Шаңғы тебу техникасы және шаңғы тебуді үйрену жолдары. 1) Алма-кезек төрт адымды жүрісте итеріле қозғалғаннан кейін, шаңғышы сол қолды ілгері созады, бірақ таяқты қарға әзір тіремейді. Оң аяқпен келесі итерілгенде сол қолдағы таяқты шығыршығы алға қарайтындай етіп шығарады. Үшінші адымда оң аяқпен және сол қолмен итеріледі. Төртінші адымда сол аяқпен оң қолмен итеріледі, ал сол қолын ілгері шығарады. Сөйтіп, үшінші және төртінші қадамдар басталар алдында таяқтар қарға тіреледі. Қолмен итерілу үшінші және төртінші адымдар кезіндегі аяқпен итерілуден бұрын жүреді. әрбір адамды есептей отырып, осы тәсілге үйрену басталады. Бастапқыда қозғалыс ырғағын біршама жеңілдетілген түрде игеруге көмектесетін жаттығулар орындалады. «Бір,екі, үш, төрт» есебінде шамалы ғана таяқсыз сырғанап жүреді. Сосын «бір, екі» есебіндегі адым кезінде таяқты салбыратып ұстап, ал «үш, төрт» есебіндегі адымдау кезінде таяқтармен жеңіл итеріледі. Бұл жаттығуларды бастапқыда санап, кейін жүріс жылдамдығы өскенде санауды тоқтатып санау қажет.
Кең таралған қателер: қолды қатты ұстау, таяқты қатты қысып ұстау,таяқтың ұшын шаңғы жолынан едәуір қашық қою. Тіпті екі адымды жүрістің аяқты бүкпей жүру сияқты қателері де кездеседі.
2)Алма кезек екі адымды жүрістен бір мезгілдік жүріске ауысу. Екпінді азайтпай, қозғалас ырғағын жеңіл және дәл өзгерте білу біліктілігі – шаңғышы техникасына қойылатын басты талаптардың бірі. Оң қолды ілгері шығарып, итерілу аяқталғаннан кейін, сол аяқтағы шаңғымен сырғанай отырып, шаңғышы тірелген аяқпен аттас сол қолды жайлап, ілгері шығра бастайды. Сол аяқпен итерілу аяқталғаннан кейін екі аяқты қарға тірейді.Дененің салмағын оң аяққа ауыстырып, шаңғышы бір мезгілдегі жүрістегі секілді қолдарымен итеріле бастайды да оны сол аяқты оң аяқтың жанына әкелумен аяқтайды. Қозғалысты алғашқыда таяқсыз, кейін таяқпен жеңіл итерілу арқылы үйренген жөн. Алма – кезек жүрістен бір мезгілдегі жүріске ауысу дағдыларна қысқа қашықтықтарды үлкен жылдамдықпен өтуді көп қайтара қайталау жолымен қол жеткізуге болады.
3) Шаңғымен ылдиға қарай түсу. Ылдиға қарай тура және қиғаш сырғанап түсуге болады. Бастапқыда еңіске сырғанап түсу әдістерін үйрену тегістеу, жайпақ жерде (тіктігі 4-5°) орындалады. Қар қабаты қатты, бірақ мұзды болмағаны жөн. Түсетін беткейдің биіктігін бірте-бірте арттыру керек. Беткейден сырғанап түскенде нық тұру үшін, бір аяқ аздап алға шығарылып қойылады. Таудан қиғаш срғанап түскенде, дененің салмағы төменгі жақтағы шаңғыға түсіріледі. Жоғарғы жақтағы шаңғыға онша салмақ түспейді. Салмақ көп түспейтін шаңғымен алға қарай шығып, сырғанап отырады. Қар бос болса, шаңғы бірқалыпты жақсы сырғанайды, бұл ретте шаңғы бір-біріне жақын ұсталады. Яғни, екі шаңғының ортасы қардың қалыңдығына байланысты болады. Төбеге қарай шыққанда немесе ойлы-қырлы беткейден төмен сырғанап түскенде тізені бүгу керек, тіпті қажет болса, бүгіліп отыруға да болады. Беткейден төмен сырғанап түскенде аяқты түзу ұстауға, денені алға қарай еңкейтуге, қолды жоғары қарай көтнруге немесе таяқтарды алға ұстауға болмайды. Салмақты өкшеге емес, аяқтың ұшына түсірген жөн.
Ойпатқа жақындаған мезгілде шаңғышы төмен еңкейеді. Ойпатқа сырғанап түскенде, шаңғышы ойпаттың түбінде қайтадан тік тұрып сырғанау үшін аяқтарын жазады. Ойпаттан өтіп шыққан шаңғышы жылдамдықты және беткейдің тіктігін есепке алып, аяқтарын бүгіп, кеудесін артқа шалқайтып сырғанайды, жылдамдық өте жоғары болса, бір аяғын сәл алға шығарып сырғанайды. Кемерлерді басып өтетін кезде немесе дөңестен өту барысында шаңғышы ұшып кетпеуге тырысады немесе мүмкін болса, ұшу қашықтығын қысқартуға ұмтылады. Ол үшін кемермен жүрген кезде төмен еңкейіп, аяқты бүгу қажет, ал кемерден өткен бойда аяқты, тізе буындарын тез жазу керек.
4) Өрге шығу тәсілдері, Сирек кездесетін жағдайда жолдың бөліктері кейде тік, өр болыпкелген кездерде және дайындығы төмен болған уақытта немесе шаңғы шала майланған болса, шаңғышылар өрге шығудың жылдамдығы төмен әдістері – «жартылай шыршалап» және «шырша» әдістеріне лажсыздан көшуге мәжбүр болады. Өрге шығу тәсілдерін таңдауға тек өрдің тік болуы ғана емес,шаңғының қарға жабысуы шаңғышының дене және техникалық дайындығы, оның сол сәттегі шаршағандығы және шаңғы жолының жағдайы әсер етеді. Жағдай онша қолайлы болмаған кезде, тіпті жалпақ беткейлерде сырғанап жүгіру немесе адымдап жүру тәсілдеріне көшуге мәжбүр болады. Өрге адымдап шығу әдісі сырғанап шығу мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес болған жағдайда қолданылады.
Шаңғымен жүгіру тәсілдері шаңғымен жүрудің алуан түрлі әдістері болып табылады.Олар ойлы-қырлы жермен 3000м-ді жүгіріп өтудің нақтылы жағдайында қолданылады. Шаңғы жүрістерінен көбінесе алма- кезек екі адымдап, адымдамай және сырғанауға көшу әдістері, өрге шығу әдістерінен сырғанау, жүгіру және адымдап жүру әдістері, жүгіріп келе жатқанда бұрылу үшін аттап және шаңғыны қатар қойып бұрылу әдістері қолданылады.
Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі –