Реферат тақырыбы: Термин сөздер Орындаған: Раисов Жаслан Астана,2023 2


 30-90-жылдар аралығындағы қазақ лексикасының терминденуі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата20.09.2023
өлшемі282,58 Kb.
#109065
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат (1) (2) (3) (2) (1) (1) (1) (1) (5)

2.1. 30-90-жылдар аралығындағы қазақ лексикасының терминденуі. 
Термин шығармашылығының бұл кезеңі 1930 жылдардың басынан 1990 
жылдарға дейінгі аралықты қамтиды. 
1933 жылы КСРО ҒА –ның техникалық терминология комиссиясы құрылып
ол кейінірек ғылыми – техникалық терминология комитеті болып қайта 
өзгертілді. 1933 жылы Қазақстанда да Мемлекеттік терминология комиссиясы 
құрылды. Мемлекеттік комиссия болғандықтан да бұл комиссия құрылған 
күннен бастап өз жұмысын КСРО деп аталған алып мемлекеттің тіл саясатына 
сәйкес жүргізілді. 
1935 жылы майда өткен Бүкілқазақстандық мәдениет қызметкерлерінің 
съезінде профессор Қ. Жұбанов ұсынған қазақ терминологиясының жаңа 
принциптері бекітілді. 
Термин шығармашылығына партиялық басшылық шектен тыс күшейтіліп, 
ғылыми терминологияны дамытудың өз уақытына лайық жаңа кезеңі басталды. 
Бұл істе кейбір партия қызметкерлері барынша белсенділік танытты. 
30- жылдарға дейін термин мәселесімен айналысқан, ұлттық ғылыми 
терминологияның даму бағытын белгілеген А. Байтұрсынұлы бастаған кадрлар 
1937-38 жылдары әкімшіл — әмәршәл жүйе тарапынан жойылды. 1940-50 
жылдар аралығында қоғамның назары екінші дүниежүзілік соғысқа және одан 
кейінгі бесжылдықта соғыс зардаптарын жоюға аударылда да, термин 
қалыптасытырудың 40-жылдарға дейінгі қарқыны біршама бәсеңдеп қалды. 
2.2. Қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі 
Бір орталықтан басқарылып келген кеңес одағының ыдырауы сол құрама 
кіретін республикалардың саяси – экономикалық, рухани – мәдени өміріне 
үлкен өзгерістер әкелді. 
Тәуелсіздікке қолы жеткен елдердің тілдері Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие 
болып, сол елдерде қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ете бастады. 
Қазақ тілінің сол қатарға қосылуына байланысты кешегі комунистік 
идеологияның талаптарын толық қанағаттандырып келген қағидалар мен 
ережелердің біразы бүгінгі күннің ерекшеліктеріне орай сөзсіз өзгертілуі 


10 
қажеттілігі айқын көрініп отыр. Солардың бірі қазақ терминологиясын 
қалыптастыру мен дамытудың принциптері. 
Кеңестік дәуірде жасалған терминдердің біразының бүгінгі таңда өзгертіліп 
жатуының ең басты себептерінің бірі – олардың қазақ тілінің өз ерекшелікетері 
ескерілмеген терминжасам принциптері бойынша жасалғандығынан екендігін 
мойындауымызға тура келеді. 
Тіл – халық өмірінің айнасы іспетті. Ұлттың өміріндегі болып жататын барлық 
өзгерістер мен жаңылықтар тілден көрініс табады. Әсіресе терминологиялық 
лексикадан 
мұны 
анық 
көруге 
болады. 
Қазақ 
тіліндегі 
термин 
шығармашылығының әрбір кезеңі халық өміріндегі тарихи – мәдени және 
әлеуметтік – экономикалық өзгерістермен тікелей байланыстылығымен 
ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет