Реферат Тақырып : Қорықтар мен саябақтар Орындаған: бопә-11 Жумаева Ә. Тексерген: Ерболат Б. Е. Орал 2023 Жоспар



бет5/9
Дата16.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#116212
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қорықтар

Зеренді мемлекеттік қорықшасы.
Ақмола облысында орналасқан,көлемі 39,5 мың га.Аумағының ерекшелігі – оқшау орналасқан гранитті таңғажайып шоқылардың,жалдар мен бұйраттардың болуы.Қалың қарағайлы орман алқаптары шалғындармен кезектесіп отырады.Қорықша аумағында табиғаты тамаша, балыққа бай Зеренді көлі бар.
Рахман қайнары қорықшасы
Шығыс Қазақстан облысының Қотан Қарағай ауданы жерінде,көлемі- 109 га.Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан.Оның құрамына бал қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді.Әсіресе 1750 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады.Көлден Арасан өзені ағып шығады.

Балқаш маңы қорықшасы
Алматы облысында орналасқан,көлемі 200 мың га.Мұнда ұсақ төбелі құмды ландшафтылар басым.Негізгі өсімдік жамылғысына жүзгін мен құм қарағанынан тұратын бұталы шоқтарымен Іленің атырауында өсетін ақ сексеуіл құрайды.Тұяқты,бағалы терілі аңдар мен су құстары қорғауға алынған.Әсіресе қабан,қарақұйрық,ондатр мен жетісу қырғауылын қорғау маңызды орын алып отыр.

3. Қорықтар
Ақсу-Жабағылы қорығы
1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәріздіарша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.
2000-2300 метр биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай,шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түріжәне сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сақталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар. Қазіргі таңда қорықтар мәселесі ауқымды. Нақтырақ айтсақ біз Қазақстан өркениетіне өз үлесімізді қосу үшін, ең алғаш ашылған қорықтарды дамытқанымыз жөн. Ақсу жабағылы қорығы ең алғаш ашылғандықтан ең алғашқы жұмысты осы жерлерден бастағанымыз абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет