1.Қазақстан ұлтық саябақтары
Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.
Еліміздегі алғашқы саябақ – Баянауыл ұлттық саябағы.Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған,ауданы 50,7 мың га.Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі.Қарағай,қайын ормандары өскен,гранитті,үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан.Мұнда құстардың 54 түрі,сүтқоректілердің 54,балықтың 8,өсімдіктің 438 түрі бар.Биік жері – Ақбет тауы.биіктігі 1026 м.
1-сурет
Іле Алатауы саябағы.
1996 жылы ұйымдастырылған.Ауданы 199,7 мың га.Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап,батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс,тынығу мақсатында пайдаланылады. Саябақтың флорасында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар, оның 500-ден астамы жапырақты орман, 400-ден астамы – қылқан жапырақты орман алқаптарында өседі. Бұл өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген (мыс., Алматы кекіресі, Сиверс алмасы, Мушкетов түйесіңірі, т.б.). Қоректік өсімдіктерден: Тянь-Шань сұлыбасы, шалғын қоңырбас, беде, сиыржоңышқа, т.б.; илік – қымыздық, рауғаш, таран, т.б.; дәрілік – түймешетен, өгейшөп, шырғанақ, бақбақ, т.б.; эфирлі-майлы – аюбалдырған, арша, жусан, т.б.; жеміс-жидектерден – өрік, алма, таңқурай, бүлдірген, бөріқарақат, долана, т.б. өседі. Жануарлар әлемі де өте бай. Омыртқасыздардың 8 класқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Барылдауық қоңыздардың 252, стафилинидтердің 180, жапырақ жегіштердің 102, күндізгі көбелектердің 145, жарғаққанаттылардың 110, қазғыш жабайы аралардың 97, құмырсқалардың 33, шаншарлардың 30 түрі анықталған. Омыртқасыздардың 24 түрі (мыс., Түркістан туркомиласы, әшекейленген жүйрік қоңыз, шығыс ахраноксиясы, Іле хош иісті отын кескіш қоңызы, т.б.) Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. Омыртқалы жануарлардың 245 түрі, олардың 8 түрі балықтар; 4-еуі – қосмекенділер; 8-і – бауырымен жорғалаушылар; 178-і – құстар; 47-сі – сүтқоректілер. Бұлардың ішінде балықтардың 4, қосмекенділердің 2, құстардың 11, сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Қарқаралы саябағы.
1998 жылы құрылған.Ауданы 90,3 мың га.Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан.Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды.Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан Тұяқты жануарлардан - сібір елігі, бұлан, арқар.Жыртқыштардан - қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақкіс, т.б; ақ қоян, дала шақылдағы. Кеміргіштерден - дала суыры, қызылұрт сарышұнақ, үлкен және секіргіш қосаяқтар, тоқалтіс пен қаптесердің оннан астам түрі таралған. Доңыз бен марал, ақшыл тиін жерсіндірілген.
Құстардан - маубас жапалақ, байғыз, үкі, бақалтақ қыран, тұрымтай, кәдімгі және дала күйкентайы, ормандарда үлкен шұбар тоқылдақ, ақшыл қанат сайрауық, т.б;
Бауырымен жорғалаушылардан - секіргіш кесіртке мен өрнекті қарашұбар жылан, сирек жағдайда көк кесіртке, қалқантұмсық жылан, т.б. кездеседі.
Саябақта кездесетін аңның 40, құстың 114, өсімдіктің 66, балықтың 8 түрі қорғауға алынған. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген аңдар - арқар, сабаншы; құстардан бүркіт, ақбас тырна, ақбас үйрек, балықшы тұйғын, безгелдек, қара дегелек, қытай қазы; өсімдіктерден қара қандыағаш, Фукс сүйсіні, қызыл қайың, Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, кәдімгі қырыққұлақ, Сібір қисық бұтасы, қауырсынды селеу және мүктің бір түрі - тегіс сфагнум, т.б. бар.
Эндемик өсімдік түрлерінен - Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, үшкір сала сиякөк, Қарқара бидайығы, салалы таспашөп, Қарқаралы рэгнериясы өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |