Реферат тақырыбы: Табиғи жарық пен поляризацияланған жарық. Жарықтың шағылуы мен сынуы кезінде поляризациялануы



бет4/4
Дата15.12.2023
өлшемі100,13 Kb.
#138543
түріРеферат
1   2   3   4
Сурет 4. олардың фазалық жылдамдық-тары мен кристалда таралу бағыттары әртүрлі болады (4- суретте : АВ- түскен жазық толқынның фронты, MN- оптикалық ось, оське салыстырмалы эллипсті элементар толқын бағытталады. DC – кристалдағы қарапайым, FC – қарапайым емес толқындар фронты).

Осы екі толқын толық поляризацияланған болады, қарапайым емес толқынның жарық векторының тербелістері кристалдың басты жазықтығында жүреді, ал қарапайымдыкы- оған перпендикуляр жазықтықта. Осы толқынның біреуі (көбінесе қарапайым емес) поляризациялық құралдарда поляризацияланған жарықтың көзі ретінде қолданылады ( 2-ші жарық толқыны қандайда бір әдіспен өшіріледі). Поляризация құралдарында осы мақсатта кальцит (исланд шпаты) кристалынан жасалатын Николь призмасы қолданылады. Дихроизм (тербеліс жазықтығының бағытына байланысты жарықтың әртүрлі жұтылуы) қасиеті болатын екінші ретті сындырушы кристалдар бар. Осы кристалдарда қарапайым сәулелер толығымен жұтылады және кристалл арқылы өткен жарық толық поляризацияланған болады. Осы құбылысқа поляризациялық сүзгілер поляроидтар құрылысы негізделген. Олар жарықты поляризациялайтын дихроисті заттың кристалдарынан (мысалы, герапатип, көмірқышқылды йодхинин) тұратын мөлдір пленка болып табылады. Пленканы дайындау кезінде кристалдар олардың оптикалық осьтері параллель болатындай етіп бағытталады. Нәтижесінде олар тербелістері белгілі бір жазықтықта болатындай поляризацияланған жарық береді.
Дат ғалымы Эразм Бартолинус 1669 ж. «қосарланып сынуды» ашты. Ол жарық шоғын (п) исланд шпатынан (СаСО3) жасалған пластинкаға қалыпты түсуге мәжбүр еткен (сурет 5). Осы кезде ол жарық шоғының екіге ыдырағанын байқаған. Оның бірі (о) кристалл пластинкадан өзінің бастапқы бағытын өзгертпей өткен. Жарықтың осы шоғы кезкелген шыны пластинкаға тік бұрышпен түскен жарықтың шоғы сияқты таралған. Сол себепті оны «қарапайым» деп атаған. Ал 2-ші шоқ (ао) қалыпты түсуіне қарамастан, сынып, кристалдан бастапқы шоққа параллель ығысып өтеді. Бұл «қарапайым емес» деп аталады. Осы шоқтың біреуін жою үшін диафрагма (В) қолданылады. Ол тек қарапайым шоқты ғана өткізеді. SS -кристалл орнатылған диск, ол RR сақинасында п-о осін айнала бұрыла алады.

2. Жарықтың шағылу және сыну кезінде поляризациялануы


Тәжірбие жүзінде, жарық екі орта шекарасында шағылу және сыну кезінде азды көпті біршама поляризацияланады. Ендеше, жарықтың мөлдір екі диэлектрик ортада шекарасында поляризациялануын қарастырайық. Табиғи жарық шоғы параллель жазық шыны пластинка бетінен шағылуындағы поляризациялануын қарастырайық. Мысалы, ММ қоңыр шыны пластинканың О нүктесіне і бұрыш жасап түскен ЅО сәуле одан шағылып жолындағы Т1 турмалин пластинкадан ететін болсын. Егерде осы пластинканы ОЅ1 сәулеге дәлме дел келетін осьтен айналдырсақ, шарғылған жарық интенсивтігі өзгергенін байқаймыз. Егерде түсу бұрышы 56 болса, турмалин пластинканы толық бір айналым жасағанда шағылған жарық интенсивтігі екі рет нөлге теңеледі, яп жарық екі рет сенеді деген сөз. Себебі, шыныдан шағылған жарық поляризацияланады. Онда шын пластинка поляризатор, турмалин пластинка анализатор болады. Осындай тәжірбие нәтижесінде, шағылған жарық түзу жазықтығында поляризацияланады, яғни оның электр векторы түзу жазықтығына перпендикуляр жазықтықта тербеледі. Түсу бұрышы толық поляризациялану бұрышы немесе Брюстер бұрышы деп аталады. Әрбір мөлдір диэлектрик ортаның өзіне тән толық поляризациялану бұрышы болады. Брюстердің 1815ж теориясы бойынша жарықтың толық




поляризациялану бұрышының тангенсі жарық шағылатын орта жарық сыну көрсеткішіне тең;tg i=n Мұндағы п-салыстырмалы сыну көрсеткіші. Бұл қорытынды Брюстер заңы деп аталады. Осы заңда тек диэлектрик- бетінен шағылғандарға қолдануға болады. Мысерии кварц, су. Жоғарыда көрсеткен төжірбиеде пайданылған қоңыр пластинаға тсірілген дап сынады да, оның екін ші жағына өтеді. Ал жаңағы сынган жарық азды көпті поляризацияланады. Жалпы жарық екі мөлдір ортаның шекарасында өрі сынады жөне шағылады. Сонда ғана шагылган сауле де, сынған сәуле де поляризацияланады. Егер жарықтың түсу бұрышы Брюстер бұрышына тең болса, сонда шағылған сәуле толық поляризацияланады. Сонда жогарыда көрсетілгендей, шагылган жарық түсу жазықтығында, сынған жарық түсу жазықтығына перпендикуляр хазықтықта поляризацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет