8
тіл саясаты белгілейтіндігіне өткен ғасырдағы қазақ терминологиясының даму
жолдары куә бола алады.
1.2. Қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңі
Ұлттық ғылыми терминологияның қалыптасуын алғашқы басылымдардың,
оқулықтардың, ғылыми еңбектердің жарық көріп,
ғылым салаларының
саралана бастауымен байланыстыра қарастыру дұрыс. Алайда жазу мен
алғашқы баспа өнімдері пайда болмастан көп бұрынғы кезеңдерде де халық
өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сан түрлі салаларының,
әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық қатынастар, халықтың әдет- ғұрып, салт
– дәстүрін т.б. көрсететін лексикалық қабаттың болғанын,
ғылыми
терминологияның қалыптасуына негіз болған сол бай мұраның арнайы
зерттелмей келе жатқанын тілші ғалымдар айтып жүр.
Мәселен, осындай пікір айтушыдлардың бірі – түрколог ғалым К. Мұсаев. Ол
өз пікірін былай білдіреді: «Айналысатын шаруашылықтарына орай әр түрлі
тілдерде терминологияның түрлі салалары дамыған. Мысалы, эстондардарда
балық шаруашылығы, әзірбайжандарда мұнай өндіру мен өңдеу,
қазақта мал
шаруашылығы мен халық шаруашылығы, армяндарда құрылыс, грузиндерде
қолөнер, өзбектерде жібек және мақта шаруашылығы,
бақша өсіру мен
суармалы шаруашылыққа қатысты атаулары мол кездеседі».
Осыған ұқсас пікірлерді жекелеген ұлттық тілдердің терминологиясын
зерттеген ғалымдардың көпшілігінің еңбектерінен ұшыратуға болады. Қазақ
терминологиясының 80-жылдардың ортасына дейінгі даму жайын сөз еткен
еңбектерінде тілші ғалымдар Ә. Қайдаров пен А. Әбдірахманов саналы түрде
жасалатын терминологиялық лексиканың ең алдымен бай халықтық
терминологияға
негізделетінін, терминологияны түзетін жалпыхалықтық
көздердің тамыры тереңде жатқанын сөз қыла келіп, терминдік мәнде
жұмсалатын көптеген сөздердің бізге көне түркі жазба ескерткіштерінен
жеткенін айтады. Олардың қатарына көне түркі
сөздігінде берілген мынадай
терминдерді жатқызады:
туыстық атаулар: ата, әже, апа, сіңілі, келін, жиен, т.б.
табиғат құбылыстары мен олардың байлығын көрсететін терминдер: жер, тау,
тас, алтын, күміс, темір, т.б.
қоғамдық – саяси құрылысты көрсететін терминдер: қаған, бек, тархан, құл,
күң, шығай, т.б.
мал шаруашылығы терминдері: ат, айғыр, тай, бұқа, т.б.
9
анатомиялық атаулар: бас, аяқ, құлақ, жүрек, т.б.
Сондай – ақ ғалымдар көшпелі өмір салтын кешіп кең байтақ жерді иеленген
қазақ халқының тілі жер бедерін және өсімдіктиер дүниесін білдіретін
жағрафия, өсімдіктені атауларына бай екендігін де өте орынды көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: