Реферат тақырып : «Құқыктың қайнар көздерінің түсінігі, белгілері,түрлері»



бет6/8
Дата22.04.2022
өлшемі50,73 Kb.
#31939
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
құқық реферат

2.1Нормативтік реттеу

Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандылық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоротивтік) нормалары, әдет-ғұрыптардің нормалары және т.б.Әлеуметтік-техникалық нормалар — техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және т.б.

Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі; діни нормалар діннен туындайды және алла тағаланын күшімен, адам сана-сезімімен қамтамасыз етіледі.Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялык, (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал енегелік нормалар ауызекі болады.

Әдет-ғұрып дегеніміз, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазак халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер құқықтың қайнар көзі болған.Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.

Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі — адамның ар-ұяты мен намысы.Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында былай айтылған: «Некемен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі арызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлык жасауға міндетті».Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және т.б. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет