Реферат тақырып: Ұйымның қадрлық саясаты


Персонал қызметі және оның жұмыс істеуіне қойылатын



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата07.12.2022
өлшемі226,3 Kb.
#55477
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кадрлық Саясат Реферат

Персонал қызметі және оның жұмыс істеуіне қойылатын 
негізгі талаптар
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық 
бөлім – кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа 
қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау 
функцияларын атқарады.
Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік 
зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері ашылады. Бірқатар 
ұйымдарда персоналды басқару бойынша директор 
орынбасарларының жетекшілігімен кадрлармен жұмыс істеуге 
қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері 
құрылады.
Басшы әрқашан әділ, таза болуы тиіс. Басшыға қажетті 
қасиеттер:
1) білімділік
2) өзіне сенімділік
3) ойлау қабілеті
4) адамдарды басқару қабілеті
5) батылдылық
6) көріктілік.
Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және 
ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге 
асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер 
арасындағы қатынастар.
Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын 
және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын 
жеке тұлға.
Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын 
заңды немесе жеке тұлға.


Персоналды басқарушы – бұл мамандандырылған менеджерлер 
тобы. Олардың негізгі мақсаты: персоналдың белсенділігін 
өнімді өндіруде тиімді қолдану. Сонымен қатар, кадрларды 
дамыту программаларын жасау және іске асыру. Негізгі 
міндеттері (еңбек ресурстарын басқарудың негізгі міндеттері) 
кәсіпорынның мақсатына жету үшін қызметкерлер қабілеттілігін 
тиімді пайдалану. Солай бола тұра, әр қызметкердің 
денсулығына, оның ұжымда және басқа әлеументтік ортада біріге 
жұмыс істеуіне көмек көрсетілуі.
Персоналды басқару жүйесінің тиімді қызмет етуіне персоналды 
басқару аспектілері де үлесін тигізеді.
Персоналды басқару аспектілері:
· техникалық – технологиялық аспект нақты өндірістің даму 
деңгейін, әсіресе ондағы қолданылатын техника мен 
технологиялардың, өндіріс жағдайларының ерекшеліктерін 
ескеру қажеттілігін ұйғарады;
· ұйымдастырушылық-экономикалық аспект жұмыскерлердің 
саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, 
жұмыс уақын пайдалану және т.б. сондай сиақты қызметтерді 
жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;
· құқықтық аспект персоналмен жұмыс істеуде еңбек 
заңдылықтарын сақтау мәселелерін қарастырады;
· әлеуметтік – психологиялық аспект персоналды басқаруда 
әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді, жұмыс істеу 
тәжірибесіне әр түрлі әлеуметтік және психологиялық 
процедураларды енгізуге байланысты мәселелерді қарастырады;
· педагогикалық аспект персоналдарды тәрбиелеу және оқытуға 
байланысты мәселелерді қарастырады.
Персоналды тиімді басқаруға – ұйымның иерархиялық 
құрылымы жатады. Оның әсер ету құралы – билік; адамдарды 
жоғарыдан қыспашылықпен басқару, қызметкерлерге делегирлеу 
процессін жүргізу. Бұл құрал – факторлардың байланысып, 
олардың артықшылығын, ұйымның экономикалық құрылымын 
анықтайды.
Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен 
қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар. Кәсіпорынның 
кадрлық қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған 


саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен 
қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет