Реферат тақырыбы: Табиғи жарық пен поляризацияланған жарық. Жарықтың шағылуы мен сынуы кезінде поляризациялануы



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі100,13 Kb.
#138543
түріРеферат
1   2   3   4
Сурет 1. Егер саңылау жазықтықтары сәйкес келсе (сурет 2,б), онда амплитудалары өзгермей, тербелістер 2-ші саңылау арқылы өтеді. Егер 2-ші саңылауды қандайда бір  бұрышқа бұрса, онда соған сәйкес тербелістер таралатын жазықтықтың орна-ласуы да өзгереді, сонда ығысудың лездік мәндері мен тербелістер амплитудасы да (А) саңылауға дейінгі тербелістермен салыстырғанда (сурет 2,б)  , кемиді, мұндағы  - саңылау алдындағы тербелістің амплитудасы.
2-ші саңылауды 0 - 900-ға дейінгі бұрышпен бұрса, саңылау арқылы өткен тербелістің амплитудасы максимал мәнінен 0-ге дейін өзгереді (сурет 2,в). Сондықтан осі толқынның таралу бағытымен сәйкес келетіндей етіп, 2-ші саңылауды өз осінен айналдыра бұра отырып, тербелістер амплитудасының өзгерісі бойынша тербелістер жазықтығының кеңістігінде поляризацияланған толқынның «орнын» анықтауға болады. Осыған байланысты 2-ші саңылау толқынның анализаторы деп аталады.

Жарықтың поляризациясы кезінде өрістің электрлік құраушысының кернеулік векторы (  ) толқынның жарықтық векторы деп, ал оның тербелістері орындалатын жазықтық- толқын тербелісінің жазықтығы деп аталады. Электрлік векторының (және магниттік векторының) тербеліс жазықтығының жағдайы өзгермейтін сәуле жазық поляризацияланған деп аталады. Бірінші ретті сәуле шығару кезінде атомдағы электрон жазық поляризацияланған жарық толқынын шығарады деп есептеуге болады, яғни жарық векторының тербелістері бір жазықтықта жүретін толқындар. Бірінші ретті сәуле шығару 10-8 с бойы жүреді, осы кезде ұзындығы 3 м-дей толқындар топтары пайда болады.
Сурет 2.
Содан кейін атом жаңа толқындар топтарын сәулелендіреді, олардың жарық векторының бағыты мен фазасы алдыңғы толқындар топтарымен сәйкес болмайды.

Жалпы дененің сәулелендіретін жарық толқыны жарық векторының бағыты уақыт өтуімен әртүрлі, ретсіз өзгеретін көптеген атомдар сәулелендіретін толқындардың
қосындысынан тұрады. Соған сәйкес қорытынды толқынның жарық векторының бағыты да өзгереді. Осы кезде жарық векторы үшін барлық бағыттар бірдей болады, яғни жарық толқыны табиғи не поляризацияланбаған болады. Барлық табиғи жарық көздері поляризацияланбаған жарық шығарады. Табиғи жарықтың сызықтық поляризациясы, әсіресе жарым- жартылай (бірен- сарандап) поляризациясы жарықтың шағылуы, сынуы, шашырауы кезінде орындалады. Бұл түскен жарықтың әсерінен зат атомдары сәулелендіретін 2-ші ретті жарық толқындары микровибраторға ұқсас, түрлі бағытта бірқалыпсыз жарық шығаратындығымен байланысты. Сол себепті шағылған не сынған (әсіресе шашыраған) жарық толқыны кезінде ондағы тербелістер амплитудасының мәні белгілі бір бағыттарда аса үлкен, ал басқа бір бағыттарда едәуір кіші болады. Поляризацияланған жарық- кең таралған құбылыс, бірақ біз бұны сезінбейміз, өйткені адамның көзі поляризацияланған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет