Реферат тақырып: «Абай Құнанбайұлының "Толық адам" тұжырымдамасы-ұлттық тәрбиенің моделі ретінде»



бет4/6
Дата15.11.2023
өлшемі30,4 Kb.
#123794
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
7
Адамдық қасиеттер туралы
«Абай аға» атты тарауда «Кең маңдай, қайратты жүзі көкшіл тартты. Реңіне ыза шыққандай. ...Жүрегінің басынан удай боп төгілген шер болса, оның бәрі бұл отырғандар туралы ой емес», деген үзіндіні оқуға болады.
Ұзақ жылғы айдаудан оралған Базаралы Семейге келгенде, оны қарсы алған көңілдес ағайын қо­нақ етеді. Жиренше пәтерін­де жиыл­ған топтың ортасында
отыр­ған Ба­заралы басынан өткен қапырық ойларды ойлайды. Жазушы эпо­пеяда Базаралы бейнесін арыстай сом тұлғалы, бұл өңірдегі ең қым­бат жан деп басқа кейіпкерлер­ден даралап бейнелейді. М.Әуезов Базаралы тұлғасын сипаттаған­да, Абайдың толық адам болудағы «үш қасие­тін», әсіресе қайрат сөзін көп қол­данады, яғни қайратты жүзі мен шерлі жүрегін атайды. Бұн­дай мысалды «Кек жолында» ат­ты тараудан да кездестіреміз. Дәр­кембай Базаралыға: – Қайра­тың болса, қажырың жетсе, қа­мы­рығың бір халқыңмен болсаң­шы... Базаралының қазіргі Дәр­кем­байдан алған қуат сөзі оған қа­нат бітіргендей. Қайратты ер ен­ді қалжың тәрізді бір ой тастап сөй­леді: – Ақылың ақыл-ақ! Бірақ маған тағы бір ой келеді».
Абай айналасындағы адам­­­дар­дың бойында ақыл, қайраттың ­кем болғанын айтып, заманды бұзып отырған осы қасиеттің жоқтығы екенін байқайды. Адамдарды азды­ратын қылықтарды «улы сия, ащы тілмен» ақын жырлай­ды. «Бойда қайрат, ойда сөз, Бол­маған соң айтпа сөз», – Абай қайрат пен ақыл­дың тапшылығын баса айтқан болса, М.Әуезов бұл мәселені «Абай жолы» эпопея­сында реалистік тәсілмен көр­кемдеп суреттейді. «Абай жолы» эпопеясындағы тоң­­мойын, то­мы­рық Әзімбайға ыза болған Абай былай дейді: «...Оны­мен жа­ғаласқан жан құры­сын... қанша жыл жақсылық жолыңа тү­сіп, қажыған қайрат етіп ең? Бәле деп, жуандық деп, мал деп көз аштың. ...Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол дейді жақсылық, аяныш, әділет, адал жүрек керек дейді жақсылық! Естіп көріп пе ең, сен мұндайды!».
Жазушы Абай айтқан жақ­сы­­лық, аяныш, әділет, адал жү­рек деген қасиеттерден Әзімбай­дың жұрдай екенін аса жиір­ке­­нішпен айтады. Адамдық қасиет­­терден ада болып өсіп ке­­ле жат­қан, Әзімбайдың азуы шық­­­қан қатал, асау, зорлықшыл кей­пін жа­зушы шынайылықпен бе­дер­­лейді. Абайдың осы сияқты айналасындағы адамдардың жи­ренішті қылықтарына ыза болып, оларға адамдық қасиеттер жайлы айтқан толғаулы уағыздары мен ақынның терең ойларын М.Әуезов эпопеяда жиі келтіреді. Шұбар жайындағы Абайдың ойын жазушы былай береді: «Мыналар болса, зорлығы мен көптігін, күші мен кәрін қолымен де батырып жі­бере алады. Абай жағынан азар болса, көретін жазасы «ар, ұят, адамгершілік» деген жөнде. Шұ­бардың өзіне жол еткен мінезі бойынша, ол «ар, ұят» дегендер кеңшілікте, 8

тыныштықта, келіп кетері жоқ мәжілісте ғана және Абай қасында ғана сөйленетін ермек қана».


Абайдың Шұбарға беретін тағлымы ар, ұят, адамгершілік жө­нінде екенін жазушы түсіндіреді. Шығармадағы бұл үзінді Абай­дың мына өлең жолына үндес ке­леді: «Жаман тату қазады өзі­ңе ор, Оған сенсең, бір күні болар­сың қор. Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады ығы да зор».
Абай адамгершілік, адалдық мінездерді жастарға үлгі етіп, ар мен ұят мәселесін қозғайды. Абайдың жастарға үлгі етіп, толық адам болудың талап-тілектеріне лайық болып келетін адамның өмірдегі көрінісі өзінің сүйікті ұлы Әбдірахман бейнесі еді. Абайдың толық адамға қойған талабы – қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің бір­лігі Әбдірахманның бойынан табылады. Эпопеяда өзінің жас­тығына қарамастан, ол үлкен ойдың, кең талғамның адамы ретінде көрінеді. Жазушы Әбішті ел қамын жейтін, жауыздыққа қарсы алысатын адам етіп суреттеген. Бұл ретте роман кейіпкері Әбіш пен оның прототипінің, сол сияқты Абай өлеңдерінде бейнеленген Әбіштің арасындағы ұқсастық, жақындық мол екенін атап айту керек. Абайдың сүйік­ті ұлы Әбдірахманға арнап шы­ғарған өлеңдері «Абай жолы» эпо­пеясында мол қамтылған. Бұл өлеңдері арқылы жазушы қай­рат, ақыл, жүректің бірлігі бойы­нан табылған, Абай аңсаған толық адам болудың талабынан шыққан Әбдірахман бейнесін эпопеяда қазақ даласында ешкімге ұқсамайтын жаңа тұрпатты ерекше ғазиз жан ретінде бейнелейді.

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет