Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Дала тарихындағы елеулі із қалдырған Алтын Орда мемлекетінің ХІІІ ғ. – ХV ғ. ортасындағы тарихын саралап, Еуразия кеңістігіндегі этникалық үдерісін айқындау.
Жұмыстың міндеттері: Айқындалған мақсатқа байланысты мынадай міндеттер тобы орындалады:
-Алтын Орда мемлекетінің территориялық орналасуын айқындау және этникалық құрамына тоқталу;
-Алтын Орда мемлекетінің саяси тарихына шолу жасау;
-Алтын Орда халықтарының қалыптастырған мәдениетіне тоқталу арқылы өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
-Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себептерін қарастыру. Жұмыстың хронологиялық шегі:Алтын Орда мемлекетінің тарихы ХІІІ ғ. – ХV ғ. ортасын қамтыды. Осы кезең жұмысымыздың хронологиялық шегі болып табылады. Жұмыстың тәжірибиелік мәні:«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепте сабақ жүргізу;«Қазақстан тарихы» сабағынан СӨЖ, дәріс тәжірибелік сабақтарына дайындық жасағанда қолдану;Реферат, баяндама және жоғарғы курстарда курстық, дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.
Қолданылған әдістер: бұл рефераттық жұмыста сипаттау, синтездеу, тарихи-салыстырмалы, уақытнамалық, сұрыптау (анализдеу), кезеңдеу әдісітері қолданылды.
Мәселенің тарихнамасы: Алтын Орда тарихына көптеген ғалымдар қызығушылық танытып, өз еңбектерінде көптеген деректер қалдырып кеткен. Жалпы, Алтын Орда туралы көп зерттеген ғалым Федоров-Давыдов еңбектерін атауға болады. Атап айтқанда, Алтын Орда мәдениетінің күштілігі және Алтын Орда астаналары Сарай мен Жаңа Сарай ХІV ғ. дүниежүзінде әсем қалалардың бірі екендігін араб тарихшысы, саяхатшы Ибн Баттута былай дейді: «Әсем қалалардың бірі, тез көтерілген, адамдарға толы, базарлары әдемі және кең көшелері бар. Бір күні біз жылқымен қаланың бір шетінде тұрдық, азанда шығып, қаланың келесі шетіне жету үшін түс ауғанда жеттік. Бұның бәрі үйлерден қатарлап тұрғызылған, көшелерінде бос жерлер жоқ және бақтар да кездеспейді дейді. Қалада отыз мешіт бар, сонымен қатар тағы да кішігірім мешіттер де кездеседі. Онда көптеген халықтар тұрады: монғолдар, олардың көбі мұсылмандар, қыпшақтар, черкестер, русьтер, византиялар тұрады. Әрбір халық өз территориясында тұрады. Онда өздерінің базарлары, мешіттері бар. Саудагерлер болса бөлек тұрады. Көпестер Ирактан, Египеттен, Сириядан келгендер». (Тизенгаузен Смизо 1884. 306 б.)
Екінші бір араб жазушысы ХIV ғ. Әл-Омари Алтын Орда туралы өзінің құнды мәліметтерін қалдырып кеткен болатын. Әл-Омари бір дерегінде былай деген: «Сарай қаласы Берке ханның әмірімен Еділ өзенінің жағасында салынған. Сонымен қатар ол дуалы жоқ жазық жерде орналасқан. Келгендерге-үлкен сарай бар, оның үстінде алтын жаңа ай орналасқан. Сарайды дуалдар қоршап тұр, моншалар, үйлер орналасқан. Бұл өзен (Еділ) Нілдің көлеміндей, кейбір жерлері екі-үш есе үлкен болып келеді. Онды үлкен кемелер жүзіп, орыстарға, славяндарға барып тұрады. Бұл өзеннің бастауы Славян жерінде. Ол ұлы қала: өзінде базар, баня, мешіттер, тауар сақталатын жерлері бар болған. Ортасындағы көлщік осы өзеннен тартылған. Ондағы су тек жұмысқа арналған. Ішу үшін суды өзеннің өзінен алады».
«Искуство кочевников и Золотой Орды», «Культура и общественный быт золотоординских городов» және т.б. Федоров-Давыдовтың көптеген мақалалары Алтын Орданың мәдениеті мен қоғамдық ерекшеліктері Советская Археология журналында баяндалған.
Т.Омарбековтың «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» деген еңбегінде Алтын орданың тарихына жан-жақты тоқталып, құнды деректемелер келтірген[1; 146 б].
Ортағасырлық Қазақстан тарихының алғашқы кеңестік парадигмасын құруға Б.Греков пен А.Якубовскийдің 1937 ж. жарық көрген ғылыми монографиясы негіз болды. Осы ортағасырлық еңбекте мынадай деректер келтірілген: «Алтын Орда Жошы Ұлысы және Көк Ордамен біртекті»; «Қырым, Қазан (Б.Грековтың айтуы бойынша, бұл Бұлғар хандығы да) және Астрахан хандықтары Алтын Орданың мұрагерлері болып табылады».
Шоқан Уәлихановтың сөздері және оның шығармаларының редакторлары тарапынан білдірілген пікірлер аса көрнекі эпизод болып табылады. Мәселен, Ш.Уәлиханов: «Қырғыздар дәстүрлері бойыншга өздерін Алтын Орда татарларының ұрпақтарымыз деп санайды». Шоқан Уәлиханов дүниеден озғаннан бір ғасырдан аса уақыт өткен соң пікір білдірушілер: «Өздерін Алтын Орданың ұрпағы деп қазақтар емес, тек Шыңғыс ұрпақтарының әлеуметтік тобы ғана санайды»,- деп жазды.
Жұмыстың құрылымы: реферат кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан ( бірінші тарау екі бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.