқымалы заттардан толығымен тазарту (мөлдірлендіру) және оның түсін көзге көрінбейтіндей деңгейге дейін төмендету. Судың сапасын жақсарту әдістері мен тәсілдері және су құбырын тазалау қондырғыларының құрамы су көздеріндегі судың қасиеттеріне байланысты алынады.