Реферат тақырып :«Ақ сөзінің этимологиясы мен топонимикалық атауларының шығу тегі»



бет1/5
Дата14.02.2023
өлшемі81,88 Kb.
#67880
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
сөзжасам топпен


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
РЕФЕРАТ
Тақырып:«Ақ сөзінің этимологиясы мен топонимикалық атауларының шығу тегі»

Орындаған: Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мамандығы
(КРО) 1-курс студенттері
Г.Жолдыбай, А.Рахматулла, А.Бектас,
М.Жиенбаева, Ж.Әбдіқадыр
Қабылдаған: профессор Б.Қасым

Алматы-2023 жыл
Мазмұны:
I. Кіріспе
1.1 «Ақ» сөзінің этимологиясы
II. Негізгі бөлім
1.2. Ақ сөзінен басталатын елді мекендер атауы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ тіліндегі көптеген түр-түс атауларының шығу төркіні әлі күнге дейін белгісіз. Олардың кейбіреуін этимологиялық жолмен анықтауға болғанмен, кейбіреулерінің құпия сырын ашу мүмкін емес. Ақ сөзінің этимологиясы жайында, оның заттық не түстік негізі жөнінде ХХ ғасырдың өзінде-ақ түркологтар арасында әртүрлі пікірлер қалыптасты. Э.В.Севортян «аға» және «әке» деген туыстық атаулардағы екі сөздің де негізі «ақ» – «оқ» (қартаю) етістігінен өрбіген дегенді айтады. Егер «ақ» түбірініңкөне түркі тілінде «қартаю, жан ұлғаю» мағынасын берсе, тілек мағынасындағы «қосағыңмен қоса ағар» тірексі құрамындағы «ағар» сөзі жоғарыдағы «ақ» түбірімен төркіндес болуы мүмкін
Көптеген түркі тілдерінде кездесетін бұл сөздердің түстік мағынасы да көне болуы керек. Мәселен, ақ сөзі түркі тілдерінде ақ//ах//ағ//а:қ формасында қолданылып, бір-біріне жақын үш түрлі мағынаны аңғартады:
1) «ақ» деген негізгі түстік мағына («белый»); оның төңірегіне: ақшыл, көздің ағы, жұмыртқаның ағы, т.б. мағыналар туған;
2) «ақ» сөзінің ауыс мағыналары: кіршіксіз таза, ақжүрек, кінәсіз, адал;
3) тамаша, керемет, ғажайып.
Ақ, қара тілдік бірліктері «сақал» сөзімен тіркесуі арқылы «жастық, кәрілік» мағынасын береді. Кәріліктің «ақ» тілдік бірлігі арқылы объектіленуі қартайғанда шаштың, сақалдың ағаруымен байланысты қолданылады. Мәселен, ақ шаш, шашына ақ түсті, самайы ағару. Ал қара шаш тілдік бірлігі қайраттылықты, жастықты сипаттайды.
Ақ, қара тілдік бірліктері «сақал» сөзімен тіркесуі арқылы «жастық, кәрілік» мағынасын береді. Кәріліктің «ақ» тілдік бірлігі арқылы объектіленуі қартайғанда шаштың, сақалдың ағаруымен байланысты қолданылады. Мәселен, ақ шаш, шашына ақ түсті, самайы ағару. Ал қара шаш тілдік бірлігі қайраттылықты, жастықты сипаттайды.
Жалпы сүт тағамдарын білдіретін ақ атауы (сүт, қымыз, шұбат, құрт т.б.) ақ етістігі негізінен тарағанын аңғаруға болады. Оған дәлел «ақ» – ағу, жоғары-төмен құйылу, жылжу» мәніндегі етістік. Сүттің төмен сауылып, сорғалап құйылатыны шындық. Әрі өзі де ақ, басқа реңкі жоқ, өзгермейтін ақ түсті ақ атау да көңілге қонымды, ақылға сыйымды. Көне түркі тілінде «үрүң» атаудың тілден ығыстырылып шығуына да осы ақ сөзінің конверсиялануы әсер еткен. Көне мұраларда кездесетін «таң ағару» тіркесіндегі «ақ» жоғары көтерілу, «таң көтерілу» мағынасын беретін ақ – етістігінің әртүрлі сапада жеткендігін Б.Сағындықұлы дәлелдейді.
Тарихшы ғалым Х.Көктәнді «ақ» сөзінің ежелгі нұсқасы ретінде «су» сөзіне де үлкен мән беріп: «Су» – ақ деген сөз. Судың ақ деген мағынаны білдіретінін көптеген деректер айғақтайды. Жапондарда да су дыбысталуы ақ мағынасын білдіреді екен. «Ақ сунбу – ақ-ақ биік» болып аударылады. Сырдария өзенінің «Авеста» кітабындағы атауы да – Ардвисур. Бұл өзеннің ежелгі аты – «таза ақ құндар өзені» деген мағына білдірген. «Су» сөзінің «ақ» мәнін білдіретіндігіне мына мысалмен де дәлелдеуге болады: Сурманақ – жалайыр тайпасының Шыңғыс хан заманындағы бір тармағы, екінші тармағы – Шуманақ деп аталады.
Қайрат Ғабитханұлы, Телқожа Жанұзақов сынды бірқатар ғалымдар «ақ» сөзінің шығу төркінін «ай» космонимімен сабақтастырып, оның фонетикалық өзгерісінің схемасы ајаs>аја>ај болуы мүмкін деп болжайды. Бұның дәлелі ретінде түркі тілдерінде қолданылатын «ай йузлүк» тіркесінің мағынасына айтады. «Ай» атауын «ақ» сын есімімен байланысты қарауының негізі бар. Сөздердің тілдегі қолданысы және оның беретін мағынасына қарасақ, шынында да «ай» атауы о баста заттың сын-сипатын білдіретін сөз болғанға ұқсайды. Тіліміздегі айдын, айқын сөздері «ай» түбір сөзінің негізінде жасалған.
Яғни, «ай» сөзі о баста «ақ» деген түстік мағынаны білдіретін сөз болған. Осы сөзден біртіндеп, кейін келе қазіргі тіліміздегі сын есім «ақ» туындаған. Түркі тілдерінде й-қ-ғ дыбыстарының сәйкестігі ежелден бар құбылыс екендігін ескерсек, бұл өзгерісті ай>ағ>ақ түрінде көрсетуге болады. Сонымен «ақ» түс атауының шығу төркінін дәл басып айтудың қиындығы «ақ» сөзінің көнелігімен байланысты болып отыр.
Түр-түс атауларының мүлдем түр-түске қатысы жоқ немесе одан мағынасы тым алыс ұғымдар мен түсініктерді де білдіре алады. Басқа халықтар сияқты қазақ халқы үшін де әлем екі түске: ақ пен қараға бөлінген.
Оның біреуі ақ түс – барша жақсы қасиеттердің иесі болса, қара түс – жамандық біткеннің белгісін білдіреді. Бұл түсінік халық санасына терең орнығып, оның тілі мен ойлау жүйесінен, дүниетанымынан орын алған. Сол себепті де ақ түс күні бүгінге дейін жақсы бастама атаулының бәрінен де табылады. Өйткені ол адалдық пен сұлулықтың, пәктік пен тазалықтың, күллі жақсылықтың, адамгершілік қасиеттерінің біртұтас жиынтығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет