Реферат тақырыбы: Талдаудың оптикалық әдістері Колориметрия



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі222,5 Kb.
#51920
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
ТФХӘ реферат Нурлан Аида 9 апта


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ


ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ

Тақырыбы:


Талдаудың оптикалық әдістері
Колориметрия

Орындаған: Нұрлан Аида


Курс:3
Тобы: Хим05к/о-302
Оқытушы: Жақсығалиқызы Г.
Ақтөбе 2022
Жоспары:
Колориметрия

  • Стандарттық әдіс

  • Түстерді теңестіру әдісі

  • Сұйылту әдісі

  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Талдау тәжірибесінде алғаш мәрте колориметрия әдіс қолдануға ұсынған К. Гейнс болды. Колориметрия әдісінде заттың ерітіндісі арқылы өткен жарықтың ағысының айқындылығы стандарттық ерітінді арқылы өткен жарықтың ағысында айқындылығымен визуалдық түрде, яғни арнайы бақылау құралдарымен жабдықталмаған жай ғана көзбен қарау арқылы салыстырылады. Жарық ағындарының айқындылығын салыстыру үшін стандарттық сериялар, түстерді теңестіру және сұйылту әдістерін пайдаланады.


Стандарттық сериялар әдісінде заттың берілген үлгісінен түсінің айқындылығы осы заттың әр түрлі концентрациялары стандарттық ерітінділерінің айқындылығымен салыстырылады. Бугер заңы бойынша ерітінділердің концентрациялары тең болған жағдайда олардың сіңіру көрсеткіштері де (басқа да жағдайларда) өз ара тең болады.

А1=εС11, А2= εС11, А12 , εС11= εС21, С12


Осы әдісті орындау барысында заттың концентрациясы белгілі стандарттық ерітінділері әзірленеді, ал осы ерітінділерден сұйытылған ерітінділер дайындалады. Бұл ерітінділер ені бірдей пробиркаларға құйылады. Талдауға алынған заттың ерітіндісін тура осындай пробиркаға құйып, олардың түстерінің айқындылығын салыстыра отырып заттың ерітіндісінің концентрациясын анықтайды. Стандарттық сериялар әдісінің дәлдігі жоғары емес (5 -10 %), сондықтан да заттың мөлшерін жуықтап анықтау үшін қолданылады.
Түстерді теңестіру әдісін арнайы аспаптарда колориметрлерде орындайды. Бұл әдісте түстің айқындылығының және қабат көрсеткіштері әр түрлі А1 және А2 екі ерітіндіні салыстыратын болса, онда сіңірулер теңелген жағдайда І1 қалыңдығы көбейтілген бірінші ерітіндідегі концентрация С1 екінші ерітіндідегі қалыңдығы І1 көбейтілген С2- ге тең болады.
А1=εС111, А2= εС212, А12 , εС111= εС212,
С2111/12

Теңестіру әдісі бойынша жұмыс істейтін қарапайым колориметр (Дюбосктың колориметрі) екі шыныдан әзірленген цилиндрлерден (4) құралған (1–ші сурет, а). Олар ішінде стандарттық және талдауға алынған заттың ерітінділері құйылған стакандарға (3) батырыла алады. Стакандар, ерітінділер және шыны цилиндрлер арқылы жарық көзінен (1) сәуленің бастапқыда өзара тең және соңынан өзгерген екі шоғыры өтеді. Олардың айқындылығы окулярлық қондырғының (7, 8, 9,) көмегімен салыстырылады. Колориметрмен жұмыс жүргізу барысында жарықтың ағынының түстерін теңестіре отырып шестерналары бар тетіктің (5) және тісшелері бар тіректердің көмегімен шыны цилиндрлердің түсірілу деңгейлерін реттейді. Теңестіруді орындаған соң шкалалар бойынша әр бір стакандағы ерітіндінің қабатының қалыңдығын анықтайды және талдауға алынған заттың ерітіндісінің концентрациясын есептейді. Түстерді теңестіру әдісінің дәлдігі жоғары емес және шамамен 5 -10 % аралықты құрайды.



-ші сурет. Колометриялық аспаптардың сызбасы:
а – колориметрдің сызбасы; б – фотоколориметрдің сызбасы
Сұйылту әдісінде талдауға алынған ерітіндіні өлшемдік колбаны еріткішпен оның айқындылығы тура сол сияқты цилиндр құйылған осы заттың стандарттық ерітіндісінің түсімен бірдей болғанша сұйытылады. Бұл әдісте келесі теңдікті пайдаланады.

C1V1 = C2V2, C2=C1 V1 /V2


Мұндағы С1 – стандарттық ерітіндінің концентрациясы; С2 - талданатын ерітіндінің концептрациясы; V1стандартты ерітіндінің көлемі; V2 — зерттелетін ерітіндінің көлемі.
Жарық ағынының айқындылығын көзбен көру арқылы өлшеу тәсілі сонымен қатар, фотометрлерде де қолданылады; Фотометрлерде жарық ағындарын ерітіндінің қабатын қалыңдығын өзгерту немесе ерітіндіні сұйылту арқылы теңестіру қолданылмайды. Оның орнына басқа, жарық ағынының бөлігін жабу жолын пайдаланады. Жарық ағынының бір бөлігін жабу үш диафрагмалар көмегімен өзгерту негізінде ФМ–56 және ФМС-56 визуалдық фотометрлері жұмыс істейді. Фотометрлер біріне талданатын, ал екіншісіне салыстыру ерітіндісі құйылған кевюта немесе екі стакан пайдаланылады. Салыстыру ерітінді ретінде таза еріткіш немесе құрамында анықталатын заты және реактивтің ерітіндісі алынады. Жарық ағыньның айқындылығы есептегіш барабанмен жалғасқан диафрагманың көмегімен теңестіреді. Есептегіш барабанның бөліктерінің саны бойынша ерітіндінің концептрациясын анықтайды. Есептеу жүргізу үшін әдетте калибрленген кестелер пайдаланылады.
Колориметриялық талдауды жоғары дәлдікті талап етпейтін талдауларды орындау үшін пайдаланады. Биохимиялық зертханаларда осы әдістің көмегімен мысалы, қанның құрамындағы гемоглабин мөлшерін анықтайды. Фармациялық зертханаларда колориметрияның көмегімен дәрлік препараттардың құрамындағы кейбір қоспалардың мөлшерін сұйықтардың түсін және ортаның рН–нің мәнін анықтайды.
Темірдің қоспасының талдамасын оның сульфосалицил қышқылымен реакциясы бойынша жүргізеді. Заттың ерітіндісін дайындап, оның бір бөлігіне белгілі көлемде сульфосалицил қышқылының ерітіндісін және аммиак қосады да, 5 минуттан кейін түзілген түстің айқындылығын құрамында темірдің (Fe3+) тұзының тура алынған мөлшері бар (0,0003 %) және сәйкесінше әзірленіп өңделген эталондық ерітіндісінің түсімен салыстырады.
Сынауға алынған ерітіндінің түсі эталондық ерітіндінің түсінен аспауы керек.
Ауыр металдардың қоспасының талдамасын олардың натрий сульфидімен реакциясы бойынша жүргізеді. Заттың ерітіндісін дайындап оның бір бөлігіне белгілі көлемде натрийдің сульфидінің ерітіндісінен 1-2 тамшы және сұйылтылған сірке қышқылын қосады да, түзілген түстің айқындылығын құрамында қорғасынның (Pb2+) тұзының тура алынған мөлшері бар (0,00005 %) және сәйкесінше әзірленіп өңделген эталондық ерітіндісінің түсімен салыстырады.
Ортаның рН-нің мәнін анықтауды колориметриялық әдіспен анықтау барысында талданатын ерітіндіге және белгілі рН-ның мәндері бар буферлік ерітіндіге индикаторды қосып олардың түстерін салыстырады. рН-нің мәнін анықтау үшін келесі буферлік 1 ерітінділер қолданылады:

0,2 М ерітінділер рН-нің аймағы


КСІ + НСІ 1,2-2,2
Калийдің гидрофталаты + НСІ 2,2-3,8
Калийдің гидрофталаты +NаОН 4,0-6,2
КН2Р04 + НаОН 5,6-8,0
Н3ВО3 + КСІ + NаОH 7,8-10,0

Берілген компоненттсрдің 0,2 М ерітінділерін белгілі мөлшерде араластыру арқылы ортаның рН-нің мәндері әр түрлі буферлік ерітінділері алынады. рН-нің мәнін колориметриялық анықтау барысында берілген аралықта түсін өзгертетін индикаторлар пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет