Реферат тақырыбы: Тартымдылық және интимдік жақындық.Өзгелерге ықылас және сүйіспеншілік



бет4/4
Дата09.05.2023
өлшемі147,89 Kb.
#91258
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
11-ТАРАУ ПСИХОЛОГИЯ

Пассив/Белсенді емес

Белсенді

Құрушы

Адалдық: жақсы өзгерістерді күту

Дауыс: арақатынасты жақсартуға тырысады

Бұзушы

Ескермеу: серігіңді елемеу

Шығу: Қарым-қатынасты тоқтату

Дереккөз: Rusbult et al., 1986, 1987, 1998, 2001
Қиындықтар төтеп беруге тым ауыр, ал ажырап кетудің қаупі тым үлкен, сол себепті адал серік бұрынғы бақытты күндер қайта келер деп шыдап бағады. Басқалар (әсіресе ер адамдар) енжарлық танытады; олар серігін елемей, қарым-қатынасының бұзылуына жол береді. Екі жақты қанағаттанбаушылықтар еленбесе, қатерлі эмоциялық ажырау орын алады, бұл кезде ерлі-зайыптылар аз сөйлесіп, өз өмірін серігінсіз елестете бастайды. Үшінші бір адамдар өздерінің алаңдаушылығын білдіріп, қиындықтарды талқылауға, өзара кеңесуге ұмтылып, жағдайды және өзін өзгертуге тырысу арқылы қарым-қатынасты жақсартуға белсенді қадамдар жасайды.
Зерттеуден кейін зерттеу, шындығында, 45 000 жұпты қарастырған 115 зерттеу бақытсыз ерлі-зайыптылардың өзара келісуге ұмтылмай, жағдайды басқаруға тырысатынын, бір-бірін тоқтаусыз сынап, бірін-бірі жеңуге күш салатынын көрсетті. Бақытты ерлі-зайыптылар бір-бірімен жиі келісімге келеді, бірін-бірі мақұлдап отырады және бірге қуанып, бірге күлетін сәттері көп болады (Karney & Bradbury, 1995; Noller & Fitzpatrick, 1990). 2000 жұпты бақылаған Джон Готтман (1994, 1998, 2005) қалыпты отбасыларда дау-жанжалдардың болмауы мүмкін емес деп санайды. Қайта, олар ерлі-зайыптылардың көзқарастық айырмашылықтарын азайтып, сынауды сүйіспеншілікпен алмастыруға жәрдемдеседі екен. Бақытты некелерде позитив әрекеттестіктер (жымию, жанасулар, қошеметтер, күлкі) негатив әрекеттерден (келеке, жақтырмау, қорлау) кем дегенде 5 есе артық болған.
Жас жұбайларды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Тед Хьюстон мен әріптестері былай дейді: «Ажырасуға жеткізетін – дау-дамайлар мен күйзелістер емес. Жас жұбайлардың басым бөлігі шиеленісті жағдайларды бастан өткереді. Некенің бақытсыз болуына – арақатынастардың салқындауы, көңілдің суынуы және үмітсіздік әкеліп соқтырады» (2001). Бұл құбылыс, Уильям Суонн мен әріптестерінің (2003, 2006) айтуынша, әсіресе тұйық ер адамдар үнемі сынап отыратын әйелдермен неке құрғанда жиі кездеседі.
Табысты жұптар дұрыс коммуникация жолдарын игере отырып, жанға бататын ауыр сөздер мен орынсыз агрессияны шектеп, өздерін қалайша жөнімен ұстау қажеттігін үйренеді (McNulty, 2010). Олар өзара шындықты айтып, реніш сезімдерін ашық білдіріп, кикілжіңді ар-намысқа тимей шешуге тырысады. Олар «бұл сенің кінәң емес екенін білемін» деген сияқты түсіндірмелердің көмегімен дау-жанжалдардың күшін азайтады (Markman et al., 1988; Notarius & Markman, 1993; Yovetich & Rusbult, 1994). Эксперимент барысында эмоцияны тыйып, өздерін көбірек сырттан бақылаушы ретінде елестету тапсырылған жұптар кейін өз некесіне әлдеқайда риза болып шықты (Finkel et al., 2013). Егер бақытсыз некедегілер бақытты ерлі-зайыптылар секілді шағынуды және сын айтуды қысқартса, өздерін жақсырақ сезінер ме еді? Қолдау көрсетіп, жұбымен көбірек келіссе ше? Өзінің мазасыздығын көрсетуді кейінге қалдырып, мұны біраз сабырлы күйде білдірсе ше? Күнделікті бірге дұға етіп, бірге ойын ойнаса ше? Көзқарастар мінез-құлыққа себеп болатыны сияқты, әдеттер де іс-әрекеттерге себеп бола ала ма?
Джоан Келлерман, Джеймс Льюис және Джеймс Лэрд (1989) осы сауалға жауап іздеді. Олар бір-біріне ынтызар ғашық жұптарға ұзағынан көзбе-көз жанасу тән екенін, әдетте бұл көз түйістіріп қарау – ұзақ және екіжақты болатынын білетін (Rubin, 1973). Бір-біріне ғашық емес, бейтаныс адамдар арасында осындай ұзақ, сүзіле қараған көз қарасу сезім оятуы мүмкін бе (әлгі 45 минут сырласуды арттыра түскен әңгіме бейтаныс студенттер арасында жақындық сезімін тудырған жағдай тәрізді)? Осыны анықтау үшін олар бейтаныс ер адамдар мен әйел адамдарға бір-бірінен көз алмай, 2 минут бойына көздеріне немесе қолдарына қарап отыруды тапсырды. Эксперимент соңында, көзбе-көз жанасуды бастан өткізген жұптар бір-біріне деген аздаған тартылыс пен құштарлық оянғанын айтты. Махаббатты имитациялау оны шынында да оята бастады.
Роберт Стернбергтің (1988) пікірінше, махаббатты қабылдау және білдіру арқылы бастапқы ұнатушылық ынтызарлығы берік махаббатқа ұласуы мүмкін:
«Ұзақ әрі бақытты өмір сүру» аңыз-әңгімелерде ғана болуы міндетті емес, алайда ол шындыққа айналу үшін бақыт – қарым-қатынастың әр кезеңдерінде екеуара сезімдердің үйлесімділігіне негізделуі қажет. Бақытымыз мәңгі бірқалыпты болып, сүйіспеншілігіміз бұзылмайды деп күтетін жұптардың ойы іске аспайды... Махаббат сезімін түсініп, сақтап, қайта жандандыру үшін үнемі еңбектеніп отыруға тиіспіз. Қарым-қатынас дегеніміз – конструкциялар, оларды қолдауға және жетілдіруге күш салынбайтын болса, уақыт өткен сайын олар тозады. Біз салынған ғимарат өзіне-өзі күтім жасайды деп күтпейтініміз сияқты, арақатынастар да өз бетімен қалпына келе береді деп ойламағанымыз жөн. Керісінше, біз қарым-қатынасымыздың жақсаруы үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуымыз қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Арақатынастар қалай аяқталады?
• Көп жағдайда махаббат төзім танытпай жатады. Жиырмасыншы ғасырда ажырасулар деңгейі артқан сайын зерттеушілер некенің бұзылуына жетелейтін алғышарттарды анықтап жатыр. Алғышарттардың бірі – сезімдерді жауапкершіліктен бұрын қоятын индивидуалистік мәдениет; басқа факторлар жұптардың жас ерекшеліктерін, білімін, ерекше бағалайтын құндылықтары мен өзара ұқсастықтарын қамтиды.
• Сонымен бірге зерттеушілер жұптарды бір-бірінен алшақтататын немесе бұзылған байланыстарды қалпына келтіретін үдерістерді бөліп көрсетті. Олар саламатты, тұрақты отбасыларға тән коммуникацияның жағымды және пайдалы стильдерін де ажыратып көрсете алды.
ПОСТСКРИПТУМ: махаббатты құру
Заманауи өмірдің екі фактісі күмәнді болып көрінеді: біріншіден, жақын, берік қарым-қатынастар – бақытты өмірдің ерекше белгісі. Неке – осындай тығыз қарым-қатынастардың бірі. Қоғамдық Пікірдің Ұлттық Орталығының зерттеулерінде 1972 жылдан бері сауалнамаға қатысқан 52 340 америкалықтың арасында отбасын құрған ересектердің – 40 пайызы, ешқашан үйленбегендердің – 23 пайызы, ажырасқандардың – 19 пайызы және жалғыз тұратындардың 16 пайызы өз өмірлерін «өте бақытты» деп сипаттаған. Канададағы және Еуропадағы ұлттық зерттеулердің қорытындылары да осыған ұқсас (Inglehart, 1990).
Екіншіден, жақын, берік қарым-қатынастар саны күрт азайып кетті. Миграция мен мобильділіктің артуы барған сайын адамдар отбасылық және балалық шағындағы қарым-қатынастарға тәуелсіз болып жатыр дегенді білдіреді. Жарты ғасыр бұрынғы жадаймен салыстырғанда бүгінгі күннің адамдары жиірек көшіп-қонады, жалғыз тұрады, ажырасады және жұптарын ауыстырып жатады.
Отбасылық бақыттың психологиялық құрамдастары болып есептелетін – ой-пікір ұқсастығы, әлеуметтік және сексуалдық жақындық, эмоциялық және материалдық қорларды әділ түрде бөлу және алу – француздардың «Махаббат уақытты өткізеді, уақыт махаббатты өткінші етеді» деген мақалын теріске шығарып отыр. Алайда сүйіспеншіліктің аяқталуын тоқтату үшін біршама күш салу қажет. Күнделікті бастан өткен оқиғаларды бөлісіп, ортаға салу үшін уақыт бөліп отыруға дағдылану керек. Ұнамаған нәрсеге сын айтып, қасарысып отырудан бас тартып, оның орнына бір-бірінің жанайқайын, қиындықтары мен армандарын тыңдай білуге тырысып бағу қажет. «Әлеуметтік теңдіктің тапсыз утопиясында» арақатынас құру үшін біршама күш салу керек (Sarnoff & Sarnoff, 1989), мұндай арақатынастарда жұптағы серіктер бере алатынымен еркін бөлісіп, алатынын қиналмай алады, шешім қабылдауда бір-бірінің пікірін ескереді және өмірдің қуанышын бірге көреді.
«Жақын қарым-қатынастарды аялай отырып, тұрақты ризашылық сезімін бастан кешіріп отыру әбден мүмкін», – деп сендіреді Джон Харви мен Джулия Омарзу (1997). Қарым-қатынастарды зерттеуші австралиялық Патриция Ноллер (1996): «Кемел махаббат... неке мен отбасына негіз болатын махаббат ондағы отбасының әрбір мүшесін жекелей даму мүмкіндігіне жеткізеді... ол ғашық жұбыңның бойындағы айырмашылықтар мен осал тұстарды мойындап, оларды қабыл алуды меңзейді; махаббат басқа адамды сүюге қатысты іштей шешім қабылдап, осы махаббатты ұзақ жылдар бойы қолдап отыруға жауапкершілік алуды қамтиды; және, сайып келгенде, махаббат басқаруға келеді және сүйген жандар тарапынан тәрбиеленіп, жетілдіріліп отыруы тиіс», – дейді.
Бар күшін әділетті, берік, өзара толымды қарым-қатынастар құруға арнайтын жандар қауіпсіз, қуанышты, төзімді және берік қатынастарға ие бола алады. Бұл «Пүліш қоян» атты классикалық балалар әңгімесінде көрініс тапқан. «Сендерді біреу ұзақ, ұзақ жақсы көретін болса, – деп түсіндірді дана қария Былғары ат пен Пүліш қоянға, – сендермен жай ойнап қана қоймай, шынайы жақсы көретін болса, онда сендерге жан бітеді...».
«Бұл аяқ-қол жұлынғандай, бірден бола ма, әлде біртіндеп пе?» – деп сұрады қоян. «Бұл бірден болмайды, – деді Былғары ат. – Сен біртіндеп тіріге айналасың. Бұған біраз уақыт қажет. Әдетте сен Нағыз қоян боламын дегенше, шаштарыңның көбі сыпырылып, көздерің түсіп қалады, аяқ-қолдарың жұлынуға жақындап, қатты тозып кетеді. Бірақ мұның бәрі маңызды емес, себебі сен Нағыз қоян болған кезде мұны түсінетін адамдар үшін сенің сыртқы көркің маңызды емес».
Жақындық – географиялық жақындық. Жақындық (нақтырақ айтсақ, «функционалды арақашықтық») – біреуді ұнатуға себеп болатын өте мықты алғышарт.
Қайталап қараудың ықпалы – бұрын-соңды кездестірмеген стимулдарды бірнеше рет көрген соң, бағалаушының оларға деген көзқарасының жақсаруы және анағұрлым позитив баға беруге бейім болу үрдісі.
Жарасымдық феномені – ерлер мен әйелдердің өмірлік серік ретінде тартымдылығы және басқа да қасиеттері жағынан өздеріне үйлесетін адаммен бас қосуға ұмтылуы.
Физикалық тартымдылық стереотипі – физикалық тұрғыда тартымды адамдар басқа да әлеуметтік маңызы бар қасиеттерге ие деген презумпция: әдемі – демек, жақсы.
Комплементарлық – екі адамның арасындағы қатынастар бір-бірінің бойындағы қасиеттерді толықтыру мақсатымен қалыптасады деген танымал пікір.
Жағымпаздану – жағынушылық секілді амалдарды қолдана отырып, адамдардың біреуден пайда көруге ұмтылуы.
Тартымдылықты марапаттау теориясы – «бізге мінез-құлқы пайдалы немесе пайдалы оқиғалармен ассоциацияланатын адамдар ұнайды» дегенді алға тартатын теория.
Ынтық махаббат – біреумен бас қосуға деген интенсивті ұмтылыс күйі. Ынтызар көңілмен сүйетін адамдар біріне-бірі толығымен беріледі, олар махаббат сезіміне шаттанып, оны жоғалтқанда құса болады.
Эмоцияны білдірудің екі факторлы теориясы – қозудың үш түрі эмоцияның бес түрімен ассоциациялануы.
Серіктес махаббат – тығыз қарым-қатынастағы адамдардың арасында туындайтын махаббат.
Томаға-тұйық құштарлық – жайсыздықпен немесе басқаларға жақын болуға қарсыласумен ерекшеленетін құштарлықтар. Құштарлықтың бейкүнә түрі.
Беймаза құштарлық – алаңдаушылықпен немесе екіжақтылықпен ерекшеленетін құштарлық. Құштарлықтың бұзылмаған/бейкүнә түрі.
Әділдік – адамдардың арақатынас нәтижелері олардың сол қатынасқа жету үшін жұмсаған күшіне тең болады. Ескертпе: әділ нәтижелер әрдайым тең болуы міндетті емес.
Риясыздық – айналадағыларға өзінің интимдік қырларын ашып көрсету.
Ақпаратты ашу – сұхбат кезінде бір тұлғаның екінші адамның жан сырын аша отырып жақындасу тенденциясы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет