Реферат тақырып : «Құқыктың қайнар көздерінің түсінігі, белгілері,түрлері»



бет8/8
Дата22.04.2022
өлшемі50,73 Kb.
#31939
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
құқық реферат

Қорытынды

Вето құқығы (ағылш. right of veto) - Мемлекет басшысының (монарх немесе президенттің), парламент қабылдаған заңға қол қоюдан немесе әрекетке ендіруден бас тaртатын субъективті құқығы

Мемлекеттік меншік құқығы (ағылш. Right of state ownership) – Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жерді пайдалану құқығы (ағылш. Land right) – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Айрықша құқық (ағылш. Exclusive right; prerogative) – Автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы. Мүлік заңсыз тартылып алсынса, заң аясында қылмыс істеуші қудаланады.

Қолайлы қоршаган ортаға құқық – экологиялық құқық тобына жататын, адамның негізгі конституциялық құқықтарының біреуі. Бұл құқық ен жас «ұрпақ буынына» қатысты болып саналады. Ол басқа экологиялық құқықтармен: коршаған ортаның жағдайы туралы шынайы ақпарат алу құқығы және экологиялық құқық бұзушылықпен адамның денсаулығы және мүлкіне келтірілген залалды өтеу құқығымен бекітіліп, демократиялық елдердің конституциясымен қорғалатын адамның жеке негізгі құқықтарының бірі. Өмір сүру құқығының мазмұны көп қырлы және әр түрлі елдерде (елім жазасының түрліше режимдері сақталуы себепті) өзара айырмашылығы болады. Қазіргі заманғы конституциялардың бірқатарында, өмір сүру құқығы, заңмен өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс шеңберін белгілеу, сондай-ақ өлім жазасы түрінде жазалау қолданылмайтын адамдар тобын көрсету арқылы нақтыланады.

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы (ағылш. Right for private life secrecy) – Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы.

Пайдаланылған әдебиеттер

Загряжеский Г. Юридический обычай киргиз.– Вып. ІV. – 1876. – С. 181-189.

Культелеев Т.М. Уголовное и обычное право казахов. – Алматы, 2004. – 168 б.

Қазақтың ата заңдары. Т. ІV, – 497 б.



Зиманов С.З., Өсеров Н. Жеті жарғы жайлы. –Алматы, 1989. – 838 б.

https://malimetter.kz/kukyktyn-belgileri/ https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет