Реферат тақырыбы: «Түрлі ұлттық мәдени ерекшеліктері»



бет1/4
Дата25.06.2023
өлшемі25,69 Kb.
#103346
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Түрлі ұлттық мәдени ерекшеліктері (1)


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
«Хореография және Мәдение-тынығу жұмысы» кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:


«Түрлі ұлттық мәдени ерекшеліктері»

Орындаған: МТЖ-21 тобының студенті Какибаева Д.Е.


Тексерген: оқытушы, магистр
Абуова Р.С.
Орал, 2021ж.
Жоспары

Кіріспе.......................................................................................................................3


Негізгі бөлім
1.1 Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар.........................................................4
1.2 Ұлттық мәдениет ерекшеліктері мен үрдістері..............................................6
Қорытынды..............................................................................................................8
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................10


Кіріспе
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, “этнопсихология” рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. “Азшылық” халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және “мәдениет” мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. “мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет