1.2 Ұлттық мәдениет ерекшеліктері мен үрдістері Мәдениет ұғымы философиялық, соцйологиялық, саяси және көркем әдебиетте жиі ұшырасады. Мысалға тарих пәні бойынша «Беғазы-Дәндібай мәдениеті», «Пазырық мәдениеті», «мәдениеттің орта ғасырлардағы дамуы» деген ұғымдар жиі кездеседі. «Демократиялық мәдениет», «бұқараның саяси мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті», «киім кию мәдениеті» деген түсініктер мен қалыптар да бар.
Мәдениет – қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы. Мәдениетөнімдерін жасаудың мұраты айналаны қоршаған ортаны өзгертуге, адамзаттың тарихи дамуы үдерісінде жинаған бар байлығын жеке адамның рухани игілігіне жаратуға, адамды дамытуға бағытталуынан көрініс табады.
Рухани мәдениет – ғылым, әдебиет пен өнер, философия, мораль, құқық, білім беру істерін қамтиды. Сонымен қоса, рухани мәдениет бұқараның саяси мәдениетін де қамтиды. Қоғам мүшелерінің, таптардың, түрлі әлеуметтік топтардың, жеке адамның қызметінің сапасы, көзқарастары, ділділігі тұтастай қоғамның мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Жеке адамның, әлеуметтік топтардың қоғамдық қатынастарды өзгерту субъектісі ретіндегі қызметінің сапалық көрсеткіштері әлеуметтік дамудың да шамасын сипаттайды.
Адам, қоғам және мәдениет – бұл үшеуі бір-бірінен ажырағысыз, тұтас дүние. Мәдениеттің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні оның ешқашан жеке адамның қолымен емес, тек қоғамның күшімен жасалатынынан көрініс береді. Өйткені кез келген адамның жетістігі оның өзінің жетістігі бола алмайды. Барлық жағдайда мәдениеттің дамуы мен қоғамның дамуында сәйкестік болып, олар бір-біріне тура ықпал етіп отырады.
Мәдени даму – қоғам дамуының мәнді бір саласы. Егер қоғамды тұтас бір дене десек, мәдениет оның бір жанды ағзасы болып шығар еді. Қоғам дамуындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер мәдениеттің дамуына да тікелей әсет етіп отырады.
Мәдениет дегеніміз қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы. Ал Қазақстанның географиялық орналасуы жағын қарастырсақ еліміз шығыстық елдер қатарына жатады сондай-ақ Азия құрлығына шектеседі қоғам өмірінде, шаруашылығы мен мәдениетінде тұрмыстық пайдаланатын материалдық игіліктер Шығыс және Батыс мәдениетінің түрлерін қамтиды, сондықтан біздің мәдениетіміз орналасқан жеріне байланысты дүние жүзінде іске асырылып жатқан мәдени үрдістерден тыс қалмай, солармен қатар дамып келеді.
Біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұратындықтан мәдениетіміз көптілді және көптүрлілік сипат алады кез келген азамат өзінің белгілі бір ұлт өкіліне тәнділігіне орай белгілі бір тілде жасалынған мәдениетті тұтынады. Біздің жеріміздегі мәдениет түрі мен жанры жағынан бай және әр алуан, мазмұны жағынан халықтар достығының жаршысы және көрінісі ретінде ерекшелеп көрсетеді.
Ұлттық мәдениеттің жалпыға бірдей қабылданған, бірмінді айқындамасы жоқ, оның бірнеше айқындамасы бар. Солардың ішіндегі негізгі екеуіне тоқталымыз. Оның біріншісі – ұлттық мәдениет дегеніміз белгілі бір ұлт өкілдерінің күшімен жасалған мәдени-рухани мұралардың жиынтығы. Жинақтай айтқанда, қазақ ұлты өкілдерінің интеллектуалдық және тәни күшімен жасалған мәдениет жетістіктерінің барлығы қазақ халқының мәдениеті болып табылады.
Ұлт қалыптасқанға дейінгі мәдениет те ұлттық мәдениет шеңберінде алынып қарастырылыды. Мұның өзіндік қисыны бар. Сонымен қоса, бұл тұстан туындайтын проблемалар да жоқ емес. Мысалы, сөз қазақ халқының ұлттық мәдениетіне қатысты болатын болса, қазақ ұлт ретінде атала бастаған ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бұрын жасалған туындыларды да ұлттық мәдениетке қосады. Бұдан ұлтқа дейін жасалған мәдени мұраларды иемдену хақында тарихи туыстас халықтар арасында талас туып жатады.
Қазақтармен түбі, туыс халықтар – өзбектер, ноғайлар, қарақалпақтар, қырғыздар, түркмендер, әзірбайжандар арасында талас тудыруды мүмкін мәдени объектілер мен ұлы қайраткерлер көп. Ондай талас Қорқыттың, Әл-Фарабидің, Ә.Бирунидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің шығармашылық мұраларына немесе «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Қырымның қырық батыры», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты эпостық және лиро-эпостық жырларына қатысты туындап жатады.
Адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі кезеңдеріндегі мәдениеті қазіргі қазақ халқының ғана емес, онымен туыстас өзге ұлттардың да мәдениетінің бастауы болып табылады. ХҮ ғасырға дейін қазақ және өзге түркі тектес халықтар мекен еткен жерде өмір сүрген рулар, тайпалар, ұлыстар, б.з.д. І мыңжылдықтардағы түркі тайпалары – ғұндардың, сақтардың, б.з.д ҮІ – Х ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінің қарамағына енген халықтардың мәдени мұралары қазақтың және онымен туыстас халықтардың ұлттық мәдениетінің бастаулары және ол мұралады өздерінікі деп мәдениеттің бастаулары және ол мұраларды тең пайдалануға тиіс. Сол сияқты біз ХІІІ ғасырға дейінгі кезеңдегі қазақ және қазіргі өзбек жерлерінде тұрған қалалардағы гүлденген мәдениет, ғылым және көркемөнер туындыларына, материалдық өндіріс саласындағы жетістіктердің бәріне де ортақ игілік ретінде қарап бағалауымыз керек.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті адамға ұлтаралық қатынастарды тану, дамыту, өзгерту және жетілдіру үшін қажет және ұлттық прогрестің де, жалпыұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеудің де тиімді құралы және тәсілі ретінде әрекет етеді.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті- ұлттық саясат саласындағы мәдениет. Бұл белгілі бір жүйелік сапа, халықтардың әлеуметтік өмірі мен қызметінің тәсілі, ұлттық және интернационалистік идеялардың, нормалардың, нанымдардың және т.б. олардың бірлігі мен өзара байланысында дамуы мен сабақтастығын қамтамасыз ету нысаны. "Халықаралық қарым-қатынас мәдениеті" ұғымы әлеуметтік топтардың, топтардың, таптардың, халықтардың да, жеке тұлғаның да мәдени деңгейін сипаттауға қолданылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті көбінесе халықтың жалпы қарым-қатынас мәдениетімен байланысты. Қоғам жаңарған сайын әр түрлі ұлт өкілдерінің саналы және тығыз бірігуіне көшу жеделдейді. Қазақстанда және басқа да достас елдерде қалыптасқан адамдар, таптар, әлеуметтік топтар мен халықтар арасындағы жаңа қатынастар халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін объективті қажеттілік ретінде айқындайтын жағдайлар жасайды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті- бұл ұлттық қауымдастықтардың дамуы мен жақындасуы негізінде туындайтын және халықтардың экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми-техникалық дамудағы нақты теңдігін, олардың арасындағы достық өзара көмекті, бір-бірінің ұлттық мүдделері мен ұлттық ерекшеліктерін ескеруді, ұлттық тілдерге құрметпен қарауды көздейтін қоғамдық қатынастардың ерекше сапасы.
Құрылымдық тұрғыдан алғанда, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті оның диалектикалық өзара байланысты және өзара тәуелді екі негізгі компонентінің болуын болжайды. Біріншісі адамның ғылыми білім деңгейі және ұлттық процестердің мәнін түсіну, ғылыми ұлттық саясаттың принциптері мен талаптарын сақтау қажеттілігіне сену сияқты қасиеттерінің жиынтығын қамтиды. Ол қарым-қатынас субъектісі арқылы хабардарлықтың тереңдігін, яғни жеке интернационалистік сананың деңгейін сипаттайды. Екіншісі интернационализм, интеграция, ұлттық мәселе туралы білімді қолдану мүмкіндігін нақты көрсетеді, адамның жұмыс істейтін ұлттық өзара әрекеттесу жүйесінің талаптарына практикалық қатынасын бағалауға мүмкіндік береді. Әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті қарым-қатынас мәдениетінің жай-күйі халықтың әлеуметтік жетілу өлшемі болып табылатыны кездейсоқ емес.