Қорыта айтқанда, Алтын Орда XIII ғасырдың 40-жылдарында кең байтақ Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еурпа жерлерін моңғолдардың жаулап алу негізінде құрылып, XV ғасырдың аяғына дейін өмір сүрген алып империя.
Мемлекет өзара текетес бірнеше халықтың даму нәтижесінде қалыптасқан бірыңғай мемлекет емес, жаулап алулардың нәтижесінде көптеген халықтарды біріктіру арқасында қалыптасқан мемлекет. Шыңғысханның немересі Бату ханның тұсында Алтын Орда шекарасы Ертістен Днепрге дейін созылды. Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласы болатын. Көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Мемлекет халқы этникалық жағынан біркелкі боған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ және тағы басқа тайпалар мекендеген. Дешті Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болды. Өйткені, олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орда саясаты көптеген қалалардың дамуына қолайлы жағдайлар туғызып, ерекше қала мәдениетін қалыптастырды. Мемлекетте көптеген жылдар бойы өмір сүрген қарым – қатынас жүйесі қалыптасты. Сонымен қатар, мемлекетте түрлі діни конфессиялар бір – бірімен тату өмір сүрді. Ол мемлекетте, басқа Еуропалық мемлекеттердегідей провославты христиан, будда діндеріне жүктелетін арнайы салықтардың болмауына байланысты болды. Әрине, XIII – XVI ғасырларда қазіргі Қазақстан мен ТМД – ге кіретін мемлекеттердің территориясында өмір сүрген Алтын Орда мемлекеті өзінен кейін бай мәдени мұра қалдырды. Бұл мұра Еуразияда пайда болған елдердің қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосты. Жаңа қалыптасқан этносаяси қоғамдардың бірі қазақтар болды. Қазақтардың халық ретінде қалыптасуы Дала империясының ыдырауымен тығыз байланысты. Ол негізінен қазақ қоғамның саяси дамуына әсерін тигізді. Алтын Орда кезеңінен кейін Қазақ хандығының негізгі билеушілері Шыңғысхан ұрпақтары болатын. Оларды негізінен «сұлтандар» деп атаған және олар мемлекеттің беделді адамдары, яғни ақсүйектері болатын. Сондай-ақ, көптеген ғалымдар Шыңғысхан құрған яссы заңдары кейін Қазақ хандығының негізгі заңдар жинағының, «Жеті Жарғының» бір бөлігі болып қалғанына сенімді. Осыдан, Алтын Орданың қазақ тайпаларының бірігіп, бір этнос құруындағы үлкен рөл ойнағаны айқын көрінеді.