Реферат тақырыбы: «Түрлі ұлттық мәдени ерекшеліктері»



бет2/4
Дата25.06.2023
өлшемі25,69 Kb.
#103346
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Түрлі ұлттық мәдени ерекшеліктері (1)

Негізгі бөлім
1.1 Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да болар мәдениеттану саласында түрлі мектептер қалыптасып, ондағы мәдетшеттанушылар “мәдениет” мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы: мәдениетті “семиотикалық” тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю.Лотман және мәдениетті “әдебиеттік” (С.С.Аверинцев), тарихи (Л.Н.Баткин) методологиялық (А.Кребер, К.Клахкон) антропологиялық (М.Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың “мәдениет” мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке байланысты түрлі көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз керек. Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықган бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды, тарихты, психологаяны игергеңде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегіңде тарихшы, психолог және социолог.
Мәдениетті әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс әдебиетінде мәдениеткс: 257 анықтама-берілгендігі жөніңде американ мәдениеттанушылары А. Кребер мен К.Клахконның мәліметтерін келтірсек те жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін және дүниедегі болып жатқан мәдени өзгерістерді есепке алсак, мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыдан да кеңей түсті. Әрине, әкімшілік – әміршілік жүйе жағдайында мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында да өзінің нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де байланыстырады.
Шындығында да, экономикалық және саяси ерекесіздіктің басты себебі — мәдениетсіз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Републикасының алдыңда тұрған басты мақсат — халықтың рухани байлығы- мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі қомақгы болмақ. Әрине, мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған карамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Мәдениеттанушы, ең бірінші кезекте, мәдени қызметтің нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.) санасса да, оның басты мақсаты- тереңде жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің екінші-“коммуникативтік” жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершшік тұрғыдағы қарым-қатынастарының дәрежесіне де байланысты болып келеді. Ең соңында, мәдениеттің негізі,оның түйіні мен маңызы туралы мөселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен де, рәміздік жүйесін қабылдаған ұлттың психоло-гиялық түрімен, сакрализация тесілімен де жеке т.б. байланыстырады. Қалай болған да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізгі және этностың рухани кеңістігі — мәдени дәстүрлердің дамуында ең басты факторлар болып қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатыңда сөзсіз мәдениет археологиясьша сүйенеді, оның генезисін, өмір сүруі мен дамуының құпияларын ашып, мәдениет мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді.
Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
Осы айтылғандар ғылыми пән ретінде мәдениетгану пәні және оның алдында тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі-адамзаттың ерекше өмір сүруі тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты- дүниежүзілік және ұлтық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіріп қана қоймай, оларды бол?.. ай әрі басқара білу. Ең бастысы — мәдениеттану ғылымы мәдениеттің қайнар бұлағынан сусыңдай білуі қажет. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауыш ұмыта бастағандығынан да болуы керек. Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл мәдениеттану пәннің қосар үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген бұл жас ғылым саласының болашағы да зор болатындығына күмән келтіруге болмас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет