Реферат Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері Орындаған хб-31 топ студенті: Тлеулиева Ж


Қышқыл ортада перманганатпен титрлеу



бет3/5
Дата26.09.2024
өлшемі0,74 Mb.
#145852
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері

Қышқыл ортада перманганатпен титрлеу.
Қышқыл ортада перманганатпен түрлі органикалық және бейорганикалық заттарды титрлеу қиынға соғады. Бұл марганецтің әртүрлі дәрежелі қышқыл ерітінділерде болу қасиетімен түсіндіріледі. Мn2+, Мn3+, МnІV, МnVІ, МnVІІ МnО4 – иондарының қалпына келуі процесі кезінде пайда болатын марганецтің төмен зарядты иондарының өзі, перманганаттың қатысуымен үлкен зарядтарға дейін тотыға алады. Сондықтан осы иондардың арасындағы динамикалық тепе-теңдік күйі сутек иондарының концентрациясына және МnО4- қалдығына тәуелді. КМnО4- пен жүргізілетін қышқылдау-қалыпқа келтіруші реакциялар өлшенетін жылдамдықпен жүретіндіктен марганец иондарының қышқылдау аралық формаларын пайда болдырмау үшін анықталған [А+] мәнінде және температурада перманганат ерітіндісімен титрлеуді ақырын жүргізу керек. Қышқыл ортада қымыздық қышқылы асқын сутек, мышьяк қышқылы, иодсутек, күкіртті қышқыл, күкіртсутек қышқылы, азот және т.б. қышқылдары, сондай-ақ гексацианоферраты (ІІ), тиосульфаты, фосфиттер және металдардың ионы өздерінің төменгі тотығу дәрежесінде: Ғе2+, V2+, Vо2+, Ге3+, Сr2+ және т.б. перманганатпен жеңіл тотығады. Ақырын перманганатпен тотықтырушы-тотықсыздандырушыларды тотықтыру кезінде, тотығу-тотықсыздандыру реакциясын жылдамдататын катализаторлар (Мn2+, Ғе3+) қосады.

Сілтілік ортада перманганатпен титрлеу.
Әртүрлі бейорганикалық және органикалық заттардың сілтілік ортада перманганатпен тотығуы қышқыл ортада тотығуынан қиынырақ. Бұл тотығу-тотықсыздандыру реакциясының бірінші сатысында манганат пайда болуымен түсіндіріледі.

Бұл жүйенің қышқылдау-қалыпқа келтіруші потенциалы: Е0МnО4-/МnО42- = +0,54в, яғни [ОН-] немесе [А+] тәуелді емес. Тотығу-тотықсыздандыру реакциясының екінші сатысында манганат марганецтің (ІV) қосылыстарына дейін тотықсызданады

Бұл жүйенің қышқылдау-қалыпқа келтіруші потенциалы Е0МnО42-/МnО2 = +0,57в, яғни [ОН-] немесе [Н+] тәуелді емес.
Перманганаттың манганатқа ауысуы, манганаттың манганитке ауысуынан әлде қайда тезірек жүреді. Екінші сатыдағы жылдамдық [ОН-] үлкейген сайын өседі. Сілтілік ортада фермиаттар, иодидтер, иодаттар, цианидтер, роданидтер және т.б. қосылыстар жеңіл тотығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет