Реферат тақырып: «Абай Құнанбайұлының "Толық адам" тұжырымдамасы-ұлттық тәрбиенің моделі ретінде»



бет2/6
Дата15.11.2023
өлшемі30,4 Kb.
#123794
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
«Толық адам» сопылығы
Абайдың толық адам жа­йын­­дағы танымын ғылыми тіл­мен оқырманға тереңінен тү­сін­діріп берген ғалым М.Мыр­зах­метұлының 1982 жылы жарық көрген «Мұхтар Әуезов және абай­тану проблемалары» атты моно­графиясында алғаш Абай­дың исламиятқа қатысы мен мо­раль философиясына қатысы зерт­теліп, бір ізге түсіріледі. Ғалым сөзіне ден қойсақ: «Адам­зат қоғамы тарихында адам­гершілік идеясы ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең басты мәселелердің бірі – жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келуде. Гуманист атау­лының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе – адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттары неден тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келді. Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір сүрген ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы жағ­дайында ұлы ойшыл алдына да қойылды».
«Жалпы, діни-философиялық ойдың даму тарихында «адам» ұғымының алатын орны орасан десек те, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, тиянақты түсіндіруге көш басы болған философ – Сократ. Абайдың толық адам туралы та­нымы сол Сократтан бастала­тын Платон, Плотиндердегі сүю­ші сүйеніш, тірек еткен адам, қы­тайлардың дао іліміндегі әбден жетілген адам (совершенно муд­рый человек), шығыс ойшылдары мен суфизмдегі камили инсани мен бенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам және Ирандағы жәуанмәртілікпен сабақтасып, туыс­тасып жатады. Абайдың адам­гершілікті жырлаудағы ең басты жаңалығы да осы». Абай адамның рухани жағынан ке­мелденіп жеті­лу жолында то­лық адам ұғымын адамшылық саты­сының ең жоғар­ғы басқышына қояды. Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақ­сат­тарының ең биік қол жетпес асқар шыңы. Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ. «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абай адам баласына қа­жетті үш нәрсе ыстық қай­рат, нұр­лы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен толғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. Хакім іздеген толық адам осы қасиеттерден ­туындайтын талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген иман­дылық жолындағы абзал азамат. «Ақыл, қайрат, жүректі бір­дей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – дегенде, Абай то­лық адам хақында ұстанған көз­қарасына сай сипаттарды атай­ды. Осы үш ұғымнан туындайтын әділет, рахым, мейірім, ар-ұят, талап, еңбек, өнер сияқты қасиеттерге ерекше мән береді. Абай адамгершілікті, әділеттілік­ті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық туындыларын­да да, қарасөздерінде үнемі атап көрсетіп отырады.
4

Ғылым-бі­лімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді аса жоғары баға­лайды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.


«М.Әуезов Абайдың мораль философиясына қарым-қатына­сы жайлы мәселеге ертедегі әрі соң­ғы жылдардағы зерттеулерінде ерек­ше мән бере қараған. Абай шы­ғармаларындағы мораль философиясы туралы ойларының желісін сөз еткенде, Әуезов оларды өзі атап көрсеткен «нравст­вен­ная личность» мәселесімен тікелей бірлікте, байланыста қа­растырған». Абайта­ну сала­сын­­дағы зерттеулерінде Әуе­зов «нрав­ственная личность», «гармоническая личность» деген терминдік сөзді беріп отырады. Абайдың қарасөздерін зерттеген еңбегінде бұл ойын былай деп береді: «Он жетінші сөзде Абай­дың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, педагог ойшылдардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол – толық сапалы адам болудың шарты, гармоническая личность жайындағы ойлар».

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет