Реферат тақырып :«Ақ сөзінің этимологиясы мен топонимикалық атауларының шығу тегі»



бет3/5
Дата17.05.2023
өлшемі81,88 Kb.
#94098
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûï «À? ñ?ç³í³? ýòèìîëîãèÿñû ìåí òîïîíèìèêàëû? àòàó

Ақарық ауылы – Жансүгіров ауылдық округіне қарасты әкімшілік – аумақтық бірлік. Көне түрікше алт>алд> арық – «алдыңғы арық» мағынасын білдіреді. Ақсу өзенінен 12 шақырым жердегі ауылға тартылған каналдың атына байланысты қойылған атау. [А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\27-бет]
Ақши ауылы – Күрті ауылдық әкімшілік округінің орталығы.. Ауыл алғаш рет 1928–1933 жылдары «Қызыл қабақ» артелі болып құрылған. Ол кезде Қаскелең ауданы Елтай ұжымшарының бөлімшесі болған. Ауылдың Ақши аталуының 2 түрлі нұсқасы бар: 1. Ақши – ел кезіп адам емдеумен айналысатын балгердің аты (Белағаш Ақұлы емші, көріпкел, әулие кісі болған) . 2. Ауыл орналасқан жерде астық тұқымдасқа жататын шөптесін өсімдіктің бір түрі – ақ шидің көп болуына байланысты. [А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\111-бет]
Ақтекше ауылы – Қабылиса ауылдық округінің орталығы. Екі сөзден бірігіп жасалған бұл атаудың мағынасы: «Тау етегіндегі қырқа, қыраттар мен жоталардың үстіндегі кеңдеу келген жазық жер[А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\24-бет]
Ақтөбе ауылы – Басши ауылдық округінің құрамында. Ақ және төбе сөздерінің бірігуі арқылы жасалып, «ағарған шоқы, ақ тасы не кварциті бар жота» мәнінде қойылған. [А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\21,54-беттер]
Ақжазық ауылы – таудың бірінші сыңарындағы ақ сөзі бұл жерде «кең», «үлкен» мәнін білдіріп тұрса, екінші сыңарындағы жазық сөзі «ашық, кең дала» мәнінде қолданылған. Демек, Ақжазық атауын – Ақдала атауымен мәндес, әрі ұқсас атау деп қарауға болады. [А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\48-бет]
Ақкент ауылы – Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты әкімшілік – аумақтық бірлік. Бұл жерде орта ғасырда қала болған. Ол қала «ақ қала, үлкен шаһар» деп аталған. Ауыл ежелгі тарихи қала – Ақкенттің орнында қалған жұрнағы. Ш. Уәлихановтың кезінде өз қолымен сызған картасында Ақкент қаласы көрсетілген. [А.Кендірбекұлы «Алматы облысының елді мекен атаулары» (этимологиялық сөздік) Алматы 2016\74-бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет