Жерді рекультивациялау және қайта қалпына келтіру
Жер әр турлі ауыл шаруашылық емес
мақсаттарда пайдаланылғанда
оның ең құнды құнарлы қабатының бұзылуы мүмкін. Бұзылган жер- адамның
өндірісті іс-әрекеті салдарынан шаруашылық құндыларын жоғалтқан немесе
топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысының бұзылуына байланысты коршаған
ортаға кері әсерін тигізетін жер учаскелері. Жер Кодексінің 65 бабында жер
пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелері жерді су жене жел
эрозиясынан, ауыл шаруашылық жерлерін зиянкестерден қорғауды, жердің
бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізу
кезінде топырактың құнарлы
қабатын алуды жане пайдалануды жүзеге асырады делінген. Осымен қатар 140
бап бойынша бұзылған жерді рекультивациялауға тиісті.
Жерді рекультивациялау - өте күрделі мәселе. Ол көп жағдайда бұзылған
территориялардың
нақты
экологиялық
жағдайларына
байланысты.
Республикалық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико –
химиялық құрлымын, гидрологиялық режимнің ерекшеліктерін, рельефтің
ерекшеліктерін жақсы білу қажет.пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру.
Мал
шаруашылығы комплекстерін, суару орындарын салу, т.б. топырақ
жабынының
бұзылуына
себеп
болатын
жұмыстар
кезінде
рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру,
орналасатыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау қажет. Геологиялық
мұнай іздестіру және өндеу жұмыстары
кезіңде бұзылған және мұнаймен,
түрлі жуғыш рекультивациялаудың маңызы өте зор. Әдетте, норматив
бойынша, әрбір бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді. Бірақ практика
жүзінде бұдан әлде қайда көп жер ауыл шаруашылық айналымнан шығып
қалады. Әсіресе, ірі гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған
бұрғылау қондырыларын бір орыннан екінші
бір орынға ауыстыру кезіңде
жердің үлкен аймағы біршама зардап шегеді. Сондықтан, мұнай-газ кең
орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол
жерлердің топырағының
беткі құнарлы қабатын алып, сонынан қайтадан
құнарлы қабат топырағын салуды тиісті орындар талап етулері қажет.
Жерді рекультивациялаудың 2 негізгі этапы бар: тау – техникалық және
биологиялық . тау – техникалық рекультивациялаудың мақсат – территорияны
жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ
құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жұзеге асырылады.
5