Реферат тақырыбы: Тартымдылық және интимдік жақындық.Өзгелерге ықылас және сүйіспеншілік



бет3/4
Дата09.05.2023
өлшемі147,89 Kb.
#91258
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
11-ТАРАУ ПСИХОЛОГИЯ

Қарсы пікір: Интернет адамдарға өзін шын болмысында ғана емес, жалған, жасанды кейіпте де көрсетуге мүмкіндік береді, бұл кейде секстік мақсатта пайдалану үшін жасалады. Порнографияның басқа да түрлері сияқты, секстік сипаттағы Интернет, БАҚ адамдардың сексуалды шындық туралы түсінігін бұрмалап, олардың шынайы жұптарының тартымдылығын төмендетуі мүмкін. Көбіне ер адамдар әйелдерді секстік қатынастарға көндіру үшін әрі бұл мәжбүрлеуге ұқсамайтындай етіп көрсету үшін секстік қозуды күшейту мақсатында жыныстық әрекет барысында өздерін емін-еркін ұстауға және осы жыныстық байланыстың махаббаттың ықпалымен «жүзеге асып жатуын» бейнелейтін түрлі сценарийлер құрады.
Роберт Путнамның (2000) пікірінше, сайып келгенде, компьютераралық коммуникацияның әлеуметтік артықшылықтары «кибербалканизациямен» шектеледі. Интернет есту қабілетінің ақауы бар адамдарға әлеуметтік ортаға сіңісіп кетуіне мүмкіндік береді, бірақ сонымен қатар «Ақ суперматистерге» бірін-бірі табуға жол ашып, әлеуметтік және саяси поляризацияға да ықпал етеді.
Интернеттің әлеуметтік салдарларына байланысты пікірталастың өрбуіне орай, «ең маңызды мәселе – интернетпен біздің не істейтінімізде емес, оның бізбен не істейтінінде...», – дейді Путнам (p. 180). Біз осы келешегі зор технологияны қоғамдық қатынастарды нығайту мақсатында қалай қолдана аламыз? Біз технологияны әлеуметтік тығыз қарым-қатынасты, әлеуметтік кері байланысты және әлеуметтік белгілерді күшейту үшін қалай дамыта аламыз? Біздің қазіргі қауымдастықтардың жұмысын жақсарту үшін қарым-қатынастың жедел, арзан тәсілдерін пайдалану мүмкіндігін қалайша қолдансақ болады?
 Интернет адамдарға өздерін басқа бір кейіпте көрсетуге мүмкіндік береді.
АРАҚАТЫНАСТАР ҚАЛАЙ АЯҚТАЛАДЫ?
Ерлі-зайыптылардың ажырасуына жетелейтін факторларды тізбектеп, айырылысу үдерісін сипаттаңыз
1971 жылы бір ер кісі өзінің қалыңдығына ғашықтық хат жазып, оны бөтелкеге салып, Сиэтл мен Гавай аралдарының арасында Тынық мұхитқа лақтырып жіберген екен. Он жылдан соң оны Гуам жағажайында жүгіріп жүрген адам тауып алады:
«Егер бұл хат сенің қолыңа түскенше мен қартайып, шашыма ақ түссе де, екеуміздің махаббатымыз бүгінгідей балғын болатынын білемін. Бұл хат саған жеткенше бір апта немесе бірнеше жыл өтуі мүмкін... Тіпті егер ол саған ешқашан жетпейтін болса да, менің жүрегімде мәңгі сақталады: саған деген махаббатымды дәлелдеу үшін мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Сенің күйеуің Боб».
Бұл хатты жолдаған адамды телефон нөмірі бойынша іздеп тауыпты. Бұл хатты оқи бастаған кезде ол күліп жібереді. Тіпті күлкісін тия алмайды. Ақыры соңында ол: «Біз айырылысып кеттік», – дейді де телефонды қоя салады.
Бұл – жиі қайталанатын жағдай. Ақылды баста ақымақ шешімдер тууы мүмкін. Адамдар басқа жерден табылып қалатындай болып көрінетін қолдау мен құштарлық сезімдері жайлы қиялдайды да өздерін қанағаттандырмайтын отбасылық арақатынастарды үзеді. Жыл сайын Канада мен Құрама Штаттарда екі некенің біреуі ажырасумен бітеді. Ажырасудың экономикалық және әлеуметтік тежеулерінің әлсіреуіне қарай, 1960 және 1970 жылдары ажырасу көрсеткіштері де өсе түсті. «Ұзақ бірге тұрған сайын махаббатымыз да азая түседі», – деп мысқылдады Ос Гинесс (1993, р. 309).
Жас кезімде мен мінсіз әйел таппайынша үйленбеуге уәде бердім. Мен оны таптым, алайда, өкінішке қарай, ол кемшіліксіз ер адамды күтіп жүр екен.
French Statesman, Robert Schuman, 1886–1963
АЖЫРАСУ
Қандай да бір мәдениеттегі ажырасу деңгейінің көрсеткіші ол елдің құндылықтарынан хабар береді (Triandis, 1994). Қауымдық мәдениеттермен (махаббатпен бірге міндеттер де жүктеліп, жұбайларды «басқалар не айтады» деген ойлар жиірек мазалайды) салыстырғанда индивидуалистік мәдениеттерде (ондағы махаббат дегеніміз – сезім, ал адамдарды «менің жүрегім нені қалайды» деген сұрақ қана мазалайды) ажырасулар көп. Индивидуалистер бір-біріне ынтықтығы сақталғанша ғана некеде болатын болса, қауымшылдар көбіне некесін өмір бойына сақтап қалады. Индивидуалистер некеден ынтықтық пен өз жеке әлеуетін іске асыруды күтеді, бұл қарым-қатынасқа үлкен қысым түсіреді (Dion & Dion, 1993). Бір зерттеуде берік неке үшін «арақатынастардағы романтика сақталуы қажет» деген өлшемді америкалық әйелдердің 78 пайызы маңызды деп тапса, жапон әйелдері арасында бұл көрсеткіш тек 29 пайыз болды (American Enterprise, 1992). Эли Финкель мен әріптестерінің (2014) ойынша, индивидтік қоғамдардағы неке бұзылуының себебі жұптар өз отбасына өз үлесін азырақ салып, көбірек қанағаттануды күтеді, бұл – о бастан мүмкін емес теңдеу.
Дегенмен Батыс қоғамының өзінде, ынтық сезімі аздау болса да, ұзақ мерзімді неке құруға ниеттенгендер және сақтап қалуды көздейтіндер, келісімді әрі біршама мығым отбасылық қатынас құруға бейім (Arriaga, 2001; Arriaga & Agnew, 2001). Берік қатынастардың түп негізі мыналар: махаббат сезімінің ұзақ сақталуы, ажырасудан қорқу, адами жауапкершілікті сезіну және ықтимал болатын балама серіктестерді елемеу (Adams & Jones, 1997; Maner et al., 2009; Miller, 1997). Некені соңғы рет құрып отырмын деп сенетіндер үшін солай болады да.
Отбасын сақтауға ұмтылысы үйленуге себеп болған ыстық сезімдерге қарағанда тұрақты болса, жұптар шиеленісті жағдайлар мен ауыртпалықтар кезеңінен аман-есен өтіп кетеді. Ұлттық зерттеулердің бірі көрсеткендей, бақытсыз некеде бола тұра, отбасын сақтап қалғандардың 86 пайызы 5 жылдан соң бәрін қайта таразылап көріп, өздерінің отбасындағы қарым-қатынастарына, негізінен, «өте» риза екенін жеткізді (Popenoe, 2002). Керісінше, өзімшіл адамдардың қарым-қатынас құруға деген ынтасы төмендеу болады да, олардың арақатынастарының ұзақ мерзімді және табысты болу ықтималдығы айтарлықтай төмендейді (Campbell & Foster, 2002). Сонымен бірге ажырасу қаупі үйленуші адамдардың кім болғанына да тәуелді (Fergusson et al., 1984; Myers, 2000a; Tzeng, 1992). Әдетте мынадай адамдардың некесі ұзақ сақталады:
• 20 жасқа толған соң тұрмысқа шығатындар;
• екеуі де екі ата-анасы бар тұрақты отбасында туып-өскендер;
• некеге дейін ұзақ уақыт кездесіп жүргендер;
• екеуі бірдей жоғары білімді адамдар;
• жақсы жұмыстан тұрақты табыс табатындар;
• шағын қалада немесе фермада тұратындар;
• ешкіммен бірге тұрмаған және некесіз балалары жоқ адамдар;
• дінді ұстанатындар;
• жас мөлшері шамалас, ұстанатын діні және білім деңгейі бірдей жандар.
Бұл алғышарттардың ешбірі өз алдына тұрақты некеге негіз бола алмайды. Оның үстіне, олар тұрақты некелерге тән болғанмен, оның жалғыз себебі болуы міндетті емес. Алайда осы өлшемдердің біреуі болмайтын болса, онда отбасылық қиындықтардың туындауы ықтимал. Ал егер қарым-қатынасыңызда осы өлшемдердің барлығы болатын болса, онда сіздер жұбайлық қатынасыңызды өміріңіздің соңына дейін сақтауыңыз әбден мүмкін. Бәлкім, ағылшындардың осыдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған «ынтық махаббаттың уақытша күші тұрақты неке қатынастарына негіз болады деу жөнсіз» деген сөзі рас шығар. Олардың пікірінше, өз жұбыңды таңдағанда – тұрақты достық сезім мен үйлесімді ұқсастықтарға, ортақ қызығушылықтарға, әдеттер мен құндылықтарға арқа сүйеген дұрыс (Stone, 1977).
Дауласуға қарағанда салқынқандылық, реніш және үмітсіздік – ажырасуға апаратын бірден-бір себеп
АЙЫРЫЛЫСУ ПРОЦЕСІ
Ынтық махаббат көп жағынан сананың өзгермелі күйі... Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттерде адам үйленерде алкогольді мастық ахуалында болмауы тиіс деген заң бар. Бірақ ынтық махаббат дегеніміз де – мас болудың бір түрі.
ақын қарым-қатынастарымыз біздің әлеуметтік сәйкестігімізді анықтауға мүмкіндік береді, ол біздің өз-өзімізді құрметтеуімізді қалыптастырады (Slotter et al., 2010). Осылайша, қарым-қатынасымыз енді басталғандағы өміріміздің ең жарқын сәттерін – баланың өмірге келуі, достасу, ғашық болуды басымыздан қалай өткеретін болсақ, серігіміздің өмірден өтуіне немесе ажырасуға байланысты қарым-қатынасымыз біткен кездегі өмірдің ең қиын тұстарын да солай бастан өткіземіз (Jaremka et al., 2011). Қарым-қатынастың үзілуі өмірлік серігімізді қамыға сағыну, терең мұңға бату, одан соң, эмоциялық жатсыну секілді сезімдерді оятады. Келесі кезеңде бастан өткен сезімдері бірте-бірте ұмытып, жаңа бірдеңеге алданады және болашақты ойлай бастайды (Hazan & Shaver, 1994; Lewandowski & Bizzoco, 2007; Spielmann et al., 2009). Бір-біріне деген құштарлығы баяғыда жоғалып, ажырасқан жұптардың өзі бұрынғы жарының қасында болғысы келетінін сезгенде өз-өзіне таңырқап жатады. Терең және ұзаққа созылған қарым-қатынастардың тез аяқталуы сирек жағдай; айрылысу дегеніміз – оқиға емес, процесс.
Кездесуші жұптар арасындағы қарым-қатынастар тығыз және ұзақ мерзімді болып, серігіне тең келер «балама» болмаған жағдайда айырылысу қиынға түседі (Simpson, 1987). Бұл – таңғаларлық жайт, десе де Рой Баумайстер мен Сара Вотманның айтуынша (1992), айлар немесе тіпті жылдар өткен соң адамдар өздерінің сүйіспеншілігін қабыл алмағандардан гөрі өздері махаббатынан бас тартқан адамдарды өкінішпен еске алады. Бұл өкініш біреудің жанына батарлық әрекеті үшін өзін кінәлі сезінуі, жан серігі болуы ықтимал адамның жүрегін жаралағаны немесе бұл жағдайда қалай әрекет ету керектігін білмеуіне байланысты туындайды. Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасудың қосымша зиянды салдары болады: абдырап қалған ата-аналар мен достар, уәдеде тұрмағаны үшін өзін кінәлі сезіну, отбасының табысы қысқаратынына байланысты уайым және осының кесірінен бала-шағамен бірге өткізетін уақыттың азаюы. Соған қарамастан, адам төзгісіз қарым-қатынастарды жалғастырмау үшін жыл сайын миллиондаған жұптар ажырасуға мәжбүр болады. Мынадай қарама-қайшылық та бар: 328 отбасылық жұп қатысқан бір зерттеу нәтижелері бойынша, қанағаттандыруы аз, бақытсыз деп саналатын неке аяқталған соң депрессия белгілері де 10 есе артқаны дәлелденген, яғни ажырасқаннан кейін адамдар өздерін бұрынғыдан да бақытсыз сезінген 
Қоғамдық пікірді зерттеудің ұлттық орталығының 30 507 үйленген америкалықтарға жүргізген сауалнамасы, 1972–2012
Кэрол Русбулт пен әріптестері (1986, 1987, 1998) күйзеліске ұшыраған қарым-қатынастарға төтеп берудің үш тәсілін зерттеп көрді (1-кесте). Кейбір адамдар шыдамдылық танытып, келешегінен үміт күтеді және жағдайдың жақсаруын күтіп бағады.
1-КЕСТЕ. Өзара қарым-қатынастағы қиындықтардан туындайтын реакциялар






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет