Реферат тақырып : «Құқыктың қайнар көздерінің түсінігі, белгілері,түрлері»



бет4/8
Дата22.04.2022
өлшемі50,73 Kb.
#31939
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
құқық реферат

1.2 Еліміздегі құқық мәселесі

Мұсылмандық құқықта, құқықтық доктрина қазіргі кезде де маңызды рөль атқарады –жалғыз ғана құқықтың қайнар көзі ретінде сақталған.Еліміздегі отандық юриспруденцияда доктринаны дербес құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалмайды. Бірақ, тəжірибедегі көп мамандар көп жағдайда (дəлелдеу үшін не кеңесу үшін) авторлық түсініктемелерді, заңдарда жəне басқа нормативтік құқықтық актілер үшін пайдаланылады.Нормативті-құқықтық акт-құқықтың нысаны жəне қайнар көзі, континента льды құқық елдеріне тəн, оның қатарына Ресей де жатады. Нормативті-құқықтық акт, бұл белгілі тəртіппен шығарылған құқықтық шығармашылық органының актісі, ол құқық нормаларын белгілеуші, өзгертуші, не жоюшы, жалпыға бірдей міндеттілік сипаты бар жəне мемлекеттің мəжбүрлеу күшімен бекітіледі.Нормативті-құқықтық актілердің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:Жалпыға міндетті нақтылы белгіленбеген, типтеріне сəйкес келетін нақтылы қоғамдық қатынастар аясы, нормативті үлгідегі ұйғарым;Қызмет бабына сай, қатаң түрде белгіленген құқықтық шығармашылық, органнан шығып, ондағы аманат етілген бірлікпен тұтастық талабын, барлық субъектілері мен органдарын қамтамасыз етіп, əлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды реттеудегі, тəртіп белгілерін талап етуші;

Қатаң процедура процесінде қабылданады;

Олардың талабын қамтамасыз етуге формальды белгіленген құжатты-жазылған белгілі нысанына сай, онда көрсетілген ұйғарымдардың мазмұнымен таныстырылады;Олардың уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар арасындағы əрекетін нақтылы белгілейді;Бір-бірімен нақты белгіленген көне қатынаста болады, негізіне заңды күші бар нормативтік акт қойылады, себебі ол құқықтық шығармашылық органдарының қызметімен қамтамасыз етілген;Қоғамдық дамудағы өзгермелі қажеттілікке жеткілікті түрде, тез көңіл аударуға қабілетті, сондықтан басқа құқықтың қайнар көздерінен айырмашылығы сонда, ол əлеуметтік қажеттілікке байланысты, заң нормаларын оперативті түрде толтыра алады;Нормативті-құқықтық актілердегі бекітілген нормативті ұйғарымдардың орындалуы, қолданылуы мемлекеттік мəжбүрлеумен қамтамасыз етіледі, оның механизмі өздерінің нормативті құқықтық актілерінде көрсетілуі мүмкін.Келесі құқықтың қайнар көзіне құқықтық шығармашылық жатады. Қазақстан Республикасының құқығының қайнар көздерінің ішіндегі алдыңғы орынды нормативтік-құқықтық актілералады: мемлекеттікоргандардыңактілері, құқық нормаларының мазмұндары (заңды нормалар). Олар құқықтық шығармашылықтың нəтижесі. Құқықтық шығармашылық – көбірек кең көлемдегі құрылым бөлігінің құрылысы – құқықтың қоғамдық қалыптасу процесі, яғни, бұл обьективті қалыптасатын, қажеттіліктің əсерімен жəне мемлекеттік əрекетпен құрылған нормативті-құқықтық актілердің алғы шарттарына жатады.Қорыта айтқанда, қазақтың əдет-ғұрып заңдары өзінің қайнар көздерін, алдымен шариғат заңдарынан, одан кейін «Қасым ханның қасқа жолынан», «Жеті жарғыдан», «билер сотының үлгі шешімдерінен» жəне оған қосымша Шыңғыс ханның «Ұлы жасағынан» алатындығын толық айта аламыз. Осыған орай, академик С.З. Зимановтың айтқан пікірін: «Бұл заңдар «Жеті жарғының» құрамдары, мазмұны жағынан, сонау Орыс хан, Қасым хан, Есім хан жəне монғолдық заң үлгілері» деген ойын толық қолдаймыз жəне қазіргі кездегі құқықтың қайнар көздерінің ерекшелігін, еліміздің құқықтық мемлекет құру жолындағы негізгі міндеттерге байланысты толық түсінуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет