Реферат тақырып: «Абай Құнанбайұлының "Толық адам" тұжырымдамасы-ұлттық тәрбиенің моделі ретінде»



бет1/6
Дата15.11.2023
өлшемі30,4 Kb.
#123794
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
201 Ахылбек Аида СОӨЖ№7 пед.зерттеу


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті


РЕФЕРАТ


Тақырып: «Абай Құнанбайұлының “Толық адам” тұжырымдамасы-ұлттық тәрбиенің моделі ретінде».

Орындаған: Ахылбек Аида 201 топ


Қабылдаған:Акпарова Жанна Муслимовна


Алматы 2023


Мазмұны
1. Абайдың еңбектері және педагогикалық көзқарасы........................................................................................................2-3
2. «Толық адам» сопылығы.........................................................................4-5
3. «КЕМЕЛ АДАМ» ИДЕОЛОГИЯСЫ.....................................................6-7
4. Адамдық қасиеттер туралы.....................................................................8-9
5. ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Абай «Толық адам» мақаласы..........................................................................................................10
6. Қазіргі Қазақстан және «Толық адам»...................................................11
7. ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................12
8. Қолданылған әдебиеттер құралы.............................................................13

Абайдың педагогикалық көзқарасы
Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны,классикалық әдебиеттің көшбасшысы ғана емес,педагогикалық ойлар желісінің иегері де.Абай поэзиясы да,қара сөздері де халық тәжірибесімен суарылған тәлім-тәрбиеге толы.Ұлы ойшыл мұраларының алтын арқауы-бүкіл адамзатқа ортақ жасампаз гуманистік идея,яғни адамды ардақ тұту,адамгершілік қасиетін,адамның бас бостандығы.Адам баласына «адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп»-үн қатқан Абайдың «өзгеге үлгі тұтқан,сүюге тұрарлық деп» есептеген адамы кім?
Ол қандай адамды адам деп есептеген,кімді идеал ретінде ұсынған?
Адамсынған,кісімсінген жандарға қандай баға берген?Бұл сұрақтардың жауабын Абайдың «адам болу», «толық адам», «жарым адам», «адамның адамдығы», «адамшылық бенденің кәміләты», «инсаниаттің кәмлаттығы» сияқты күрделі ұғымдарға қатысты ой толғауларынан табамыз.
Адамгершілік! Бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара - парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден - бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип. Осы ұлы күш - адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл - көсір. Олай дейтін себебіміз, бір кесірлі адамнан көп адамға тиетін зиянның шексіз болатындағын еске салсақ, адамдық қасиеті тапшы бір адамнан көп адам зор зардап шегуі мүмкін.
Абай шығармашылығындағы адамгершілік тұжырымдамаға үңілетін болсақ, ақын өмірдегі жақсылық пен жамандықты айыа білуге адамдықтың алғы шарты ретінде мән бергенін байқауға болады. Ақын ұғымында жақсыны тану - жақсылықты қолдау деген сөз, ал жақсылықты қолдай білмеу - жамандықтың отына май құюмен бірдей екен. Шындығында Абайдың бұл тұжырымдамасы кімді болса да терең ойға қалдырады, әрі бүгінгі күні де терең мәні бар екендігіне мойынсұнта түседі. Жақсылықты айыра білу дегеннен шығады, мұны өзі өмірдің көрсетіп келе жатқандай жеке адамның тағдырына ғана емес, бүкіл ұлттың рухани дамуына, адамгершілік парасаттың салтанат құруына да тікелей қатысы бар. Жақсылықты тап басып танымаудың, оны дер кезінде бағаламаудың өзі жамандықтың басы екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ал жақсылыққа қарсылық жамандыққа жол ашатындығын қашан да ұмытпағанымыз жөн. Сондай - ақ жамандықты кез келген тұста ауыздықтап отыру жақсылықтың үстемдік құруына жағдай
2
жасайтындығын үнемі есте ұстау, бұл принципті іс жүзінде басшылыққа алу - ұлттық адамгершілік кемелдіктің басты белгілерінің бірі.

Абайдың:
Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,


Сонда толық боласын елден бөлек,-
дегендегі дарабозы-оның ақандық объектісіндегі гуманистік сипаттағы сүйерлік «толық адамы».
«Толық адамы»-ақыл мен қайраттың,жүректің құлы.Адам бойындағы үш асыл қасиет деп,Абай:ақыл,қайрат,жүректі ұсынған.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,-деп осы үшеуінің бірлігін идеал тұтады.
Абай «толық адам» орындар алғы шарттарды «ғылым таппай мақтанба» өлеңінде «адам болам десеңізден» кейін желілейді.Осы жолда Абай адам болуға ұмтылған,әрбір жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін,нендей ізгілікті қасиеттерді орнықтару керек екенін айтады.Бұл өлеңге М.Әуезов: «Бұл Абайдың,әсіресе,көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі»-деп баға берген.
Абай адам мінезіндегі жағымсыз атаулыны қаншалықты қадала сынаса, одан арылудың жолдарын да соншалықты саралап көрсете білген. Бірақ оның бәрі де жалаң ақылгөйлік, жадағай дәрісшілдік, адамды мезі қылатын мимырт моральшылдық емес. Ақыл мен сезімге бірдей әсер ететін тағылым тораптары, көркемдік кестелері.
Ақынның шынайы адамгершілікке шақырған өлеңдерінің ішіндегі жинақтау сипаты бар кең құлаштыларының бірі - "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" деп басталатын өлеңі.
Абай өз шығармаларында адам болу­дың талап-тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғы­сынан өскелең ұрпақтың адам­шылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Ақын шығармаларында өзекті желідей созылып, ғұмыр бойы танытуға ұмтылған, өмір бойы шарқ ұрып іздегені – толық адам. Абай­дағы толық адам – рухани жетілген, кемеліне келген адам.
3


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет