Тотығу-тотықсызданутитрлеу әдістері Тотығу тотықсыздану титрлеу әдістері екіге бөлінеді: редуктометрия және оксидиметрия.
Редуктометрия титрант тотықсыздандырғыштың ерітіндісі оған аскорбин қышқылы, гидразин, гидрохинон жатады.
Оксидиметрия титрант тотықтырғыштың ерітіндісі оған калий перманганаты, йод, калий бихроматы жатады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі-анықталатын затты тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш титрлеуге негізделген.
Тотығу-тотықсыздану реакциясының төрт түрі бар:
- перманганатометрия – KMnO4;
- иодометрия – J2 немесе J-;
- дихроматометрия –K2Cr2O7;
- броматометрия – KBrO3.
Перманганатометрия (KMnO4) Перманганометрияда стандартты тотықтырушы ерітінді ретінде негізгі зат КМnО4 қолданылады.
KМnO4 ортаның рН шамасына байланысты әртүрлі өнімге дейін тотықсызданады:
Қышқылдық ортада (ерітінді түссізденеді)
Бейтарап ортада (ерітінді сары түсті)
Сілтілік ортада (ерітінді жасыл түсті)
Перманганатометриялық титрлеуді көбісінде тек күшті қышқылдық ортада жүргізеді, ол үшін тек 2н Н2SO4 күкірт қышқылы ерітіндісін қолданады.
KМnO4 стандартталған ерітіндісінің титрін анықтау үшін қымыздық қышқылының дигидраты Н2C2O4*2Н2O немесе сусыздандырылған Na2C2O4 натрий оксалатының біріншілік ерітінділері қолданады:
Титрлеуді бейтарап ортада өткізгенде редокс-индикаторларды қолдануға болады:
Дифениамин
Дифениламинсульфоқышқылын
Ферроинды
Перманганатометриялық титрлеуді тура, кері және жанама жолмен жүргізеді.
Перманганатометрияның практикалық қолданылуы:
Йодометрия әдісінің негізінде келесі реакция жатыр:
Тотықтыру қышқылдау қышқылдың сілтілік немесе нейтрал ортада жүруі мүмкін. Қышқыл ортада тотықтыру кезінде тотықтыру үшін қолданылатын КМnО4 құрамындағы марганец, Мn2+-ке дейін тотықсызданып, марганец (ІІ) тұзы пайда болады.
Бұл жүйедегі тотықтырудың тотықсыздану потенциалы келесі теңдеумен сипатталады.
Бұл жағдайдағы КМnО4-тің грамм-эквиваленті келесі формуламен сипатталады.
Сілтілік немесе нейтрал ортада калий перманганатының стандартты ерітіндісімен титрлегенде, марганец (VІІ) марганец (ІV) дейін тотықсызданып, МnО2 пайда болады, яғни оның тұнба түрінде түсетін қосылысы МnО(ОН)2 гидраты болады.
KMnO4-ң грамм-эквивалентінің шамасы:
МnО4-/Мn2+ жұбының стандартты потенциалы, МnО4-/МnО2 жұбының стандартты потенциалынан әлдеқайда жоғары. Осыдан шығатын тұжырым: қышқылдық ортада перманганаттық тотықтыру қасиеті, сілтілік ортаға қарағанда жоғары.