Реферат тақырып : «Құқыктың қайнар көздерінің түсінігі, белгілері,түрлері»



бет7/8
Дата22.04.2022
өлшемі50,73 Kb.
#31939
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
құқық реферат

2.2 Құқық пен моральдің айырмашылығы

Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.Құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болады, ал мораль мемлекеттен бұрын пайда болады. Құқық жазылған нормалардан тұрады, ал мораль күрделірек құрылым және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі.Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты. Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде жалпы және айрықша белгілер тән. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіппен, сонын нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік — адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеті әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптык мүдделермен байланыстырады.Бостандық — адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар — билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтарымен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.

Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан құқық — мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халықтық құқық деп саналады.

Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол — формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бқл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау — қылмыс.Құқықтың жүйелілігі — оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.Құқықтың тағы бір қасиеті — оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта тенсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір-салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азамат-тардың жағдайы бірдейҚұқықты мемлекет қоғамдағы құқықтың барлық нормаларының талаптарын-адайдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет