Реферат тақырыбы: Термин сөздер Орындаған: Раисов Жаслан Астана,2023 2



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата20.09.2023
өлшемі282,58 Kb.
#109065
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат (1) (2) (3) (2) (1) (1) (1) (1) (5)



"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті"
РЕФЕРАТ 
Тақырыбы: Термин сөздер
 
 
 
 
Орындаған: Раисов Жаслан 
Астана,2023



Жоспар: 
 
І. Кіріспе 
 
ІІ. Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы. 
 
а) Қазақ лексикасының терминденуінің төрт кезеңге бөлінуі. 
ә) Қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңі 
б) ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ лексикасының терминденуі. 
в) 30-90-жылдар аралығындағы қазақ лексикасының терминденуі. 
г) Қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі 
ІІІ. Қорытынды 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Кіріспе 
Әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы 
мемлекет ретінде таныды. Кез келген елдің мемлекеттілігін айқындайтын негіз 
қалаушы фоктор оның тілі болып табылады. 
Көп ғасырлық тарихы бар қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне 
байланысты оның қоғамдық маңызы арта түсті. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік 
– қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық 
терминологияны реттеудің, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар. 
Ұлттық тілді дамытуда мүдделі өркениетті тіл саясатының маңызды құрамдас 
бөлігі ретінде териминология проблемаларына үлкен мән беріледі. Германия, 
Франция, Ресей сияқты елдерде терминология комитеттерінің, комиссиялары 
мен қоғамдық институттарының жұмысы жолға қойылған. Олар өздерінің 
терминологиялық жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі 
қызметін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар 
терминологиялық жұмыстардың негізі салалық ғылыми — әдістемелік 
бағыттарын да айқындайды. Бұл ретте нысаны жағынан айрықша мән беріледі. 
Қазақстан тілдің өзара іс – қимылын, тіл құрылымын, оның ішінде 
терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қызметте халықаралық 
қатынастардың тең құқықты субъектісі ретіндегі тәуелсіз мемлекет бола 
отырып, әлемдік тәжірибенің неғұрлым оң үрдістерін тиімді пайдалануға тиіс. 
Тәуелсіз мемлекеттің тілді дамыту саласындағы ғылымы елдің барлық рухани 
– мәдени өмірінің оң ілгерілеуіне және прогресіне сәйкес келуі тиіс. Қоғамдық 
өмірдің маңызы салаларында қолданылуы аясын кеңейтуді талап ететін 
мемлекеттік тілдің қазіргі жай – күйі, оның даму перспективалары ұлттық 
терминологияның 
даму 
деңгейімен, 
оны 
реттеумен, 
жүйелілігімен, 
тұрақтылығымен және оның қолданылу аясының ауқымымен өзара тығыз 
байланысты. 
Ұлттық терминология саласында қол жеткен нәтижелер мен орын алған 
кемшіліктиерді талдай отырып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының қазіргі 
кезеңіндегі өзекті негізгі мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып, 
оны дамытудың қағидаттары мен бағыттарын белгілеу қажет, осыған 
байланысты 
еліміздегі 
демократиялық 
өзгерістерге 
сәйкес 
келетін 
терминология саласындағы жұмыстарды одан әрі дамыту, жүйелеу мен 
үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасындағы терминологиялық 
жұмыстың біртұтас тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындап отыр. 
Тұжырымдамада 
сасалық 
және 
салааралық 
ғылыми 
терминдерді 
қалыптастыруға, ғылым салалары бойынша сөздік дайындауға, қазақ тілінің 



қолданылу аясын кеңейтуге, оны бір жүйеге келтіруге, терминдер жасауға 
негізгі бағыттар сілтейді. 
Термин – (лат. terminus деген сөзі, қазақша мағынасы – бір нәрсенің шегі, 
шекара) шекралық белгі. Терминдер – ғылым мен техника, мәдениеттің әр 
саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздері. 
Терминдер – нақты бір ұғым атауы. Терминдердің лексмканың басқа 
түрлерінен басты айырмашылығы олар көп мағыналы емес, бір ғана нақты 
мағыналы болып келеді: оларда эмоционалды бояу, экспрессивті – 
стилистикалық қызмет болмайды. 
Терминдер ғылым – білімнің бір саласына – бір терминологияға тән болып 
келеді. Сонымен бірге кейбір термин ғылымның бірнеше саласында 
қолданылуы мүмкін. Жеке бір ғылымның өзіне тән негізгі терминдері мен 
терминологиясы болады. 
Терминология кең мағынасында «адамның кәсіптік қызмет саласындағы 
қолданылатын арнаулы лексиканы қамтитын, тілдік сөздік құрамынының 
бөлігі». Терминология – арнаулы ұғымдарының жүйелік ерекшелігін көрсете 
отырып, оның коммуникативтік қажеттілігін өтеуге қызмет ететін атаулар 
жиынтығы. 
Терминология терминінің өзі көп мағыналы термин. Ғалымдар оынң 5 түрлі 
мағынаны білдіретінін көрсетеді. 
Термин – сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген саны белгісіз 
терминдер; 
Қандай да бір сала терминдерінің (ұғымдары мен атауларының) жиынтығы 
(медицина терминологиясы, география терминологиясы); 
Терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім; 
Белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы терминдердің жасалуы, 
құрамы мен қызметі жәгне олардың басқа тілдердегі баламалары туралы ілім; 
Жалпы терминологиялық ілім. 
Осы көпмағыналықтан арылу мақсатымен болса керек, соңғы он шақты жыл 
көлемсінде Ресей ғалымдары термин, терминология мәселелерін зерттейтін 
ілімді терминоведение деп атап жүр. Біз де ұғымдар ара – жігінің бұлайша 
ажыратылуын қолдаймыз. Сондықтанда терминоведение атауын терминтану 
деп қолданып жүрміз. Тілдегі барлық терминдер жиынтығын – терминология, 
ал белгілі бір арнаулы сала терминдерінің жиынтығын — салалық 
терминология, ал общая терминология атауын – жалпы терминтану деп бір ізді 
атаған дұрыс болар деп ойлаймыз. 



Терминологиялық лексиканың әдеби тілге қатысы туралы мәселеге деген 
ғылымдардың көзқарасы да бірдей болмай келгендігі белгілі. А. Суперсканская 
және басқа ғалымдар ондай пікірлерді үш топқа жіктейді: 
Терминология — әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін бір бөлігі. 
Терминология — әдеби тілмен аз ғана ортақтығы бар ұлттық тілдің дербес 
лексикалық бөлігін құрайды. 
Терминология — ешқандай тіл емес, ол жасанды таңбалардың жүйесі болып 
табылады. 
Бұл үш түрлі пікірдлің алғашқы екеуінің қайсысы дұрыс деген мәселе туралы 
ойлануға, пікір таластыруға болар, ал үшіншісінің ғылыми негізі берік деп 
аутуға болмайды. 
Терминдердің негізгі басым бөлігі белгілі бір ұлт негізінде жасалған сөздер 
екендігін ескерсек, бүкіл терминологияны жасанды таңбалар жиынтығы деп 
оны тілден мүлде бөліп қарастырудың реті бар деп айту қиын. Ал алдыңғы екі 
көзқаоасты жақтаушылардың да алға тартатын өзіндік деректері мен 
дәлеледері бар. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдарға дейін тек «Терминология 
— әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін бір бөлігі» деген пікір ғана орын 
алып келеді. Екінші көзқарасқа назар аударушы зерттеушілер бізде соңғы 
кездері ғана пайда болды. Жалпы терминологиялық әдеби тілге қатысы туралы 
мәселе әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. 
Ғылым мен техниканың, өндіріс пен өнердің алуан түрлі сондай арнаулы 
салаларындағы деректі және дерексіз ғымдардың атаулары мыңдап саналады. 
Сонда белгілі бір арнаулы сала атауларының жиынтығын – салалық 
терминология деп атайды. Мұндай терминдер жиынтығын география 
терминологиясы, физика терминологиясы, математика терминологиясы
музыка терминологиясы деп саласының атауларын негізінен осы салаларды 
зерттейтін ғалымдар мен практик мамандар жасайды. 
І тарау. Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы. 
А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, Е. Омаров, Т. Шонанов, Ә. Ермеков, Ж. 
Аймауытов, М. Дулатов, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Күдерин, М. Жұмабаев, Н. 
Төреқұлұлы сияқты ағартушы қазақ зиялыларының өкілдері өткен ғасырдың 
бірінші он жылдығынан бастап қазақ тілінде алғғашқы оқулықтарды шығарып, 
орыс тілінен кейбір шығармаларды ауыстыра бастады. Қазақ зиялыларының 
өкілдері ғылымның кейбір салалары бойынша сол тарихи кезеңнің 
қажеттіліктеріне сәйкес терминологиялық атаулар жүйесін іріктеуді ғылыми 
негізінде жүргізді. 



Ұлттық терминологияның қалыптасуына, әсіресе нақты ғылыми салалар 
жекелеген пәндерге деген мұқтаждықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан 
ұлы ғалым Б. Байтұрсыновтың еңбегі айрықша маңызға ие болды.Қоғамдық 
санасын ғылыми нысанын дамытуда және оны тереңдетуде, ғылыми танымның 
ауқымын кеңейтуде жоғарыдағы аталған ғалымдар еңбектерінің ықпалы 
өлшеусі мол болды. Осылайша, тілде терминологиялық сипаттағы жаңа 
атаулар мен сөз орамдары пайда болды. 
ХХ ғасырдың 10-30 жылдарындағы, А. Байтұрсынов кезеңіндегі ұлттық 
терминологияның ең басты ерекшелігі – бұл термин ретінде қазақтың байырғы 
сөздерін кәдеге жарату және жалпы халық тілінің сөз байлығын барынша 
пайдалану болды. Алайда, бұл қағидаттың ғұмыры қысқа болды. [3.5] 
1940 жылдан бастап идеологиялық қысымның салдарынан терминдерді 
аудармасыз қолдану не орын тіліндегі нысанын өзгеріссіз сақтак практикасы 
кеңінен енгізіле бастады. Әсіресе, 1960 жылдардан бастап жасалған тер 
терминдердің ішінде қазақ терминдерінің саны шектеулі болды. Дегенмен, 
1940-1990 жылдар кезеңінде 150-ден астам терминологиялық сөздік 
шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы сөздік 
шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы оң маңызын 
теріске шығаруға болмады. 
Кеңес дәуіріндегі қазақ терминологиясында орыс және шетел терминдері сыни 
талғамсыз қолданылды, қазақ терминологиясының басты қағидаттары еленбей 
қалды. Орыс тілінен енгізілген терминдер және орыс тілі арқылы келген 
халықаралық терминдер орыс тіліндегі сияқты өзгеріссіз қолданылуы тиіс 
деген реже күштеп енгізілді және нұсқау заңдастырылды. 
Осы кезде шығарылған терминолгиялық сөздіктердің көпшілігі басқа 
тілдерден 
алынған 
терминдердің 
негізінде 
әзірленді. 
Нәтижесінде 
терминология жүйесінде қазақ сөзінің үлес салмағы мүлдем аз болды. 
Осылайша қазақ терминологиясыны өзінің ұлттық келбетін жоғалта бастады. 
Егемендік алуға және қазақ тіоліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуіне 
байланысты ұлттық терминология проблемаларына ерекше мән беріле 
бастады. Қазақ терминологиясының ұлттық ерекшелігін жаңғырту үшін жаңа 
мүмкіндіктер ашылды. Бұрынғы ондаған шет ел терминдері сәтті қазақша 
баламалар таңдалып алынды. Тәулсіздік жылдары әртүрлі ғылым салалары 
бойынша шығарылған сөздіктердің жалпы саны жүзден асып жығылады.Соңғы 
жылдары ресми іс жүргізу саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында және 
білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді пайдаланудың үлес салмағы арта 
бастады. Қазақ тілін жазбаша және ауызша нысанда қолданудың жандануына 
байланысты зерттеушілердің басым көпшілігінің назары тілдің ішкі 



мүмкіндіктерін зерттеуге аударылды. Сондай-ақ, сөзжасамдық белсенділік те 
жаңа сапалы деңгейге көтерілді. 
Іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген терминдердің едуәір бөлігі ғылым – 
білім, оқу – тәрбие, әлеуметтік – саяи салалардағы ежелгі сөздерді «жаңғырту» 
жолымен жасалды. 
Алайда, соңғы жылдары қазақ тілінің терминологиялық жүйесін әзірлеу 
белсенділігінің күрт өсуіне қарамастан, ұлттық нақыштағы терминдерді жасау 
кезінде қазақ тілінің ішкі ресурстары, лингвистикалық ғылымның жетістіктері 
барынша толық пайдаланылмай келеді. Қолданылып жатқан шаралар 
жеткіліксіз болуда. Оның басты себептері: өзара әрекеттесетін екі негізгі 
фактордың — тілдік фактордың әсіресе бағалауынан және тілдік емес 
(әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық, өзге 
де) фактордың ескерулерінен тілдік ахуалдың қалыптасуы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет