Реферат тақырыбы:«Шаңғы спорты»



бет2/4
Дата20.09.2023
өлшемі36,2 Kb.
#109290
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Шаңғы

Шаңғы спортының тарихы. Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды.Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты.Ең алғаш рет бірінші шаңғы Пасков облысының шекарасында табылды,яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы.,грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.
Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде,яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.
19 ғасырдың аяғында бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы тебу түрлері әр елде әртүрлі болған.Норвегияда шаңғымен секіру өте жақсы дамыған,ал Японияда шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың әсерінен тау шаңғысы дамыды.
1910 жылы Ослода бүкіл әлемдік шаңғышылардың конгрессінде он мемлекет қатысты.19 ғасыр ортасында Ресейде ұйымдастырылған спорттық жарыстар өтілді.
1895 жылы 29 желтоқсанда Мәскеуде шаңғы тебушілердің ашылуы болды.Бұл күні біздің елімізде шаңғы тебу спорт күні болып жарияланды.Мәскеуде жүз спортшы қатысып,сонын ішінен рекордтық санға жеткен он сегіз спортшы болды. Сонымен қоса шаңғы спорты түрлерінің шығу тарихын саралап отетін болсақ:

  1. Биатлон – шаңғы спортының түрі, Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді. Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, ол 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді.

  2. Шаңғымен тұғырдан секірудің де отаны Норвегия болып есептелінеді. 1897 жылы Норвегияда шаңғымен тұрғыдан секіруден алғашқы ресми жарыс өтті. 1964 жылдан бастап жарыстар екі тұғырдан (орта және үлкен) өте бастады.Шаңғымен трамплиннен секіруден рекордтар есепке алынады. 1866 ж. әлемдік рекорд 19 метр болса, 1936 ж. Австриялық Иозеф Браль алғаш рет 100 метрлік межеден асып түсті. Ал 1967 жылы Германияның Абередесфедегі 90 метрлік трамплин-денорвегиялық Грини рекордты 150 метрге жеткізді. Осылайша рекордтар өсе берді. 14 жылдан кейін швейцариялық Штрауман 160 метрлік межеден асты, австриялық А.Каглер 180 метрден, чех Павел Плац 181 метр, финн Матти Нюкяннен 191 метр нәтиже көрсетті. Қазір Шаңғымен трамплиннен секірушілер 200 метр- лік межені алу қарсаңында. Бұл қысқы спорт түрі Қысқы Азия ойындарының бағдарламасында бар.Алматыда өткен ойындарда оңтүстік астананың тұрғындары мен меймандары Азия құрлығының ең үздік секіргіштерінің өнерін көре алады.

  3. Шаңғы қоссайысы – айтып өткеніміздей Скадинавидия елдерінде пайда болған. Алғашында 15 км болған бұл ойын тарихы да терең. Шаңғы қоссайысы 1956 жылға дейін қашықтық 18 км. болған. Халықаралық шаңғы бірлестігінде шаңғы қоссайысына арналған комитет ашылған. Шаңғы қоссайысынан Әлем чемпионаты 1925 жылдан бастап өтіп келеді. Шаңғы қоссайысынан Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1924 ж. (Шамони, Фр.) енген. Сол кезден бері ол қысқы ойындардың ең қызықты жарыстарының бірі болып келеді. Онда жеңіске жету үшін шаңғымен жақсы жүру және өте қашыққа секіру қажет. Осы екі жаттығудан да тамаша нәтижелер көрсеткен неміс қоссайысшысы Ульрих Веелинг үш рет қатарынан Олимпиялық чемпионы атанған болатын. Шаңғы қоссайысынан жасөспірімдер арасында да біріншіліктер өтеді.

  4. Тау шаңғысының Отаны - Норвегия, осы елдегі Телемарк деген жерде пайда болған. 1856 жылы Иен Перстенсон деген пошташы Сьерра-Невады тауынан шаңғымен асып түседі. 1878 жылы белгілі жазушы сэр Артур Конан Дойл Швейцарияға Давостан Арозуға шаңғымен жүріп өтіп, Альпі тауын асып түседі. Осыдан кейін-ақ Швейцария да тау шаңғысы тезірек дами бастайды. 1903 жылы шаңғымен таудан түсудің әдістері "христания", "телемарк", "слалом" терминдері пайда болады. Бұлар норвег халқының сөздері. Тау шаңғысынан алғашқы жарыс 1905 ж. Австрияда өтті. 1908 жылы Швейцарияда алғашқы Тау шаңғысы клубы ашылды. 1911 ж. 7 қаңтарда 12 ағылшын шаңғышысы Альпідегі Вилзтаубел шыңына шығып қарлы беткеймен етекке түседі. 1922 ж. Англиядағы тау шаңғышыларының клубы алғашқы жарыс ережесін шығарып 1-ші Әлем чемпионатын өткізді. Слалом жене шапшаң түсуден ағылшын әйелі Э. Макинен әлем чемпионатының тұңғыш чемпионы атанды. 1936 ж. Герминц-Партенкирхенде өткен (Германия.). Қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысы (слалом және шапшаң түсу) бағдарламаға енді.1952 жылы Осло қаласында өткен кезекті қысқы Олимпиада ойындарда бүған слалом-гигант қосылып тау шаңғысының бағдарламасы осымен тамамдалды.

  5. Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда1767 жылы өтті. Осыны үлгі етіп жарыс Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында— 20 ғасыр басында әлемнің көп елдерінде шаңғы клубтары пайда бола бастады. . 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) құрылды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет