Реферат тақырыбы: Туған жер топырақтары түрлеріне сипаттама және өңірдегі рекультивация жұмыстары (Атырау)



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата27.03.2023
өлшемі260,27 Kb.
#76389
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидар Рафхат топырақ Атырау

Атырау облысының топырақ жүйесі 
Атырау облысының топырақ жамылғысының құрылымы өзінің құрылу 
факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып 
келеді. Негізінен мұнда топырақ таралуының ендік зоналығы басым 
қалыптасқан. Теңізге жақындаған сайын топырақтың бір түрінің екінші түрге 
жиі ауысып отыруы байқалады. Облыс топырағының өзіне тән сипаты –оның 
геологиялық қалыптасу жасы мен тұз қоспаларының көп мөлшерде кездесуі. 
Топырақ құрамының өзгеруіне ауа температурасының жоғарылығы, 
ылғалдылықтың 
аздығы, 
өсімдіктер 
дүниесінің 
кедейлігі, 
булану 
коэффициентінің жоғары болуы әсер етеді.
 
Облыс топырағы жерді пайдалану және оны жақсарту шараларына қарай 
алты агроөндірістік және агромелиоративтік топқа біріктіледі. 
І –топ. Дұрыс суару негізінде егіншілікке қолайлы жер. Оның көлемі 362 мың 
гектар. Бұл жерлер бозғылт түсті және шалғынды топырақты. Оларға 
жақсартуға көп мелиоративті шаралар талап етпейтін жерлер жатады. 
ІІ-топ. Жайылымдық жерлер, шінара дұрыс суландыру арқылы егістікке 
жарамды жерлер. Оның көлемі 2736,5 мың гектар. Егіншілікке пайдалану үшін 
негізінен тұздануға қарсы шаралар алуды қажет етеді. 
ІІІ-топ. Шабындық және жайылымдық шінара жайылмалы суландыру арқылы 
егіншілікке пайдаланатын жерлер. Оның көлемі 1032,6 мың. га. Бұл топқа 
негізінде шалғынды топырақты пар жатады. Бұл жерді пайдалану үшін жерді 
екінші рет тұздануына қарсы шаралар алуды керек етеді. 
IV-топ. Егіншілікке жарамсыз, шабындық пен жайылымды жерлер. Жалпы 
көлемі 498,1 мың. га. Бұл топқа теңіз жағалауының батпақты ашқылтым 
топырақтары жатады. Бұл жерлерді егіншілікке пайдалануға керек жағдай да 
топырақты негізінен жақсарту, ащы жер асты суларының деңгейін 
төмендетпеуне басқа жаққа бұру шаралары іске асырылуға тиіс. 
V-топ. Егіншілікке жарамсыз, бірақ жайылымға пайдалы жерлер. Оның көлемі 
63,1 мың. гектар. Бұл топқа қоңыр және сұрғылт-қоңыр түсті, тас-құм, ащы 
топырақты жерлер жатады. 
VI-топ. Ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерлер. Жалпы көлемі 
— 872 мың. га. Бұған сор, тақыр және су басқан сортаң топырақты жерлер 
жатады. 
Облыста нағыз құнарлы жер бозғылт түсті топырақты Қызылқоға 
ауданының терістік-шығысындағы жерлер. Мұнда топырақтың жоғарғы 
қабатында, қара шіріктік қоректі заттары оның механикалық құрамына 
байланысты 0,6-дан 2 процентке дейін болады. Жалпы бозғылт каштанды, 
топырақты жерлер көбіне жайылыс пен шабындыққа пайдаланылады.Бұл 
аймақтағы жерлердің ылғалдылығы пайдаланылып, онда күздік қара



бидай, тары, арпа егіледі. Б
ұл екі аудандағы мұндай топырақты жерлер 50 
мың. гектарга дейін жетеді.
Облыста көбірек орын алатын қоңыр түсті топырақ. Олар облыстың барлық 
аудандарында кездеседі. 
Олардың құнарлылығы бозғылт каштандық 
топырақтан төмен. Жоғарғы қабаттарындағы қара шірік заттар 0,3-1,7 
процентке дейін. Бұл жерлер шығымы төмен. Көбіне жайылысқа 
пайдаланылады. Өнімнің төмен болуы бұл жерлердегі су көздері маңында 
малдардың жиі шоғырлануынан жайылымдардың тозуы. Облыста әлі де 
суландырылмаған және тозған 1,5 млн. гектар жайылымдық жер бар. Бұл 
жерлер Индер ауданының территориясы мен Нарын құмында баршылық. 
Бұлар бұндағы жайылыстық жерлер, жайылысқа жарамсыз ащы, улы 
өсімдіктер әсерінен азайып келеді. Соңғы жүргізілген геоботаникалық зерттеу 
нәтижесі 1983 ж. салыстырғанда бұл өңірдегі шабындық жайылым мөлшері 
79,6 мың гектардан 14,8 мың. га дейін азайып кеткен. Оның есесіне ласталған 
арамшөптер жайлаған жайылымдар мөлшері 44,4 мың гектардан 101,2 мың. 
гектарға дейін өсті. 
Аймақтық сұрғылт қоңыр түстес топырақтар Үстірт қыраттарында 
кездеседі. Олардың көлемі көп емес, қоректілігі төмен 4,2—1,3 процент. 
Бұлардан 
басқа 
облыста 
молырақ 
кездесетін 
жайылмалы 
су 
жағалауларының шалғынды және шалғынды-батпақты топырақ болады. 
Олардың аймақтық топырақтан құнарлылығы жоғары, көбіне Орал, Қиғаш, 
Ойыл, Сағыз, Жем өзендері және басқа да уақ өзен көлдер алқаптарында 
кездеседі. Бұл жерлер шабындық 
және жер суландыруға пайдаланылады.
Келесі топырақ аймағына жататын ащы, тақыр және батпақты Теңіз 
жағалауының топырақ құрамы. Бұлардың ішінде үлкен көлемі 2 млн. гектар 
алаңның ащы-ашқылтым, топырақтар. Бұл аймақ бұйырғынды, күзгі-қысқы 
жайылымға пайдаланады. Тиісті ылғалдылық жетпеуінен олар қатқылдыққа 
айналып, өсімдіктердің еркін өсуіне мүмкіндік бермейді.
Облыс топырағының біршама көлемдісі — құм. Оның көлемі 3 мың гектар. 
Негізінен Нарын, Тайсойған, Бүйрек, Қарақұм құмды аймақтарда орналасқан. 
Құм бедері әртүрлі деңгейде биіктігі 15 м. төбе-шағыл болып келеді. Өсімдік 
дүниесінде ерте көктейтін түрлері де болады. Құмдағы өсімдіктердің түсімін 
молайту үшін қырлық көп жылдық (аридных) шөптер егіп жерді негізінен 
жақсарту немесе бірнеше жылға
демалысқа қалдыру керек. 
Сортаң топырақтар -облыс аумағында өте көп тараған. Жалпы сортаң сор 
топырақтың шайылуынан пайда
болады. Сортаңды қабаттардың астында оңай 
еритін тұздардың қосындысы көп мөлшерде болғандықтан өсімдіктерге 
зиянды әсер етеді. Олардың үстінде қара жусанды-бозды өсімдіктер өседі. 
Топырақтың беткі қабатына тұзы шығып жатады. Мұнда тұздың мөлшері 8-
10%-ке дейін жетеді. Облыста сор топырақтың екі түрі кездеседі: 1) ашық сор, 
2) көлтабанды сор. Ашық сордың үстін тұзды қабаттар жауып жатады, оның 
бетіне ешқандай өсімдік шықпайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет