Қорытынды Қорыта келгенде, ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім болды. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатырған тарихымыздан көшпенді қазақ тәрбиесіндегі өркениет, мәдениеттің болғанын бабалар қалдырған мұралардан, халық аузында жүрген мақал-мәтелдерден-ақ көруге болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңдегі ұлттық мәдениеттің даму үдерісінде екі үрдіс көрініс берді. Олардың біріншісіне, мәдениеттің жаңа қарқын алып, карышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы.
Өрлеу үрдісі көркемөнерде коммунистік идеологияның үстемдігінен азат болудың нақты өмір шындығын көркем бейнелеу мүмкіндігін алудың нәтижесінде көрініс берді. Осы уақытқа дейін игерілмей келген тың тақырыптарға бару, тарихтың түрлі кезеңдернде объективті ашылмай қалған, «ақтандақтар» деп аталған құбылыстарды ашу мүмкіндігі туды. Қазір көптеген оқиғаларға жаңаша көзқарас қалыптасты. Отандық тарихтың ірі оқиғаларына, әсіресе көтерілістер мен халықтық қозғалыстарға осы уақытқа дейін комунистік идеология тұрғысынан беріліп келген бағаны өзгеше ғылыми түрде объективті көрсетуге мүмкіндік туды.
Бұған дейін ғылыми шығармалар, негізінен, орыс тілінде жазылып келген болса, қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар қазақ тілінде еркін сөйлей бастады. Бұл жерде бірқатар қиындықтардың да кездесіп отырғаны бар. Ғылыми терминологияның қалыптасуы, ғылыми стильдің жетілмеуі үлкен кедергілер келтіруде. Дегенмен бұл жұмыстар да біртіндеп жолға қойылып келеді.
Кез-келген халықтың ғасырлар қойнауынан келе жатқан, өмірлік тәжірибесі, дәстүр тағылымдары болады. Заманауи мәдени болмысының өзіндік қолтаңбасы, ұлттық айшықты нышандары болады. Мәдениеттің қандай туындысы болса да, мейлі ол әпсаналық немесе эстетикалық, әдеби, этикалық, философиялық болсын, бәрі-бәрі мәдениет әлемінде тек дәстүрді дамыта отырып ілгері жылжиды. Дәстүр жалғастығын мәдениеттің мәңгілік өзіне келіп қосылып жатқан сансыз бастау бұлақтарға теңеуге болады
Қазақ елі өзіне тән бетпердесі, қолтаңбасы, ұлттық санасы, мәдениеті, дәстүрі бар ел ретінде дүние жүзінетаныла бастады. Ірі тарихи оқиғаларға, кейбір қоғамды-саяси қайраткерлерге қатысты көзқарастар да өзгеріске ұшырауда. Кеңестік кезеңге дейінгі ірі саяси қайраткерлердің, мемлекет басшыларының, әскербасыларының, ұлы билердің, қазақ халқының шет жұрттық басқыншыларымен соғыс жүргізіп жатқан кезеңде саяси аренаға шыққан қайраткерлер мен батырлардың өмірлеріне қатысты материалдар да түгелдей жаңа көзқарастар тұрғысынан бағалануда.
Қолданылған әдебиеттер тізімі Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000.
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.