Реферат тақырып: «Абай Құнанбайұлының "Толық адам" тұжырымдамасы-ұлттық тәрбиенің моделі ретінде»


Қазіргі Қазақстан және «Толық адам»



бет6/6
Дата15.11.2023
өлшемі30,4 Kb.
#123794
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Қазіргі Қазақстан және «Толық адам»
Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз.
Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай кезде өзіміздің таптаурын, жадағай әдеттерімізден бас тартуымыз қажет.
Абайдың кейбір қарекеттерге көңілі толмай, «Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап» деп үнемі сыни көзбен қарауының себебі осында.
Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді.
Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет.
Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн.
Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.
Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.
11

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде айтарымыз, Абай поэзиясында негізінен сөз болатын адамгершілік мәселесі мен талап қоятын адамдық қасиет­тері «Абай жолы» роман-эпопеясында жалғасын табады. Абайдың аңсаған, армандаған толық ада­мын М.Әуезов оқырманға көр­кем образдар арқылы шебер тілмен жеткізеді. Абай поэ­зия­сы­ның алтын арқауы – толық адам жайлы ойшылдың танымын М.Әуезов дамыта отырып, оған өз көзқарасы тұрғысынан гу­манистік мәселелерді өзек еткен прозалық туындыларында ке­ңінен толғайды.

12
Қолданылған әдебиеттер құралы:




  1. Egemen.kz

  2. «А. Құнанбаевтің педагогикалық көзқарастары» К. Шаймерденова («Рауан» 2000 жыл )

  3. «А. Құнанбайев . Жастар тәрбиесі » Т. Тәжібаев (Қазақ мемлекеттік баспасы 2004 жыл .)

  4. Қ.Тоқаев «Абай дәне 21-ғасырдағы Қазақстан» мақаласы.


13

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет