Сурет 3. жарықты табиғи жарықтан ажырата алмайды. Ендеше жарықтың поляризациясымен байланысты болатын барлық бақылаулар сәйкес құралдар көмегімен жүргізіледі және осы жарықты түрлі әдістермен алуға болады. Осындай әдістердің бірі қосарланып сынуына негізделген. Бұл құбылыс анизотропты орталарда байқалады. Анизотропты орта дегеніміз түрлі бағыттарда физикалық, оптикалық қасиеттері әртүрлі болатын орта. Осындай ортаға мысалы, кварц кристалдары мен исландық шпат кристалдары жатады. Поляризаторлар құрылысында жарық үшін сәуленің кристалдарда екінші ретті сынуы қолданылады. Оптикалық анизотропия, жарықтың таралу жылдамдығының әртүрлі болуы түскен жарықтың электрондарының еріксіз тербелістері белгілі бір бағыттарда басқа бағыттарға қарағанда оңай қозуымен байланысты, сонда кристалдың қосынды толқынының жылдамдығы осы бағыттарда бірдей болмайды. Кристалдың оптикалық қасиеттері аса өзгеше болатын бағыт кристалдың оптикалық осі деп аталады. Оны кристалдың кезкелген нүктесі арқылы жүргізуге болады. Түскен сәуле мен түсу нүктесінен жүргізілген оптикалық ось арқылы жүргізілген жазықтық кристалдың негізгі жазықтығы деп аталады. Кристалдарда сәуленің қосарланып сынуының мәні мынада: кристалдың бетіне түскен жіңішке жарық шоғы (3- суретте АБ) кристалл арқылы бірнеше әртүрлі бағытта өтетін және әрқайсысының интенсивтілігі түскен сәуле интенсивтілігінің жартысына тең
болатын екі шоққа бөлінеді (3, а- суретте БД мен БЕ). Егер осындай кристалл арқылы затты қарасақ, онда заттың контурлары қабаттасып көрінеді (сурет 3, б). Гюйгенс принципі тұрғысынан сәуленің екінші ретті сынуы былай түсіндіріледі, анизотропты кристалға жарық толқыны түскен кезде
кристалл бетінің әр нүктесінде элементар екі толқын бір мезгілде қозады (сурет 4), оның бірі- сфералы, ал 2-сі эллипсті. Осыған байланысты кристалда қорытқы екі толқын пайда болады, олар қарапайым және қарапайым емес деп аталады,