1. Алтын Орда мемлекетінің тарихи сахнаға шығуы
1.1. Алтын Орданың территориялық аумағы
1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайлды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты моңғол мемлекетін құрды. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулап алынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді [2; 79 б.]. Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді. Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған. Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІV-XV ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.
1.2. Алтын Орданың этникалық құрамы
Алтын Орда этникалық құрамы жағынан күрделі мемлекет болған. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары – ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, орыстар, черкастар, хорезмдіктер, т.б кірді. Мұнда моңғолдар саны аз болды. ХІІІ ғ. аяғы мен ХІV ғ. моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы «татарлар» деген атау алды [3; 118 б.].
Шыңғыс хан өзіне жақындатқан негізгі төрт ру болды. Бұл рулар 1206 жылғы құрылтайда Шыңғыс ханды ақ киізге отырғызып, моңғол тайпаларының ханы етіп салайды. Осылай 1206 ж. бастап Моңғол империясының негізі қаланып, оның негізгі этникалық құрылымын наймандар, қияттар, меркіттер және керейлер құрайды. Әр заманда осы төрт тайпа Шыңғыс ханның және оның мирасқорлары құрған хандықтың орталық тайпалары болды. Жошы Ордасының құрылған кезінде Шыңғыс хан отар-отар қой, үйір-үйір жылқы, ірі қара мал және оларды бағып жүргендермен қоса Жошыға найман тайпасының құрамынан екі ірі ру – Балталы және Бағаналы руларын бөліп берді. Бұл рулар Алтын Орданың құрамына кіріп, Орда әскерінің негізін құрды. Белгіленген рулар бүгінгі күні де Жошы ұлысы болған территорияда мекен етеді, яғни Ұлытау тауларынан оңтүстікке қарай Қарағанды облысында. Алтын Орданың негізгі халқын қазақ тайпалары мен татарлар құрады. Бұл тайпалар Алтын Орданы билеуші тайпаларына айналды.Араб деректемелерінде көрсетілген қыпшақ тайпалары деп аталған ноғай халқының тайпалық құрылымы келесі түрде көрсетілген:
Қият 12. Ошақты
Жалаир 13. Алшын
Қаңлы 14. Жетіру
Албан 15. Арғын
Суан 16. Найман
Дулат 17. Қыпшақ
Шапырашты 18. Керей
Сіргелі 19. Меркіт
Шаңышқалы 20. Қоңырат
Ысты 21. Маңғыт (ноғай)
Сарыүйсін 22. Уақ
Жошы ұлысын мекендеген басқа түрік тайпалары туралы деректер табылған жоқ. Қалған халықтарды араб тарихшылары орыстар мен шеркестер деп атайды.
Кейінірек керейлерден Абақ-Керей, Ашымайлы-Керей рулары бөлініп, Керей тайпасы деп аталды. Керейттердің қалған рулары басқа елдердің құрамына еніп (қырым татарлары, өзбек, қарашай, қарақалпақ), қазір Қазақстанның Батыс бөлігінде мекен етеді. Олардың саны азайып, Керейт деген жалпы атаумн Жетірудың құрамына кірді.
Алтын Орда дәуірінде қазақ тайпалары жүздерге бөлінген жоқ. Жүздерге бөліну әкімшілік қажеттіліктен туған құбылыс болды. Қазақ халқының жүздерге бөліну кезінде қазақ халқының құрамынан қияттар, маңғыттар және қожалар бөлініп кетті. ХV-XVI ғғ. маңғыттар Алтын Орданың құрамында жаңа автономия – Ноғай ордасын құрды.
Ноғай Ордасына қыпшақтардың, наймандардың, керейлердің шағын бөлігі қосылды [4; 357 б.].
Жоғарыда аталып кеткендей Алтын Орданың негізгі құрамын қазақ тайпалары құрады, ал моңғолдар болса жергілікті халықпен сіңісіп түріктенді. Бірақ қазіргі кезде ғалымдардың көбі Шыңғысханның шығу тегі туралы мәселені қайта қозғап отыр.Ғалымдардың пайымдауынша «моңғол» сөзі түріктің(қазақтың) «мың» және «қол» сөздерінен тұрады. Бұл атауды Шыңғыс ханның өзі көшпелі тайпаларды біріктіру үшін шығарған деген болжам бар.
Араб деректерінде де Алтын Орда қыпшақ немесе татар ұлысы деп беріледі. Ал халықтың жалпы атауы ноғайлы елі деп аталады.
2. Алтын Орда мемлекетінің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайы
2.1. Алтын Орданың саяси тарихы
Жаулап алулармен байланысты барлық мақсаттарға жеткен Бату хан енді, жаулап алған жерлерді басқару жүйесін орнатуға кіріседі. Жаулап алынған жерлерінде моңғолдар жергілікті әкімдердің жұмысын және жиналатын салықты бақылау үшін әкімшілік аудандарын құрды. Бұл әкімшілікті қоластында қаруланған әскер құрамасы бар «дарұға» басқарған.
Мемлекет көпұлтты болды. Мемлекетті негізінен, қыпшақтар, бұлғарлар, орыстар мекендеді. Сондықтан, Алтын Орданың даму тарихын қарастырғанның алдында оның атауы туралы сұраққа жауап беру керек. Бұл сұрақ қазіргі кездегі белгілі Алтын Орда туралы жазылған ортағасырлық құжаттарда Алтын Орда деген атау кездеспейтініне байланысты туындайды. Осы мәселені үш жақтан қарастыруға болады: мемлекетті тұрғындар қалай атады, оны көршілес мемлекеттер қалай атады және мемлекет жойылғаннан кейін қандай атты иемденді [5; 315 б.].
XIII ғғ. пайда болған моңғолдық мемлекеттер, Шыңғысханнан келе жатқан тектеріне байланысты атауларды пайдаланды. Мемлекет басшысы болса, оған билік етуге тиген жерлерді тек қана ұлыс деп атаған. Осыған мысал, Қыпшақ жерлеріне ие болған Жошы хан алғашында ұлысын Жошы Ұлысы деп атайды. Тек, Тоқтамыс ханның Ұлы Ұлыс деп қойған атауы ғана көпке сақталып қалды. Ұлыстың беделін көрсететін осындай ерекше атауды саяси хат алмасу кезінде басқа хандар да пайдаланды.
Ал ортағасырлық еуропа мен азияның мемлекеттері Жошы Ұлысын түрліше атайтын. Араб көне жазбаларында мемлекет белгілі бір уақыт аралығында билеген ханның атымен аталған, мысалы, «Берке, татарлардың ұлы ханы», «Тоқта хан, татарлардың ханы».
Басқа жағдайларда ханның атымен бірге, оның билік жүргізген жерлері де айтылатын, «Өзбек, солтүстік елдердің басшысы», «Тоқта хан, қыпшақ жерлері мен Сарайдың ханы», «Дешті-Қыпшақ даласының билеушісі - Тоқта». Кейбір кезде, араб пен парсы жылнамаларда Алтын Орда Жошы ұлысы, Бату ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек ұлысы деген атпен аталады. Осы атау жиі ханның тек билеген жылдары ғана емес, сонымен қатар оның өлімінен кейін де қолданған, «Өзбек хан, Берке мемлекетінің билеушісі».
Бүкіл Орданы жүріп өткен еуропалық саяхатшылар, П.Каприни мен Г.Рубрук оны атау үшін «Командар мемлекеті» немесе «татрлар державасы» деген ескі терминдерді қолданады. Бенедикт XII өзінің хатында Жошы мемлекетін «Солтүстік татария» деп атаған. Орыс жылнамаларында оңтүстіктегі көршілес мемлекетті атау үшін этникалық атаулар пайдаланады. Тек XIII ғ. соңына қарай ғана оған Орда деген атау берілді де, мемлекет жойылып кеткенге дейін бұл атау сақталды. Ал қазірде сіңіп кеткен «Алтын Орда» деген атауға Бату хан негізін қалаған мемлекеттің ізі қалмаған кезде ғана қолдана бастайды. Бұл атау ең алғашқы рет XVI ғ. екінші жартысында жазылған «Қазан жылнамаларында» қолданады. Осы жылнамаларда бұл атау «Алтын Орда» және «Ұлы Алтын Орда» ретінде кездеседі. Бұл атаудың пайда болуына ханның Еділ мен Жайық арасындағы алтынмен әшекейленген ордасы түрткі болған, деген болжамдар бар.
Сонымен, 1234 ж. қысына қарай, жас мемлекет бірітіндеп дами бастайды, оның ішінде сауда басты орынға шықты. Жаңа құрылғанына қарамастан, мемлекет күшті болады. Даланың алып мемлекетімен көршілес орналасқан ұсақ князьдіктер қарым-қатынас орнатуға асығады. Алғашқылардың бірі болып, Бату ханға князь Ярослав Всеволодович келіп, тыныштық сұрайды, сондай-ақ, алым-салық төлеп тұруға келіседі. Оған Ұлы Владимир – Суздаль жері мен Киев тізгіні табысталып, жарлық шығарады. Бірақ, сол кезде Алтын Орда және басқа да Шыңғыс хан ұрпақтары билік етекен мемлекеттер Моңғол империясының құрамына енетін. Осыған байланысты империяны құрған мемлекеттерде пайда болатын барлық маңызды саяси сұрақтарын Қарақорымдағы орталық шешетін. Ясының бір тармағы жаулап алынған жерлерден алынатын салықтын бір бөлігі Шыңғыс ханға өтетіні туралы айтылған. Сонымен қатар, әр ұлыста Шыңғыс ханның жеке жерлері болатын. Және де тек Қарақорымдағы орталық қана, барлық саяси маңызды шешімдерді қабылдай алатын. Бір – бірімен тығыз байланысты мұндай жүйені құру империяның тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуден сақтау керек еді. Сондықтан, Бату ханның жарлығын Ұлы ханның жесірі Туракин хатун бекітуі тиіс еді. Князь Ярослав Қарақорымға аттанады да, рұқсат алып отанына қайтады. 1246 ж. Моңғолияның ханы болып Туракин ханумның баласы Күйікке өтеді. Бірақ оның өлімінен соң, тақ иесіз қалады. 1250 ж. Шағатай ұлысында Ыстықкөл маңында құрылтай өткізілді. Бектер мен нояндар Бату ханды Ұлы хан сайламақ болады, бірақ Бату хан бұдан бас тартып, орнына Мөңкені ұсынады.Үгедей мен Шағатай ұрпақтары бұл мәселеге келіспей, Жошы мен Төле ұрпақтарына қарсы бірігіп қарсы шығады.Осы бүліктерден кейін, 1251 ж. шілде айында Қарақорымда қайта құрылтай шақырылады. Соңында Ұлы хан болып Мөңке сайланды. Алайда, Моңғол империясының заңды мұрагері, Үгедейдің немересі Ширамун империяда жаңа бүліктер шығарып, тақты тартып алмақшы болды. Бірақ, Мөңке хан жағдайды кезінде естіп, бүлікті тоқтату үшін Ширамунның қостарын қоршаға алады. Шағатай мен Үгедей ұлысының жетпіс жеті сұлтан, мырзасы және жесір ханым Огул - Гаймикше өлім жазасына кесіледі. Мөңке хан бүкіл империя бойынша тексеру жүргізеді. Мұның кесірінен, Шағатай мен Үгедей ұлыстарында кей жерлер иесіз қалады. Артынша ол жерлерге жаңа басшылар келе бастады. Нәтижесінде, Үгедей Ұлысының шекарасы біршама тарылып, Шағатай Ұлысы тарап кетті. Ал Мөңке өзінің жерін оңтүстік – батыста Сырдарияға дейін кеңейтті. Бату хан империясының шегі Жетісудағы Шу өзеніне қарай жақындады. Ол сондай-ақ, Мауреннахр мен Кавказ өңірін өз билігінде ұстады.Алтын Орда ханы Кавказдың билігін кіші інісі Беркеге табыстады. Мәуреннахрдағы өкілі Масыдбек болады. Ол әйгілі саудагер Махмұд Ялавачтың ұлы деген мәлімет бар.Бату хан кезінде Алтын Орда, тәуелді болғанымен, ортағасырлық алып мемлекет болатын. Ол шығысы Ертіс өзенінен батысы Дунайға дейінгі арлықты алып жатты. Бату хан билеген жылдары хабар алысу ісі жақсы жолға қойылды. Ең шеткері орналасқан аймақтармен де байланыс күшейе түсті. Халық санағы жүргізіліп тұрды, салық жүйесі қалыптасты, кеден жұмыс істеді, жалпыға ортақ заң бекітілді. Сондай-ақ, әлем тарихында алғаш рет осыншама байтақ жерге ақша бірлігі жүрді [6; 297 б.].
Алтын Орданың астанасы Еділ мен Жайықтың ортасында орналасқан Ескі Сарай немесе Бату Сарай қаласы болатын. Археологиялық қазбалар нәтижесінде, бұл қала ортағасырлық ең ірі қалалардың бірі болатын. Алып империяның негізін қалаған Бату хан 1255 ж. қырық сегіз жасында дүние салды. Оның өлімінен кейін тікелей билікке талас басталады.Ол заманда Алтын Орданың әміршілерін Ұлы ханның өзі сайлайтын. Ал Береке хан билікке ресми түрде 1258 ж. Мөңке хан бекіткеннен кейін келеді. Берке өте белгілі тұлға болатын. Ол туралы деректер тек орыс, араб жылнамаларында ғана емес,сондай-ақ, қытай деректерінде кездеседі. Бату хан тірі кезінде де Берке Моңғол империясында беделді саясаткерлердің бірі болатын. Алтын Орданы билеген кезде ол қатал әмірші болғаны белгілі. Сонымен қатар, Берке мұсылман дінін қабылдаған алғашқы алтынордалық хан болатын. 1259 ж. Берке хан, салық жинау үшін, Новгородта халық санағын өткізуді ұйымдастырады. Осы халық санағын новгородтықтар көтеріліспен қарсы алды. Сол жылы түменбасы Бурундай орыс жеріне жорыққа шығып, одан Польшаға қарай өтеді. Жазалау жорығынан кейін орыс жылнамшылары Берке ханды қатыгез, қоластындағылардан қапысыз бағынуды талап ететін әмірші ретінде бейнелейді.Бұл кезде Ұлы хан Мөңке 1259 ж. тамыз айында қайтыс болады.Берке хан Моңғол империясында болып жатқан оқиғаларды назарында ұстады. 1260 ж. Ұлы хан болып Құбылай сайланады. Ол Моңғол империясының бас ордасын Ханбалыққа (Пекин) ауыстырды және сол жерде чжунтун («ортаңғы әмірші») лауазымын қабылдады. Осы әрекетті негіз етіп Берке хан Құбылай билігін заңсыз деп танып, оған бағынудан бас тартты. Моңғол ақсүйектері де Құбылайға қарсы жаппай көтерілді.
1260 ж. маусым айында Құбылайдың қарсыластары оның інісі Арық бұғаны Ұлы хан етіп сайлайды. Осыдан Моңғолияда билікке талас басталады. Мөңкенің екі інісі Құбылай мен Арық Бұғы өздерін қаған деп жариялайды. Біреуі Қарақорымда, ал екіншісі Ханбалықта билік құрды. Берке хан Арық Бұғаны жақтады да, Алтын Орданы Моңғол империясының құрамынан бөліп алуға күш салады. Осы кезде Шағатай мен Үгедей ұрпақтары елдегі ішкі тартысты пайдаланып, өздерінің бұрынғы ұлыстарын қайтарып алады. Нәтижесінде, Жошы ұрпақтары Мәуреннахрдағы ықпалдарынан айырылып, ол жерлерді тастап шықты.
1960 жыл – Моңғолия империясы ыдырай бастаған жыл саналады. Ол кезде империя бес ұлыстан тұратын, әрқайсысы Шыңғыс хан ұрпақтарының есімімен аталады. Моңғол империясы ыдырағаннан кейін әр ұлыс өз алдына тәуелсіз мемлекетке айналды. Осы кезде Крестшілер жорықтары мен Құлағу әскерлері ислам дініне жойылып кету қаупін туғызады. Осы жылдары «Түркілер империясы» атты империя құрылып, оны Сұлтан Бейбарыс билейді. Бұл тарихқа «мәмлүктер» деген атпен енді. Мәмлүктер Алтын Орда ханы Берке ханымен достық қатынаста болады. 1262 ж. Әзірбайжанды Алтын Ордаға қосу мақсатымен Құлағу әулетіне соғыс жариялайды. Екі мемлекет арасындағы ең алғашқы ірі қақтығыс 1264 ж. болады. Алтын Орда әскері толық жеңіске жетті. Осы шайқастан кейін Алтын Орда мен Құлағу мемлекетінің арасындағы сауда айналымы тоқтайды. 1265 ж. илхан Құлағу дүние салады. Енді билік оның баласы Абаға өтеді. Деректер бойынша екі мемлекет арасында достық қарым-қатынас орнаған еді. Осы уақытта Берке хан әскерін Кавказ жеріне қарай бағыттады. Ол бұл жерде көп уақытқа тоқтамады. 1266 ж. Берке хан Тибилисиден шыққан жолда дүние салды. Деректер бойынша оның денесін Бату Сарайға жеткізіп, сонда жерледі.Енді Алтын Орда тағына Меңгу-Темір отырды.Меңгу-Темір – Тоқтайдың ұлы, Батудың немересі.оның есімі Алтын Орда тарихында тәуелсіз мемлекеттің бірінші әміршісі ретінде сақталды. Ол өз атынан ақша шығару арқылы, Алтын Орданың толық тәуелсіз екенін көрсетті. Билік басына отырған соң, Меңгу-Темір Қырымға бас етіп Тоқа-Темірді отырғызады. Кейін ол Феодосияны басқаратын болады. Осы істері арқылы басқа елдермен сауда айналымын құрғысы келгенін көруге болады. Сол жылдары Алтын Ордадағы ең ықпалды тұлға түменбасы Ноғай еді. Ол Дунай мен Днепр арсында көшіп, Болгария мен Молдавияны бақылайтын. Сондай-ақ ол ықпалын Византияға да жүргізіп отыратын. Осыны пайдаланып, Меңгу-Темір 1266 ж. Бұлғар хандығына жорық ұйымдастырып, онда екі жыл билік жүргізеді. 1268 ж. хан Әзірбайжанға таласып, Абағамен соғысты. Бір жылдай уақыт өткен соң Меңгу -Темір хан мен Абаға арасында бейбіт келісім орнатылады [7; 115 б.].
XIII ғ. 70 жж. орыс жерінде жаңадан халық санағы жүргізіледі. Осы жылы Меңгу-Темір ханның жарлығымен салық хан басқақтарымен емес, орыс князьдерінің қызметкерлері жинады.
Меңгу-Темір есімімен Алтын Орда тарихындағы маңызды үш оқиға байланысыты. Біріншіден, Кафада генуялық сауда жүйесі пайда болды, бұл Қырымның тағдырында ерекше рөл ойнады. Екіншіден, ол орыс князьдеріне бос қарады, яғни орыстарды ордалық салық жиюшылардың езгісінен құтқарды. Үшіншіден, Меңгу-Темір кезінде түменбасы Ноғай күшейді, кейін ол Алтын Орданың батысында ешкімге тәуелсіз, жеке билік құрды.
Ноғай алып Дала империясының ресми әміршісі болған емес, алайда қырық жылға жуық Алтын Орданың бүкіл саяси қатынастары тікелей соның қол астына қараған.
Жылнамашылар Меңгу-Темір қайтыс болған соң, оның орнына билік басына інісі Туда-Меңгу келгенін жазады. Биліктің өзгеруі орыс жерінде өзара қақтығыстың туындауына жол ашты. Осы араздық толқыны түменбасы Ноғайды жоғары көтерді. Оны Дон мен Дунай арасында мекендеген қыпшақ тайпаларының жұқаналары қолдады. Туда-Меңгу өзінің билігін күшейту үшін 1283 ж. Мәмлүк сұлтандығымен достық байланыс жаңартылды. Сол жылы Туда–Меңгу ислам дінін қабылдады. Осыған байланысты Туда-Меңгу сопылыққа баса ден қойып, тақтан бас тартады. Ол билікті баласы Төле-Бұғаға тапсырады. Басқа деректер бойынша Меңгу-Темірдің балалары Туда-Меңгуді есі ауған деп, алтын тақтан тайдырады.
Меңгу-Темірдің ұлы Төле-Бұғаның дәл қай кезде Алтын Орда ханы болғаны нақты белгісіз. Шамасы, басында заңды билік иесі Туда-Меңгу атынан басқарған. Алайда ол кезде саяси билік пен нақты күш түменбасы Ноғайдың қолында болатын, және ол үшін Меңгу-Темір ұлдарының арасындағы алауыздық қолайлы болды. Ақыры, Алтын Ордада бүлік шықты. Осы бүлік ең айқын көрінген жері Русь, онда князьдер екі ұдай болып жарылды. Бір жағы түменбасы Ноғайды жақтаса, екінші топ тек хан бұйрықтарына ғана бағынды. Бұл аразылықтың алғашқы нышандары 1284 ж. көрінді. Осы жылы Курск қаласына басқақтар келеді. Кейін салықтарды бас князьдердің басқаруымен князьдердің өздері жинайтын болды.
Төле-Бұға хан аразылықты басу үшін ортақ жауға қарсы бүлікші күшті біріктіруді ойластырады. Ноғай мен Төле-Бұға ханның жауынгерлері 1285 ж. Польша мен Мажарстанға жорық жасайды да, Мажар елін талқандайды. 1287 ж. Ноғай мен Төле-Бұға қайтадан Висла жағалауына оралады. Бірақ екі басшының арасында болған келіспеушілік арқасында Польша аман қалады. Осы жылы Туда -Меңгу қайтыс болады да, оның орнына Төле-Бұға келеді. Таққа отырғанына бір жыл болған соң Төле-Бұға хан Әзірбайжанды жаулап алуды көзедп, Құлағу мемлекетіне соғыс ашты. Бұл Алтын Орда ішінде жаңа наразылық толқынын тудырады.
Ноғай түменбасы өз кезінде ықпалын одан әрі күшейте түсті. Ол орыс князьдерін қосып алып, бірнеше жыл қатарынан Польшаға, Силезияға және Мажарстанға жорықтар ұйымдастырды. Мұнымен қатар, Орыс князьдіктерінде Ноғай тағайындаған адамдар билігін жүргізді. «Хиуалық Ахмат» Олег пен Святослав иеліктерінде екі бірдей кент құрылды. Осы жағдай туралы князьдер Төле-Бұға ханына шағымданады, хан оған моңғол қосындарын жіберіп, Ахмат кенттерді тонауға бұйырады. Алайда Ноғай мен Төле-Бұға арасында кекілжің мұнымен тоқтамады, 1291 ж. Ахмат кенттерін қиратқаны үшін, Төле-Бұға өлім жазасына кесіледі. Содан соң Ноғай Тоқтаны Алтын Орда ханы етіп сайлайды.
Жазба деректерде Тоқтаның толық аты-жөні - Гиас әд-Дин Тоқтай деп жазады. Алайда оның өзі бастырған ақшаларындағы «Әділ Тоқта» деген жазу бүгінгі күнге дейін сақталған [8; 201 б.].
Хан тағына отырмай тұрып, Тоқта Алтын Орда ханның Солтүстік Кавказдағы аймақ басшысы болатын. Византия императорының некесіз қызына үйленген. Осы саяси некенің арқасында Алтын Орда мен Византия арасындағы байланысты жақсы ұстайды.
Тоқта ханның биік басына отырған жылдары Құлағу мемлекеті басшысының ауысқан кезіне тұспа-тұс келді. Жаңа илхан болып Кейхатун сайланады. Ол таққа отырғанда Алтын Орда мен Мәмлүк сұлтандығымен бейбіт келісім жасасты.Бұл келісім саудагерлер мен олардың керуендеріне жабық болып келген Кавказ таулары арқылы сауда керуен жолдарын жандандырады. Осы жылдары Ноғай өз беделін одан арман нығайтады. Тіпті сол жылдары Алтын Ордада екі орталық пайда болады. Бірін Тоқта хан, екіншісін Ноғай түменбасы басқарады. Мұның дала империясының, тіпті оған тәуелді князьдіктер мен корольдіктердің алдағытарихына тигізетін әсері көп.Хан билігін нығайту үшін түменбасы өзі айрықша қауіпті санаған ірі түменбасыларды өлтіруді бұйырады. Өзінің адалдығының белгісі ретінде Тоқта хан біраз түменбасылардің өмірін қияды. Осы жағдай өзіне соққы болған соң, Тоқта хан Ноғайға өштеседі.Бұдан кейін Алтын Орда ханы беделді түменбасыға қарсы әрекетке кіріседі. Алғашында соғыс ашық жүрмеді.
1295 ж. билік Моңғол империясыда, Құлағу мемлекеті мен Мәмлүк сұлтандығында ауысады. Көршілес мемлекеттердегі биліктің ауысуы Алтын Орда ханы өз империясындағы саяси күштердің бөліну жайына көңіл аударуға итермеледі. Сонымен қатар, Ноғайға қарсы қол астына әскер жинай бастайды. 1297 ж. Ноғай мен Тоқта ашық қақтығысқа шықты. Прут өзені бойында өткен ұрыста Тоқта хан толық жеңіліске ұшырады. Осы жеңістен кейін Ноғай тәуелді аймақтардың басшыларына арнайы өкілдерін жібереді.Бұл уақытта Алтын Орда ханы Тоқта қайта әскер жинап, Ноғайға қарсы жорыққа шықты. Екі әскер Қуқанлық (бүгінгі Қағанлық) деген жерде кездесті. Тоқта Ноғай әскерін күйрете жеңді. Осы соғыста Ноғайға оқ тиіп, жараланады. 1299 ж. 28 қыркүйекте ол ажал құшады.Даңқты түменбасының өлімін білген оған тәуелді елдердің басшылары Ноғайдың өкілдерінен тезірек құтылуға асықты. Мысалы, Қырымда Ноғай ұрпақтары құғынға ұшырады. Олардың орындарына Тоқта ханның өкілдері жетті.Алайда, Ноғай Алтын Орда ханы Тоқтамен күресте жеңіліс тапқанмен, көзі тірісінде әйгілі түменбасыға бағынған көшпенді тайпалар бастарына түскен қиыншылықтардан аман қалып, қайта бірігуге қол жеткізді, олар кейінірек ноғай деген атпен тарих сахнасына жеке халық ретінде шықты [9; 264 б.].
1311 ж. аяқ астынан Тоқта хан қайтыс болады. Ол билік еткен соңғы жылдарды Алтын Орданың гүлдену дәуіріне дайындық кезеңі жесе болады. Тоқта хан өз мемлекетінің өндіріс күштерін оң жолға қойып, қолөнер мен қала мәдениетін көтерді.Тоқта хан дүниеден өткен соң, тақ мәселесі көлденең тұрды. Хан болып Гиас әд-Дин Мұхаммед Торғұлжаның ұлы, Меңгу-Темірдің немересі сайланады. Ол жастайынан ерлігімен ауызға ілігіп, Өзбек деген атқа ие болады. Осы лақап есімімен Алтын Орда тарихына ең құдыретті билеушілердің бірі ретінде енді.Билік етекен алғашқы жылдары Өзбек хан ең алдымен астананы Бату Сарайдан Берке Сарайға ауыстырды. Содан соң Өзбек исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Бұл қадам Алтын Орданы Шығыстағы ірі мемлекеттермен арадағы байланысын нығайтады. Алайда, Еділдің батысындағы және Солтүстік Кавказдағы христиан елдері Ұлы Дала империясына жат көзбен қарайды.Осыған қарамастан Өзбек хан тұсында Алтын Орда дамуының ең жоғары сатысына жетеді.
1331 ж. Ханбалықта Моңғол империясының картасы жасалады. Оған Юань әулетінің билігіндегі Қытай жері, Шағатайдың бір ұрпағы Дува-Темір билеп тұрған Орталық Азия хандығы,Құлағу ұрпағы илхан Әбу-Саид басшылығындағы Персия, Жошы ұрпағы Өзбек билігіндегі Алтын Орда кірді. Деректерге қарағанда Өзбек хан иелігіндегі солтүстік-батыс бөлігі «А-ло-ш» (Алаш) деп аталды. Сонымен қатар, XІV ғ. бірінші жартысында Шыңғыс ханның бүкіл ұрпақтары Юань әулеті императорына бағынып, бір ту астына біріккен. Дегенмен, Ұлыс әміршілері өз егемендіктерін сақтап қала алған.
Өзбек хан Алтын Орданы жеке-дара өзі билеген. Өз атынан ақша шығарған. Бату Сарай, Берке Сарай, Бұлғар, Мокша, Қырым, Тана және Хорезмде ақша бастыратын орындар болды [10; 103 б.].
1332 ж. Өзбек хан Сарай әл-Жәдид (Жаңа Сарай) қаласының негізін қалады, кейінірек ол Алтын Орданың астанасына айналды. 1335 ж. Құлағу мемлекетінің соңғы билеушісі Әбу-Саид қайтыс болып, мемлекет тарих сахнасынан кетеді. Грузия тәуелсіздігін алады, ал Әзербайжанда билікке Чобан әулеті кеді. Бұған қоса, Құлағу мемлекетінің жерінде Сербердар мемлекеті пайда болды. Өзбек хан Құлағу мемлекетіндегі бүлікті пайдаланып, Әзірбайжанға жорық ұйымдастырды. Осы жорықтан кейін қайтқан Өзбек хан нысанаға Болгарияны жаулап алмақшы болған Византияны алады. Ал 1337 ж. империя әскері Фракияны жаулап алады. 1341 ж. Өзбек хан Литваға қарсы аттанды. Жорыққа, негізінен, орыс жасақтары шығады. Олар Литва әскерлеріне соққы бере алмайды, дегенмен, Өзбек хан литвалық князьдерді Мажарстан, Польша және Батыс Русь жерінен дәмеленбейтін етті.Литвада билік ауысып, билік басына Ольгерд князьі келеді. Ол билік еткен жылдары Русьпен, Алтын Ордамен қақтығыс көп болады. 1341 ж. Алтын Ордада Өзбек хан дүние салды.Өзбек ханның өлімінен кейін оның баласы Тыныбек хан билік басына келеді. Тыныбек хан тұсында Алтын Ордада елеулі өгерістер болған жоқ.
Тыныбек ханнан кейін 1342 ж. Алтын Орда билігі Жәнібек ханның қолына өтеді. Бұл кезде хан ордасы Жайық жағасындағы Сарайшыққа ауысады. Осы жалдары Сарайшық қаласы гүлдену дәуірін бастан кешеді. Дала ақсүйектері мұнда зәуілім үйлер, сарайлар, кесенелер тұрғызады.
Жәнібек хан кезінде Әзірбайжан Алтын Ордаға қосылады.Ол әмір Ашрефпен Уджан қорығының аумағында өткен ұрыстан кейін болады. Хан, тіпті Тебризде өз атынан ақша шығаруды бастайды.Ақша одан басқа Сарайда, Бұлғарда, Мокшада, Қырымда, Азовта, Хорезмде және Гүлістанда басылатын. Енді осы қалалар қатарына Тебриз де кірді. Алайда осында ақша тек 1356 ж. ғана басылады. Тарихшылар сол жылды Алтын Ордада берік билік болған соңғы жыл деп есептейді.Әзербайжанға жорықтан кейін Жәнібек хан ауруға шалдығып, дүниеден озады.
2.2.Алтын Орда мәдениетінің дамуы
Жошы ұрпақтарының қоластында көшпелі және отырықшы, сонымен қатар түрлі тілдерде сөйлейтін, мәдениетінің даму деңгейі бірдей емес, тіпті әртүрлі дінді бағыштайтын халықтар болды. Мәдениеттің даму деңгейі жоғары мемлекеттерімен достық қатынастар мен көшпелі әскери өмір сүру салтын мұсылман дәстүрлерімен жақындасуы Жошы Ұлысының мемлекеттік құрылымын өзгертпеді. Әкімшіліктің қолдауымен ондаған ірі қалалар қарқынды дамып, өзіндік Жошы Ұлысының мәдениетін айқындайтын стиль қалыптастырды. Алтын Орданың дамуындағы ерекшелігі көне қалаларды жаңарту мен жаңа қалалардың негізі қалануы мен қарқында дамуы болды. Егоровтың зерттеулері бойынша Алтын Ордада болған қалалар мен халық қоныстанған аймақтардың саны жүз онға жуық болған, бірақ бұл тек археологтармен табылған және зерттелген қалалар қалдықтарының саны [11; 109 б.].
Алтын ақшаны шығару құқығы бар ең ірі қалалар: Сарай, Сарай әл-Жедід, Хорезм, Орда-Базар, Бек-Базар, Үкек, Сарайшық, Моқшы, Шехр әл-Жедід және басқалары болған. Осы қалалар тек қана қолөнер және сауда орталықтары ғана емес, сонымен қатар ірі әкімшілік, мәдени орталықтар да болған. Қазіргі кезге дейін сақталған материалды мәдениетке қарағанда Алтын Орда отырықшы өмір салты басым болған, қала құрылысы жақсы дамыған мемлекет болған. Осыған орай мемлекетте дамыған қалалар туралы жиналған деректер сол кездеі мәдениеттің даму деңгейін көрсетуге көп үлес қосады. Зерттеушілер қала тұрғындарының саны Өзбек хан мен Жәнібек хан билік еткен кезеңде өскенін айтады.Плано Каприни 1246-1247 жж. барлық Алтын Орданы, шығыстан батысқа, және батыстан шығысқа қарай өткен жолында бір де бір адам кездестірмегені туралы жазса, алты жылдан кейін осы жерлерде Рубрук өзінің зерттеулерін өткізіп, жаңа қалалардың қарқынды салынып жатқаны туралы жазады. Алтын Орда астанасы - Сарай қаласы туралы ең алғашқы деректерді Рубрук қалдырды. Ол осы қалада 1254 ж. болды. Мемлекеттің барлық аймақтарында қала және ауыл тұрғындарымен отырықшы аймақтар пайда бола бастады. Олардың қатарына Еділ өзенінің жағалауын, әсіресе төменгі ағысындағы аймақтар, Хорезмді, Теректің үстінгі және ортанғы ағысын, Қырымның оңтүстік жағалауын жатқызуға болады. Алтын Орда кезінде ерекше қала мәдениеті қалыптасты. Бұл мәдениеттің дамуына Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Қазақстан мен Солтүстік Аралды мекендеген барлық елдер үлесін қосты. Алтын Орданың саяси негізгі қалаларында ірі көшелер болатын. Ал тұрғындар таза суды фонтандардан алатын. Барлық қалалар мен ауылдарда моншалар болатын.
XIV ғ. басында ислам дінін қабылдау рұқсат етілді, бұл исламның мемлекеттік дінге айналғанын аңғартады. Осы жай Евразия материгіндегі барлық түркі тектес халықтарының дамуына үлкен үлес қосып, жалпы этносты құрды. Жошы ұрпақтарының ислам дінін қабылдау мемлекеттің саяси дамуын өзгертпегенімен Өзбек ханның тұсында Алтын Орда мәдениеті мұсылмандықпен тығыз байланысты болды. Алтын Орданың ірі қалаларында, Бату Сарайда, Бұлғар қаласында, Солтүстік Кавказда ірі мұсылман қоғамдары жұмыс істеген[12;174 б.].
Ал Алтын Орданың діни орталығы Сарайшық қаласы болатын. Мұнда ислам накшбенди, иасауилік және кубрави секілді сопылық ағымдардың ықпалымен дамыды. Бұл діни-философиялық ілімдердің исламнан ерекшеленетін тұстары бар және олар жергілікті халық ұстанған дін мен исламның қосындысы іспетті болды.Осыған дәлел ретінде Алтын Орда кезінің қорғандарды бола алады.
XIII ғ. кезіндегі Алтын Орда қорғандарында алтын, күміс тиындар табылды. Бұл табылған тиындарды ғалымдар екіге бөледі. Бірінші топ, әшекей ретінде қолданған тиындар. Екінші топ, қайтыс болғадардың «тұмары» болып саналады. Бірінші топ тиындардың екінші топтан айырмашылығы, олардың ортасында тесілген жері болатын. Ал екінші топ тиындардың тесілген жері болған жоқ және олар барлық қорғандарда бірдей жерлерде табылған. Көбінесе ол ауызда, қолда, кеуде жағында, кейде қорғанның түбінде табылатын. ХIII-ХIV ғғ. Алтын Ордада сауда-саттық пен экономикасының дамуына байанысты, қорғандарда үй жануарларының сүйектері де пайда бола бастады. Сонымен қатар, Алтын Ордада өзінің ақша бірлігі пайда болған соң, тиындар қазылған қорғандар көбейді. Бірақ, ислам діні жерлеу рәсіміне негізгі екі талап қояды, біріншісі, қорғанда сабаннан басқа ешқандай заттардың болмауы; екіншісі, қобыланың сақталуы, яғни, қайтыс болған адамның беті Меккеге қаратылуы.Мемлекетке жаңа дін келген соң, қайтыс болған адамның жанына тиын салу рәсімі өзгеру немесе жойылып кету керек. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл рәсім, жетісіне келген адамдарға шариатта міндеттелген ақша тарату рәсіміне айналған деп болжам айтады[13; 316 б.]. Ислам дінін қабылдау Алтын Орданың дамуына үлес қосты. Ол Алтын Орда кезіндегі әдебиетке де әсерін тигізеді. Мысалы, көптеген алтынордалық жазушылар Шығысқа електейді, немесе Шығыс жазушыларының еңбектерін түрік тіліне аударады. Өкінішке орай, Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен. Тек кей жазушылардың лақап аттары мен тек бір-екі шығармалары сақталған. Рабғұзи (XIII-XIV ғғ.) -Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөздерден қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы атпен белгілі. Рабғұзиден қалған әдеби мұра-«Қиссасу-л-анбия» атты үлкен жинақ. Онда жетпіс тоғыз қисса-хиқая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, әулие-әнибелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі. Әли (XIII-XIV ғғ.)-Хорезмнен шыққан ақын. «Қиса Жүсіп» деген дастаны қалған. Онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан басқа мәлімет жоқ[14; 273 б.]. Хорезми (XIV ғғ.) - үлкен ақын. «Мұхаббатнама» атты поэма жазған. Поэмасында «Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші рет айттым» дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты. Шын аты-жөні,басқа шығармалары сақталмаған «Мұхаббатнама» мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. «Мұхаббатнама» - Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ең көрнекті нұсқасы. Құтб (XIV ғғ.) «Хұсрау Шырын», «Фархад Шырын» дастандарын жазған. Бұл дастандарда автор өзінен бұрын баяндалған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі шығарманы осы аттас Низами поэмалардың түрікше нұсқасы десе де болады. Дүрбек (XIV- XV ғғ.)- мұсылман елдерінің бұрын соңды өткен ақындары жырлаған «Жүсіп - Зылиқа» аңызын түрік тілінде дастан еткен. Оны 1409 ж. аяқтағаны белгілі. Дүрбек жөнінде басқа мәлімет жоқ. Сақақи (XV ғғ.)-Сырдария мен Амудария аралығын мекендеген ру-тайпалардан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдер жинағын шығарған. Сақақи өлеңдері көбіне дүние жайында және лирикалық болып келеді. Сонымен, Алтын Орда дәуірінде оның қол астында ру-тайпалардың улкен-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда аударма шығармалар да едәуір орын алды.
2.3. Алтын Орданың ыдырауы
1357 ж. таққа Жәнібек ханның баласы Бердібек отырады. Бердібек хан тұсында Алтын Орда тығырыққа тіріледі. Оның тұсында мемлекет жері Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказға дейін ғана болады. Сондай-ақ империяның ішінде өзара ұрыс, тартыс басталып кетеді. Осының кесірінен 1358 ж. ақсүйектер қолдауымен Алтын Орда тағынан екі үміткер шығады. Олар, Құлпа мен Наурыз болады. Үміткерлер өз атынан ақша бастырып шығарады[15; 214 б.].
1361 ж. Бердібек хан қайтыс болады. Бердібек ханның өлімінен кейінгі кезең, яғни 1360 жылдан 1380 жылға дейінгі 20 жыл Алтын Орда тарихында «Ұлы Бүлік» деген атқа ие.Осы жылдары империяда жиырмаға жуық хан ауысты. Таққа негізінен Жошы ханның төрт ұлы - Орда Ежен, Бату, Шайбани және Тоқа -Темірден тараған ұрпақтар таласқан. Осындай тартыстын арқасында Алтын Орда жеке бөліктерге айырыла бастады. Ең алдымен, Хорезм бөлінді, одан кейін кезек Қырым мен Еділ Бұлғариясына келді. Батыстағы жерлер, Русь Алтын Орда ықпалынан шығуға бет бұрды. Тіпті, Жайық пен Еділдің төменгі жағындағы жерлер де үнемі бір ханның билігінде болған жоқ. Осы кезеңде Ордадағы ең беделді адам Мамай түменбасы болатын. Тіпті, бүлік оның билікке келгенде басталған және оның қайтыс болғанда бітті деп айтуға да болады. «Ұлы Бүлік» кезінде ол хан тағына отырып, өзінің беделін орыс князьдіктерінде де арттыруға тырысыты. Ол үшін Мамай түменбасы орыс канязьдіктеріне жорықтар ұйымдастырды. Ең ірі және соңғы шайқас 1380 ж. Донның оң жағалауында болды. Деректер бойынша Мамайдың екі жүз мың әскері болды. Осы шайқас Мамайдың жеңілісімен аяқталды. Ал орыс әскерін басқарған князь Дмитрий Иванович Донской деген атқа ие болды. Осы жылы таққа Тоқтамыс хан отырады. Ең алдымен Мамайды жеңген соң, оған Астраханнан Бұлғарға дейінгі Еділ бойы ғана емес, Солтүстік Кавказ да, Еділ мен Қырымның батыс аймағы да түгел қарады. Алтын Орданың бұрынғы иеліктерінен Хорезм ғана шет қалды.Билік басына келген соң Тоқтамыс көрші елдермен және тәуелді князьдіктермен дипломатиялық қатынасты ретке келтіруге кіріседі. Орыс князьдікетрі оның билігін мойындау үшін ол Руське жорық ұйымдастырады[16; 298 б.]. Тоқтамыс хан 1382 ж. Мәскеуді алып, қайтадан салық төлеткізеді. Ал, 1383 ж. Хорезмде өз атынан ақша шығарады. Тоқтамыс хан кезінде, Әмір-Темір Алтын Ордаға екі рет күйрете соққы береді. Алғашқы соққы 1391 ж. Еділдің сол жағалауында Кундурша деген жерде өтеді. Жылнамашылар оны «Ұлы шайқас» деп атайды. Өйткені, бұл соғысқа екі жақтан да екі жүз мыңнан сарбаз қатысты. Осы соғыста Тоқтамыс қолы жеңіледі. Бірақ ол бас көтере алмастай болған жоқ. Әмір Темірден жеңіліс тапқан Тоқтамыс Алтын Орданы қайтадан қалпына келтіруге тырысты. Осы жылдары дала империясындағы оқиғалар тікелей Едіге түменбасының басшылығымен өрбіді. Сонымен қатар, XV ғ. Алтын Орда арқылы өтетін тауар түрлері азайып кетті. Бұл мемлекет ішіндегі болып жатқан билікке таластын кесірі еді. Енді билікке үшін талас Темір-Құтлұғ пен Тоқтамыс арасында болды.Нәтижесінде, Тоқтамыс хан Литваға қуғындалып, Темір-Құтлұғ хан тағына отырады. Бірнеше жылдан соң Тоқтамыс хан өмірден қайтады. Оның өлімі туралы нақты деректер сақталмаған. Ары қарай империяны Едіге би басқарады. Оның кезінде Алтын Орда ыдырау кезеңіне өтсе де, халық Едіге би империя тарихында өшпес із қалдырды. Едіге би 1419 ж. Тоқтамыстың Қадірберді деген ұлының қолынан өлді деген дерек бар. Едіге Алтын Орданың үлкен бөлігін аз ғана уақытқа болса да, өз қол астын бағындырған ең соңғы әмірші болды. Оның өлімінен кейін, елде ыдыраудың жаңа кезеңі басталды.Едіге, Мамай түменбасы сияқты өзі қойған хан атынан билік жүргізді. Жошы Ұлысын бұрынғы шекарасын қайтару мақсатында ол Батудың жолын қайталайды[17; 174 б.]. 1407 ж. Едігей Бұлғардға жорық ұйымдастырып, оны талқандайды. 1408 ж. Руське шабуыл жасайды. Ол бірнеше орыс қалаларын қиратып, Мәскеуді қоршауға алады. Бірақ, Мәскеуді жаулап ала алмайды. Өмірінің соңында Едіге Ордадағы беделін жоғалтады. Бұл оқиғалардан кейін Алтын Орда қалпына келе алмайды.осыған орай XV ғ. ол Ноғай Ордасына (XV ғ. басы), Қазан хандығына (1438 ж.), Қырым хандығына (1443 ж.), Астрахан хандығына (1459 ж.), Сібір хандығына (XV ғ. соңы) және тағы басқа хандықтарға бөлінеді.
XV ғ. басында Ақ Орда бірнеше ұлыстарға бөлініп кетеді. Олардың ең ірілері Ноғай Ордасы мен Өзбек хандығы болды. Ноғай Ордасы Еділ мен Урал арасындағы жерлерді алған. Негізінен Өзбек хандығы Қазақстанның жерлерін мекендеген. Ақырында, 1502 ж. Қырым ханы Алтын Орданың соңғы ханы Шахмат ханын жеңеді. Осы қақтығысты көтере алмай Алтын Орда тарих қойнынан кетеді
Достарыңызбен бөлісу: |